Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Microsort Word мәтіндік процессоры

03 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Зинеден селосы,
Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Рахимова Назгүл Қыдырқызы


Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік процессоры.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды MS WORD мәтіндік процессорымен таныстыру. Редакторды құрайтын терезелерді қарастырып, мәтіндік редакторды жүктеуді және одан шығаруды үйрету.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер оқулық, практикум.

Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру. «Ой қозғау»
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1 Растрлық кескіндер дегеніміз не?
2 Пиксель дегеніміз не?
3 Векторлық графика деген не?
4 Векторлық графиканың негізгі объектілерін атаңдар.
5 Растрлық графиканың негізгі объектілерін атаңдар.
6 Paint атап шық?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:
1 Негізгі мәзірден Іске қосу – Программалар - Microsoft Office - Microsoft Word командаларын орындау арқылы
2 Жұмыс үстеліндегі таңбашасымен;
3 Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен.

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
1 Файл – Шығу командаларын таңдау;
2 Alt+F4 батырмалар комбинациясын басу арқылы;
3 Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шерту.
Жаңа құжат құру - Файл-Создать.
Бұрыннан бар құжатты ашу: Файл- Открыть;
Құжатты сақтау - Файл-Сохранить немесе Файл - Сохранить как командаларын орындау қажет.

Жаңа құжат құру терезесі
Құжат ашу терезесі
Құжат сақтау терезесі

Меңзердің сол жағындағы мәтінді өшіру үшін Backspace батырмасын қолданады. Delete батырмасын қолданғанда меңзердің оң жағында орналасқан мәтін өшіріледі. Мәтіндік редокторларда мәтіннің бүтін блоктарын да өшіруге болады. Ол үшін алдымен жоюға тиіс блокты белгілеу керек. Маусттың батырмасын блоктың басында шертіңдер де оны жібермей нұсқағышты блоктың аяғына жылжытыңдар. Немесе Shift батырмасын басулы қалпында ұстап меңзерді басқару батырмасында шертіңдер. Мәтінді белгілегеннен кейін Delete пернесін басыңдар.
Word құжаты бетімен орын ауыстыруды басқару үшін арнайы пернелер комбинациялары қолданылады. Кестеде құжат бетімен орын ауыстыруды жылдамдату үшін қолданылатын пернелер комбинациясы көрсетілген.
Сонымен қатар құжат бойынша орын ауыстыру үшін сырғытпаны немесе айналдыру жолақтарын қолдануға болады.
Егер айналдыру жолағындағы сырғытпада шертіп оны босатпай жылжытса онда мәтін белгілі бір арақашықтыққа дейін жылжиды.

Word-та жұмыс істеудің негізгі кезеңдері
● Құжат құру;
● Мәтін енгізу
● Мәтінді редакциялау;
● Мәтінді бағалау;
● Мәтінді пішімдеу
● Құжатты сақтау
● Құжатты басып шығару
IV. Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма MS Word –пен танысу.
♦ MS Word мәтіндік процессорды таныс әдістердің бірін пайдаланып ашыңыз.
♦ Құрал-саймандар тақтасындағы Стандартты, Пішімдеу белгілерін қараңыз, ол үшін оларға тышқан сілтемесін әкелсе жеткілікті.
♦ Анықтама мәзірінен стандартты құрал-саймандар тақтасының әрбір пункті бойынша процессорын табыңыз.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Word мәтіндік процессорды қалай іске қосу болады?
2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады? Ал пішімдеу тақтасына ше?
3. Жаңа Word құжаты қалай құрылады?
V. Үйге тапсырма беру. 7-тарау. §17 MS WORD мәтіндік процессоры.
VI. Оқушыларды бағалау.
14 352
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
Microsoft Word - ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру
Microsoft Word - ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Microsoft Word мәтіндік редакторы
Microsoft Word мәтіндік редакторы
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Андас батыр ауылы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі: Абдуллаева Сымбат Жайылханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×