Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тышқан, микрофон, құлаққалқа, дыбыс колонкалары

30 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
ШҚО, Аягөз қаласы,
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Инфооматика пәні мұғалімі Муратканова Перезат Муратовна

Пән аты: Информатика
Класс: 3
Сабақтың тақырыбы: Тышқан, микрофон, құлаққалқа, дыбыс колонкалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мультимедия құрылғыларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың тәрбиелікке, ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ игеру
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, слайдтары, дәптер

Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру.
Компьютер дегеніміз не?
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
Жүйелік блок дегеніміз не?
Монитор дегеніміз не?
Пернетақта қандай құрылғыға жатады?
А) шығару құрылғысы
Ә) жазу құрылғысы
Б) енгізу құрылғысы
Г) оқу құрылғысы
2. Пернетақтаның негізгі бөліктерін жаз:

3. Мына пернелердің атқаратын қызметі қандай?
Enter-
Esc-
Delete-
CapsLock –
Shift –
NumLock –
Бос орын

3) Жаңа тақырыпқа кіріспе
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру
“Тышқан тәрізді қол тетігі”пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады.
Тінтуір – манипулятор типті басқару құрылғысын Тінтуірді кілемшенің бетінде жылжыту тінтуір нұсқағышының экран бетінде жылжуымен үйлестірілген.
Оның пернетақтадан айырмашылығы, ол стандартты басқару құралы емес. Ол арнайы жүйелік бағдарлама – тінтуір драйверінің қолдауын қажет етеді.
Тінтуірдің екі түрі болады:
үш батырмалы, екі батырмалы.
Тінтуірдің көп қолданылатын батырмасы сол жақ батырмасы.
Тінтуірдің оң және сол жақ батырмаларын тез басуды шерту деп атайды.
Тінтуір құрылысына қарай үш түрлі болады.
Оптикалы-механикалық тінтуірдің ішінде резинамен қапталған, темір шаригі болады. Ол тінтуірдің дөңгелеуі керек. Кейбір беттерде ол дөңгелемей сырғанап кететін болғандықтан, мұндай тінтуірдің арнайы кілемшесі болады. Кілемше беті тұтқыр болып келеді де, шариктің сырғанап кетуіне жағдай туғызбайды.
Ал, оптикалық тінтуірде мұндай қозғалыс бөлігі жоқ. Бұл тінтуір айнадан өзге беттерде жұмыс жасай береді. Мұндай тінтуір үшін кілемшенің қажеті жоқ. Ол механикалық тінтуірге қарағанда қымбаттау, бірақ қазіргі уақытта көп қолданушылар осы тінтуірді қолданады.
Ал жұмыс жасауға провод кесел келтірсе, онда инфрақызыл тінтуірді қолдануға болады. Тек олардың батареясын ауыстырып отыру керек.

Мультимедиа құралдары, бұл адамға әр түрлі, өзі үшін табиғи орталарды: дыбысты, бейнені, графиканы, мәтінді, анимацияны және т.б. қолдана отырып, компьютермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін программалық және аппараттық құралдар кешені.
Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғылары - құлаққалқа, колонкалар жатады.
Дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы – микрофон.
Дыбысты жазу үшін микрофон, тыңдау үшін құлаққалқан (наушник) мен колонкалар болуы қажет. Егер компьютерде дыбыстық тақша орнатылған болса, ол Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін бірден жұмыс істейді.

5) Жаңа тақырыпты бекіту
Тінтуір дегеніміз не? Оның қызметі мен мүмкіндіктерін айтып бер.
Тінтуірдің пернетақтадан айырмашылығы не де?
Тінтуір батырмалар санына қарай неше бөлінеді?
Тінтуір құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
Аудио ақпаратты енгізуге арналған құрылғы ата –(микрофон)

Жұмбақ
Оларды компьютердің қосымша бөліктері деп атайды.
Олар ағалы-інілі.
Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді. (Колонкалар)

Тұра дыбыс колонкалар секілді.
Ағалы-інілі, сыбырлап та айқайлап та сөйлейді,
Бір адам ғана естейді. (Құлаққалқа)

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
7)Үйге тапсырма.
Тышқан, микрофон, құлаққалқа, дыбыс колонкалары…
13 032
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлер әлемінде
Компьютерлер әлемінде
Компьютер туралы ұғым беру. Үстелдік компьютерлердің негізгі құрылғыларын бір - бірінен ажырата білуге үйрету
Компьютер құрылғылары
Компьютер құрылғылары
Тақырып: Компьютер құрылғылары
Пернетақта
Пернетақта
Информатика пәні мұғалімі Садыкова Зульфира Навирдиновна
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А.К
Пернетақта
Пернетақта
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Жұма Лала Қабиболлақызы
Пернетақта
Пернетақта
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×