Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Алтын сақа» ұлттық ойыны

02 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Коспанова Света Айткуловна


«Ақпарат және информатика» тақырыбы бойынша қайталау. 8 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» ұлттық ойыны
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік : ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған теориялық білімдерін нығайту, оны практикалық тапсырмалармен ұштастыру арқылы тиянақтау, бір жүйеге түсіру, білімдерін шыңдау.
2. Тәрбиелік: Халықтық педагогика негізінде оқушыларды әдептілікке, сабырлыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қасиеттерін, жан – жақты ізденімпаздығын, белсенділігін, қызығушылығын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын элементі, топтық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, тест тапсырмалары.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, қоржындар, асықтар.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сабақта жоқ оқушыны белгілеу, класс бөлмесінің тазалығын тексеру, назарларын жаңа сабаққа аудару, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, сайыстың ережелерімен таныстыру.
- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз «Алтын сақа» деп аталатын ұлттық ойынның ережесін негізге ала отырып, «Ақпарат және информатика» тақырыбы бойынша алған білімдерімізді пысықтап, жарысамыз.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1. Табалдырық
2. Әудемжер
3. Қозыкөш
4. Беласар
5. Жолайырық

ІІ. Жаңа сабақ.
1) Табалдырық. (Бұл кезеңде «Ақпарат және информатика» тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай, яғни 1 сақа беріледі. Сақа дұрыс жауап берген топтың қоржынына салынады.)
1. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат – қоршаған орта мен ондағы болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер
2. Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?
Ақпараттық процестер дегеніміз – ақпарат сақтау, беру және оны өңдеу.
3. Ақпарат қандай қасиеттерге ие болу тиіс?
Ақпарат пайдалы, толық, объективті, жаңа болу керек.
4. Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады? (Хабардың ақпараттық көлемі неге тең?)
Хабардың ақпараттық көлемі хабардағы символдар санына тең.
5. Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?
Бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт
6. Ақпаратты кодтау дегеніміз не?
Ақпаратты кодтау дегеніміз – қандай да бір алфавит арқылы ақпаратты кескіндеу.
7. Адам ақпаратты қалай алады?
Көру, есту, дәм сезу, сипап сезу т.с.с.
8. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал? ( Компьютер )
9. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым? (Информатика)
10. Ақпарат алмасу желісі? (Ғаламтор)
2) Әудем жер. (Бұл кезеңде екі топқа арнайы кеспе қағаздар таратылады. Оқушылар термин сөзді табулары қажет. Ол үшін кеспе қағаздағы сұрақтарға дұрыс жауап берулері тиіс, дұрыс жауаптардың арнайы ерекшеленген әріптерін құрастырып, термин сөзді таба алады. Сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай, дұрыс термин сөзге 2 ұпай)
1-топ «Шаңырақ»
№ 1 кеспе қағаз.
Дискідегі ақпаратты оқуға, көшіруге арналған құрылғы қалай аталады?
Жауап: дисковод (1-ші әріп)
№ 2 кеспе қағаз.
Ақпаратты қағазға басуға арналған құрылғы қалай аталады?
Жауап: принтер (3-ші, 5-ші әріптер)
№ 3 кеспе қағаз.
Интернет желісінде Web-беттерге саяхаттауға арналған арнайы бағдарлама қалай аталады?
Жауап: Браузер (6-шы әріп)
№ 4 кеспе қағаз.
Ақпаратты өңдеуге арналған ЭВМ – нің негізгі құрылғысы қалай аталады?
Жауап: процессор (6-шы әріп)
№ 5 кеспе қағаз.
Компьютердің әр түрлі типтегі ақпараттарын оқуға, енгізуге арналған құрылғы қалай аталады?
Жауап: сканер (2-ші әріп)
Дұрыс термин сөз: Дискет

2-топ «Домбыра»
№ 1 кеспе қағаз.
Дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы қалай аталады?
Жауап: Микрофон (1-ші әріп)
№ 2 кеспе қағаз.
Жойылған құжаттарды уақытша сақтайтын орын не деп аталады?
Жауап: қоржын (2-ші әріп)
№ 3 кеспе қағаз.
Дүние жүзілік ғаламтор не деп аталады?
Жауап: интернет (2-ші, 1-ші, 3-ші әріп)
№ 4 кеспе қағаз.
Желілік торапты байланыстырушы құрылғы қалай аталады?
Жауап: модем (2-ші әріп)
№ 5 кеспе қағаз.
Ақпаратты өңдеуге арналған ЭВМ – ның негізгі құрылғысы қалай аталды?
Жауап: процессор (2-ші әріп)
Дұрыс термин сөз: монитор

3. Қозыкөш. (Бұл кезеңде оқушыларға «Компьютердің арифметикалық, логикалық негіздері» тақырыбы бойынша есептер беріледі. Дұрыс шығарылған есепке 1 ұпай яғни 1 сақа беріледі)

1-топ «Шаңырақ»
3.1 – тапсырма: Сандарды ондық санау жүйесіне аударыңдар
111001012 =27+26+25+22+20=128+64+32+4+1=229
3.2 – тапсырма: Пайымдауы бар ұяшықты жасыл түспен, ал пайымдауы жоқ ұяшықты қызыл түспен бояңдар.

Сатурн – Күннің серігі Иіссабын мен жұмсақ орамал жасасын! Егер мен онда барсам, қайтып келе аламын ба?
Сендер театрда болдыңдар ма? Кей адамдардың көзі көк болады. Шығарда шамды сөндіріңдер!

2-топ «Домбыра»
3.1-тапсырма: Сандарды ондық санау жүйесіне аударыңдар
111001002=27+26+25+22=128+64+32+4=228
3.2-тапсырма? Пайымдауы бар ұяшықты жасыл түспен, ал пайымдауы жоқ ұяшықты қызыл түспен бояңдар.

Біздің мектептегі қыз балалардың бәрі гимнастиканы жақсы көреді Маған су әкеліп беріңдерші Кезекші тақтаны сүрт!
Мен ертең мұз айдынына бармаймын. Тамақ ішер алдында қолдарыңды жуыңдар! Егер жаңбыр жаусы, онда біз саңырау құлақ теруге барамыз.

4. Беласар. (Бұл кезеңде оқушылар интерактивті тақтада тұрған сөз жұмбақты шешулері керек. Сұрақтар «Операциялық жүйелер» тақырыбы бойынша қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай, яғни 1 сақа беріледі.)
1) Арнайы құрылғы, ол арқылы сыртқы құрылғы ақпараттық кеңарнаға қосылады.
2) Архиваторлар программаның қай типіне жатады?
3) Басқару панелі (настройка) қапшығын ашу үшін: Іске қосу - .....
4) Файлдарды жинап, сақтайтын объект
5) Пайдаланушының компьютермен қарым – қатынасы не деп аталады?
6) Басқа программаларды зақымдау қабілеті бар арнайы программалар
7) Жеке аты бар жазбалар мен деректердің реттелген жинағы
8) Мәтіндік, графикалық редакторлар программалық қамтамасыз етудің қай типіне жатады?
9) Компьютердің құрамына кіретін әр түрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программа

А д а п т е р
ж ү й е л і к
б а п т а у
қ а п ш ы қ
и н т е р ф е й с

в и р у с
ф а й л
қ о л д а н б а л ы
д р а й в е р

5) Жолайрық. ( Бұл кезеңде екі топ компьютерде отырып тест тапсырмалаын орындайды. Ұпай саны әр топтағы оқушылардың алған бағаларының қосындысы негізінде анықталады. Ең көп ұпай жинаған топқа 1 сақа беріледі.)
1. Екілік санның бір разряды қанша ақпарат мөлшерін қамтиды?
А) 1 бит В) 2 бит С) 5 бит
2.Бір байт нешеге тең?
А) 1024 Кбайт в) 1000 Кбайт с) 8 бит
3. Санның цифрына бөлінетін позицияны ата?
А) Санау жүйесі В) разряд с) екілік сан
4. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдауды ата?
А) логика В) пікір С) терістеу
5.Ірі ұйымдар мен халық шаруашылығы салаларына қызмет көрсету үшін қолданылатын қуатты компьютерлер.
А) Мини – ЭЕМ В) үлкен – ЭЕМ с) Микро – ЭЕМ
6. Операциялық жүйелердің жіктелуі нешеге бөлінеді?
А) 2 В) 3 С) 4
7. Win Zip, Win Rar қандай программа?
А) вирус В) файл с) архиватор

ІІІ. Сабақты қорытындылау:
Жеңіске жеткен топ алтын сақамен және мақтау қағазымен марапатталады.
ІV. Үйге тапсырма беру: Өткенді қайталау.
V. Оқушылар білімін бағалау
VI. Сабақты аяқтау.
5 185
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атом ядросының физикасы тарауын қайталау
Атом ядросының физикасы тарауын қайталау
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту теориялық білімін практикамен ұштастыру
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің математика пәнінің оқытушысы Тажигулова Сауле Кумаровна
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің математика пәні мұғалімі Жанибекова Алия
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Пернетақта
Пернетақта
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Көсемше
Көсемше
Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Бейбарыс селосы, Чкалов атындағы орта мектебі Мемлекеттік тіл пәнінің мұғалімі Есениязова Жанат Какимқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×