Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кесте элементтері Жол. Баған. Ұяшық

04 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының
информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы.
Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға кесте элементтері: жол, баған, ұяшық туралы түсіндіру
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Кесте элементтерін үйрету арқылы оқушылардың логикалық - құрылымдық және ақпараттық ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру
Пән аралық байланыс: сурет, орыс тілі, қазақ тілі
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық (берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады)
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірмелі-көрнекі, репродуктивтік, ізденіс.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың көрнекіліктері:
1. Оқу құралдары
2. Компьютер
3. MS EXCEL бағдарламасы
4. Кесте
5. Электрондық кесте
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Оқулық-8 сынып
2. Электронды оқулық-8 сынып
3. Интернет көздерінен
4. www.google.kz

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. /2-мин/
«Бірінші төрттік»- Компьютердің алдындағы жұмыс дәптерін бірінші болып толтырған
төрт оқушыға жылдам орындағаны үшін жауап парағына “+” белгішесі қойылады
а/ ұжымдық әрекет;
ә/ санитарлық-гигиеналық әрекет;
б/ ҚТЕ сақтау әрекеті;
в/ жұмыс дәптерін толтыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. /10-мин/
1. Баған мен жолдардың қиылысуынан нелер пайда болады?
2. Сызықтық кесте дегеніміз не?
3. Кесте дегеніміз не?
4. Электрондық кестедегі формула?
5. Жол дегеніміз не?
6. Тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не?
7. Ұяшық дегеніміз не?
8. Электрондық кесте дегеніміз не?
9. Microsoft EXCEL қандай программа?
10. Баған дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе. 3-мин/
Оқушыларға кесте дегенде нені түсінеміз, кестенің бірнеше түрлері болуы мүмкін бе? - деген сұрақтарды қойып, кесте туралы өмірде кездесетін мысалдар келтіру арқылы жаңа тақырыпты ашу.

VІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. /14-мин/
(электронды оқулық арқылы жаңа сабақты түсіндіремін)

V. Сабақты бекіту. /7-мин/
"ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС"
Оқулықтағы 8.1-тапсырманы барлығымыз бірдей орындаймыз. 98-бет (3 минут уақыт)
1. Белгілі әдістердің бірін қолданып, Microsoft Excel бағдарламасын іске қосамыз.
2. Кестенің С бағанында және 4 жолында тұрған ұяшықты белгілеңіз.
3. А16, F3 ұяшығын белгілеңіз.
4. Басы А1 ұяшығы және соңы D5 ұяшығы болатын аумақты белгілеңіз.
5. 2-парақты (Лист 2 парағын) шертіп, №2 параққа ауысыңыз, №3 параққа ауысыңыз, №1 параққа қайтып оралыңыз.
6. Microsoft Excel бағдарламасын жабыңыз.

VІ. Қорытындылау. /5-мин/
"Шығармашыл оқушы" (8 минут уақыт)
1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.
2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.
3-компьютер: Оқушылардың отырған орындарына байланысты кесте толтыр.
4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.
5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.
6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.
7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.
8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.
9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.
10-компьютер:Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің тізімін жазып, кесте толтыр.
11-компьютер: Мектепке қажетті заттар бойынша кесте толтыр.

Жұмыс үстелінде орналасқан "Exсel- тест-8" атты электронды тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Алған бағаңызды мұғалімге ескертіңіз. (4 минут уақыт)

VІІ. Бағалау. /2-мин/
VІІІ. Үйге тапсырма. /2-мин/
§8.1 MS EXCEL-мен танысу. 92-бет
§8.2 MS EXCEL-ге берілгендерді енгізу және редакциялау. 98-бет
Жанұямыздағы жандардың тізімін қосымша жұмыс дәптерімізге кесте толтыру арқылы жазып келу. Толтырылған кестені келесі практикалық сабақта компьютерде орындау.
19 254
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Электронды кесте элементтерін пішімдеу
Электронды кесте элементтерін пішімдеу
Электронды кестеде элементтерін форматтауды біледі, кесте мәліметтеріне сай күрделі тапсырмаларды орындайды.
Кесте. Кестелер құру, кестелерді редакциялау
Кесте. Кестелер құру, кестелерді редакциялау
Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы, С.Жаңғабылов атындағы орта мектептің информатика пәнім мұғалімі Игишева Римма
Кестелермен жұмыс. Ұяшықты біріктіру, бөліктерге бөлу
Кестелермен жұмыс. Ұяшықты біріктіру, бөліктерге бөлу
ШҚО, Абай ауданы, «Көкбай атындағы орта мектебі»КММ информатика пән мұғалімі Мұқажанова Жанар Тоқтарғалиқызы
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы СЫНЫБЫ: 8 Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кесте элементтері:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×