Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сызықтық массив

01 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Информатика
Пәні: ИНФОРМАТИКА
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық массив
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Q Basic бағдарламасындағы сызықтық массив жайында түсіндіре отырып, осы бағдарламада қолданылатын операторларды дұрыс пайдалана білуге үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, ойлау, қабылдай алушылық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын дамыту, білім, білік дағдысын қалыптастыру;
б) тәрбиелік:оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан бағалай алуға баулу, көпшілдікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
в) кәсіби: қазіргі заман талабына сай оқушылардың кәсіби мамандығында пайдаланатын Q Basic бағдарламасы жайында сауаттылығын арттыру.

Сабақтың түрі: лабораториялық сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Қолданылатын пед.технология: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы /ДСОТ/,
компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/;
Оқыту әдіс-тәсілдері: түсіндіре-баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, миға шабуыл
әдісі, ақпарат әдісі, көрнекілік әдісі;
Қолданылатын техникалық құралдар, көрнекілік: компьютер, проектор, слайд, таратпа лабораториялық жұмыстар нұсқасы, тапсырмалар, әдебиеттер
Пәнаралық байланыс: ағылшын, математика, геометрия, сызу
Қолданылатын әдебиеттер:
1. «Информатикадан 30 сабақ», Бөрібаев, Балапанов
2. «Информатика», М.Байжұманов, Л.Жапсарбаева
3. «Информатика негіздері», Г.Жапарова
4. «Есептеуіш техника негіздері», Н.Т.Ермеков

Оқыту нәтижесінде қалыптастырылатын:
білім: Q Basic бағдарламасында сызықтық массивпен есеп шығару жайында жаңа ақпарат
алады: жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
білік: оқушылар сызықтық массивтерді өз бетінше қолдана алады, сол сызықтық
массивтермен есеп шығаруға машықтанады;
дағды: Q Basic бағдарламасында сызықтық массивтерді пайдалану дағдысын меңгереді;

I. Қызығушылықты ояту, ынталандыру.
1. Ұйымдастыру жұмыстары.
а) сәлемдесіп, оқушылардың кабинеттегі орындарына ұқыпты орнығуын,
компьютер алдында артық заттың болмауын қадағалау;
б) журналға белгі соғу;
в) сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру;

2. Үй тапсырмасын тексеру, өткенге шолу жасау.
а) Бақылау сұрақтары:
1. Қайталану командалары дегеніміз не?
2. FOR операторы қандай қызмет атқарады?
3. WHILE операторы қандай қызмет атқарады?
4. REPEAT операторы қандай қызмет атқарады?
5. Қайталану операторлары қандай қызмет атқарады?
ә) дәптердегі үй тапсырмасын тексеру;

II. Жаңа мағынаны тану.
1. Сызықтық массив туралы жалпы түсінік.
BASIC тілінде бірыңғай шамаларды массивке біріктіруге болады. Жалпы аты бар бірыңғай элементтің реттелген жиыны массив болып табылады. Ол математикада вектор ұғымына ал мектептік алгоритмдік тілде сызықтық кестеге сәйкес келеді. Массивтің әрбір элементіне соңынан индексі келетін массивтің аты меншіктеледі. Сондықтан да массив элементтерін индексті айнымалылар деп те атайды.
Негізгі элементтеріне тоқталайық:
Массивтерді сипаттау үшін DIM операторы қолданылады.
DIM - өлшем деген мағынаны білдіреді.
SWAP - екі айнымалыны салыстырады.
READ – оқы.

2. Массивтерге байланысты мысалдар қарастыру.
Массивтерге байланысты бірнеше мысалдар келтірейік.
Мысалы: 1. Нақты 10 санынан құрылған массив элементтерінің арифметикалық ортасын есептеу:
10 REM
20 DIM X(10)
30 DATA 5,8,5,4,7,9,6,3,12,56
40 FOR I= 1 TO 10
50 READ X(I)
60 S=S+ X(I)
70 NEXT
80 S=S/10
90 PRINT “S=”;S
100 END
Бұл мысалда массив элементтерінің мәндері 30 жолдағы DATA операторына жазылған. Ол мәндер циклдің ішіндегі READ операторы арқылы меншіктеледі, цикл орындалып біткенде S айнымалысының мәні массив элементтерінің қосындысына тең болады, одан кейін ол қосынды 10-ға бөлініп арифметикалық ортасы табылады. Егер басқа массивтің арифметикалық ортасын есептеу керек болса, онда программаның 30-жолына қажетті сандар жазылады.

Мысалы: 2. Нақты n санынан құралған массивтегі ең үлкен элементті табу.
10 REM
20 INPUT N%
30 DIM A(N%)
40 FOR I% =1 TO N%
50 PRINT I%; “ЭЛЕМЕНТ ЕНГІЗ”
60 INPUT A (I%): NEXT
70 R=A(I)
80 FOR I% =2 O N%
90 IF R100 NEXT
11 PRINT “МАКС ЭЛЕМЕНТ=”;R
120 END
Бұл программадағы 50-жол пайдаланушы мен компьютер арасындағы диалогты қонымды түрде жүргізуге арналған. Программа орындалғанда экранға « 1-ші элементті енгіз»; « 2-ші элементті енгіз» ... т с с деген сөздер шығып отырады.
Екі өлшемді массивтерді матрицалар мен салыстыруға болады. Мұндай массивтерді сипаттағанда өлшемдерін екі индексі бойынша көрсету керек, басқаша айтқанда матрицаның жатық жолдары мен тік жолдарының санын көрсету керек.

IV. Ой толғаныс кезеңі.
1. Жаңа сабақты бекіту
Компьютерде жеке лабораториялық (деңгейлік тапсырма) орындау;

2. Қорытындылау. Білімді, бағалау.
Барлық оқушылар сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай және берілген деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты бағаланады;

3. Үйге тапсырма беру.
а) Сызықтық массивтің жазылу пішіні, блок – схемасы (оқып, зерттеу) (теориялық);
ә) Екі санның үлкенін табу программасын құру (практикалық);
б) Сызықтық массивке қатысты кез-келген 2 программа құрып келу
(шығармашылық).

Лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Сызық массив
Мақсаты:
 Массив жайында мағлұмат алу;
 Массивтерді пайдаланып есептер шығару;
 Сызықтық массивтермен жұмыс

BASIC тілінде бірыңғай шамаларды массивке біріктіруге болады. Жалпы аты бар бірыңғай элементтің реттелген жиыны массив болып табылады. Ол математикада вектор ұғымына ал мектептік алгоритмдік тілде сызықтық кестеге сәйкес келеді. Массивтің әрбір элементіне соңынан индексі келетін массивтің аты меншіктеледі. Сондықтан да массив элементтерін индексті айнымалылар деп те атайды.
А деңгей
Герон формуласын пайдаланып, үшбұрыштың ауданын табатын программа құрыңыз.
Үшбұрыш қабрғаларының мәнін 4см, 5см, 6см деп алыңыз және сол құрылған программаға берілген қабырғалар мәнін қою арқылы үшбұрыштың аудынын табыңыз. Таблған нәтижені қарапайым математикалық есептеу арқылы программаның дұрыстығын тексеріңіз.

В деңгей
CIRCLE операторының мүмкіндіктерін пайдаланып, шеңбер центрінің координаталарын, радиусын және кескін түсінің нөмірін беріп аққаланың бейнесін суреттейтін программа құрыңыз.

С деңгей
Бізге келесі сандар белгілі болсын: 11, 21, 54, 45, 78, 23, 46, 17, 15, 40;
Осы берілген сандардың арифметикалық ортасын және ең үлкен, яғни максималды мәнін табатын программа құрыңыз.

Өз бетінше орындайтын тапсырмалар:
1) А(15) массивінің арифметикалық ортасын есептейтін программа құрыңыздар.
2) Х(8) массивінің арифметикалық ортасын есептейтін программа құрыңыздар.
3) А(8) массив элементтерінің кему реті бойынша
есептейтін программа құрыңыздар
4) У(21) массив элементтерінің кему реті бойынша
есептейтін программа құрыңыздар
5) Нақты Y=[1:N3] кестенің элементтерін екі еселейтін программа құрыңыздар
6) Нақты сандардан тұратын А[1:15] кестесі берілген осы кестенің барлық элементтерінің арифметикалық ортасынан үлкен болатын элементтерінің санын табыңыздар.
7) А[1:к] сызықтық кестеге енетін барлық оң сандарының қосындысын анықтайтын программа құрыңыздар
8) А(15) массивінің кему реті бойынша реттейтін программа құрыңыздар.
7 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару)
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару)
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Акенева Асем Жумагалиевна
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Бидайық ауылы, Бидайық орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нурланова Риза Мучурбековна
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін қорытындылау сабағы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін қорытындылау сабағы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі: Сулекеева Гульзира Каппасовна
Массив (жиым)
Массив (жиым)
Информатика пәні мұғалімі Бектлеуова Алмагуль
Timer - таймер
Timer - таймер
Сыныбы 10 сынып Пән мұғалімі: Калиева Эльмира Жилкамановна
Массив (жиым)
Массив (жиым)
Пәні: Информатика Сыныбы: 9 сынып Пән мұғалімі: Қалиева Э. Ж.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×