Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпараттық модельдеу

05 тамыз 2016, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық модельдеу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ақпараттық модельдеу, модельдеуді сипаттау әдістері, модельдің қасиеттері жайлы жалпы түсінік беру.
2. Оқушыларды ақпараттық модель мен материалдық модель ажырата білуге дағдыландыру, олардың түрлерін таныстыру.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: біліктілікпен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы. Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайд, тірек – сызбалар, тест, компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыыру кезеңі.
ІІ. Оқушыларды психологиялық дайындау.
ІІІ. Сабақтың ұстанымы. «Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Білім жанып тұрған шырақ» (мақал)

ІV. Үй тапсырмасын тексеру: Сызықтық алгоритмдер.

V. Жаңа сабаққа дайындық жүргізу: (6 сыныпта өтілген тақырыпты еске түсіру). Модель дегеніміз не?
Нақты нысандарды зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз. Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, макеттер, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі.

VІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Модельдің түрлерін екі үлкен кклассқа бөлуге болады: материалдық және ақпараттық.
Материалдық модель – модельдеу нысанның маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат.
Ақпараттық модель - модельдеу нысанын қандай да бір тілде сипаттайды.
Слайдтан «дәптер» нысанның қасиеттерін көрсету.
Ақпараттық модельдерді сипаттау әдістерімен таныстыру.
Сұлбаға анықтама беру. Сұлба – сызықтармен қосылған ішінде жазулары бар фигуралардан тұрады. Граф – сызықтармен қосылған ұштардан тұратын графикалық нысан. Графтарды нысандар арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылады.

VІІ. Жаңа тақырыпты бекіту. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
1. Барлық модельдер қандай екі үлкен класка бөлінеді?
2. Материалдық (заттық) модельдерге мысалдар келтіріңдер.
3. Ақпараттық модель дегеніміз не?
4. Қандай модельдер ақпараттыққа, ал қандай материал материалдыққа жататынын анықтаңдар: әлем картасы, эвакуация жоспары, үстел сұлбасы, үстел сұлбасы, ғимарат макеті, автокөлік моделі.

VІІІ. Компьютерлік тәжірибелік жұмыс жүргізу.
ІХ. Үйге тапсырма беру. § 17 оқып келу, сұрақтарға дайындалу, түйінді жаттау.
Х. Оқушылардың білімін бағалау.
9 598
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Модельдің түрлері. Модельдеуге тәжірибелік жұмыс
Модельдің түрлері. Модельдеуге тәжірибелік жұмыс
модельдің түрлерімен танысады. ақпараттық модель, компьютерлік модель түсінігін біледі. нысанды зерттеу сызбасын және модельді жіктеуді орындайды
Модельдер. Ақпараттық модельдеу. Компьютерде модельдерді зерттеу.
Модельдер. Ақпараттық модельдеу. Компьютерде модельдерді зерттеу.
Модельдеу түрлерін жаңа технологиялық ақпаратты қолдана отырып, ақпараттық модельмен жұмысты бейнелеп көрсету
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарға. Модельдеудің негізгі түрлерімен таныстыру және сипаттама беру; Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін
Апараттық модельдеу
Апараттық модельдеу
Модельдің түрлерін екі үлкен классқа бөлуге болады: материалдық және ақпараттық. Материалдық модель – модельдеу нысанның маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат.
Модель түрлері
Модель түрлері
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында № 10 орта мектепте информатика пәні мұғалімі Жакипова Анар Тойшибековна
Модель және модельдеу
Модель және модельдеу
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×