Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Вирустердің түрлері

07 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: «Вирустардың түрлері»
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:
♦ Күнделікті тақырып бойынша түсіндіру, мағлұмат беру, ұғындыру, үйрету;
♦ Оқушының жаңаша ұғымын белгілі дәрежеде қалыптастыру;
♦ Алған білімін жүйелеп, қорытындылауға үйрету;
♦ Оқушыларды іске өздері баға беруге; талдауға үйрету;
♦ Білгеннен дұрыс қорытынды жасауға баулу;
ә) Дамытушылық
♦ (ойлау қабілетін дамыту) құбылыстардың қасиеттерін және өзара байланысын айыра білуге,оқылып отырылған материалдарды жоспарлай білуге,заттың құрылысы мен жұмыс істеу принципін ажырата білуге теориялық білімін практикада пайдалана білуге үйрету
♦ Оқу қабілетін дамыту(оқуға, жазуға, есептеуге, сызуға, конспект жазуға үйрету, сабаққа жайындалуда жинақтылықты, оқудың қажетті тәсілдерін қолдана білуге, есте сақтауға дағдыландыру);
♦ Ойлау қабілетін дамыту;
♦ Теориялық білімді практикада білуге үйрету;
б) Тәрбиелік
♦ Еңбекке тәрбиелеу (қоғам байлығын молайту жолында еңбек ынтасын арттыру, еңбекті құрметтеуге, өз мамандығын сүюге, тапсырманы дер кезінде, сапалы орындауға машықтандыру)
♦ Білімге. Құштарлыққа тәрбиелеу (білімнің қажеттілігін ұғындыру, оның мазмұнының терең түсінуге құштарлығын қалыптастыру, құбылыстарға өздігінше баға беруге қабілетін қалыптастыру)
Сабақтың түрі: теория
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру,
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойлау-толғау, жаңа білімді меңгеру
Көрнекілігі: карточкалар, плакаттар, ДЭЕМ, интерактивті тақта
Ұйымдастыру жұмысы
• Оқушыларды сабаққа жұмылдыру-3мин.
• Оқытушымен оқушылардың бір-бірімен сәлемдесуі;
• Жоқ оқушыны есепке алу
• Оқушылардың сыртқы бейнесі,дәрісхананың тазалығы;
• Оқушылардың жұмысқа дайындығы,жұмыс орнының реті;

1.Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білімін тексеру
• Білімді берік,тиянақты игеруіне үй тапсырмасының орындалу-20мин.
• Үйге берілген тапсырманы қалай орындады;
• Оқушы біліміндегі кемшіліктерді саралау;
• Жою жолдары;

Сұрақтар:
1. Вирустардың классификациясын ата?
2. Операциялық жүйедегі қысу жолдары дегеніміз не?
3. Вирустардың таралу жолдарын ата?

Өткен тақырып бойынша сұрауды қорытындылау.
Жаңа тақырыпты хабарлау.
Сабақтың мақсатын қою.

2-жаңа сабақты:ауызша баяндау арқылы түсіндіру-50мин.
Жаңа оқу материалын баяндау.

I кезең.Қызығушылығын ояту – сабақты бастамас бұрын жаңа тақырыпқа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың жаңа тақырыпқа байланыста ойын білу.
Тақырыптың мазмұны:
1. Вирустардың орналасқан орындарына қарай бөлінуі
2. Вирустардың орналасып алған орындарын бүлдіру тәсіліне қарай бөлінуі
3. Кері құрылымдық мүмкіндіктеріне қарай бөлінуі
4. Вирус алгоритмдерінің ерекшеліктеріне қарай бөлінуі

II кезең. Мағынаны тану.
Жаңа сабақты ауызша баяндау арқылы түсіндіру
Оқушылардың алған білімін есте бекіту, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіру.

III кезең. Ой толғаныс.
Жаңа сабақты бекіту,қорыту-5 мин.
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту;
Талдау ұғымдарын бекіту,сұрақ қою.

1. Вирустардың деструктивті мүмкіндіктері
2. Резидентті және резиденті емес вирустардың айырмашылығы
3. Микро-вирустар, құрттар, празиттік вирустардың таралуы

3 –Сабақты бекіту
Пысықтау,бекіту сұрақтар
Оқушыларға вирустардың ерекшеліктерін, бүлдіру тәсілдерін, мүмкіндіктерін түсіндіру

4-Сабақты қорытындылау.
Компьютерлік вирустар – өзінен-өзі көбейіп, компьютерлік жүйедегі және желідегі әр түрлі объектілерге залалын тигізуге бейім программалар. Вирустар компьютермен жұмыс істеу кезінде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауына әсер етеді. Кейбір вирустардың таралу әсерінен программалардың жойылуы, мәліметтердің немесе жадтың жүйелік аймақтарында жазылған ақпараттардың өшіп қалуы сияқты қолайсыз жағдайлар кездесіп отырады. Осыларды болдырмас үшін вирустерге қарсы күресетін программалар қолданылады.

5-Бағалау.
Оқушылардың білімін бағалау.

6 –Үй тапсырмасы
Үй тапсырманы беру-2 мин.
Вирустардың бүлдіру тәсілдері. Вирустерге қарсы күресетін программа түрлері.

Вирустердің түрлері
Компьютерлік вирустар дегеніміз – өзінен-өзі көбейіп, компьютерлік жүйедегі және желідегі әр түрлі объектілерге залалын тигізуге бейім программалар.
Вирустарды төменде көрсетілген белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлуге болады.
1. Вирустардың орналасқан орындарына қарай;
2. Вирустардың орналасып алған орындарын бүлдіру тәсіліне қарай;
3. Кері құрылымдық мүмкіндіктеріне (әрекеттеріне) қарай;
4. Вирус алгоритмдерінің ерекшеліктеріне қарай;
Вирустар орналасқан орындарына қарай:
1. желілік
2. файлдық
3. жүктелетін болып бөлінеді.

Желілік вирустар - компьютерлік желі арқылы тарайды
Файлдық вирустар орындалатын файлдар ақылы таралады.
Жүктелетін вирустар дискінің жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердің жүйелік жүктелуін құрайтын секторына (Master Boot Record) арқылы таралады. Файлдық-жүктелетін вирустар да кездеседі, олар файлдарды да, дискінің жүктелу секторларын да бүлдіреді. Мұндай вирустар зиянкестігі күрделі алгоритмдермен орындалып, олардың жүйеге ену әрекеті астарлы тәсілдерді пайдаланады.
Вирустар бүлдіру тәсілдеріне қарай:
1. Резидентті
2. Резидентті емес болып екіге бөлінеді.
Вирус жұққан программа іске қосылғанда, резидентті вирустың көшірмесі компьютердің жедел жадында жазылып қалады да, олар операциялық жүйеде жұмыс жасаған программаға жұғады. Резидентті вирустар компьютердің жедел жадына орын алып тұрады да, компьютер істен шығарылғанда немесе қайта қосылғанға дейін «өз жұмысын» атқарады.
Резидентті емес вирустар компьютердің жадында орналаспайды және олардың жұмыс істеу уақыты шектеулі болып келеді. Ал, кейбір жедел жадқа орналасқан резидентті вирус түрлері өзінің зиянкестік әрекеттерін таратпайды. Мұндай вирустарды да резидентті емес деп есептеуге болады.
Вирустардың деструктивті мүмкіндіктеріне қарай, яғни олардың атқаратын іс-әрекеттеріне байланысты оларды мынадай топтарға бөлуге болады.
1. Зиянсыз вирустар - компьютер жұмысына ешқандай залалын тигізбейді. (оның тарау нәтижесінде тек дискінің бос жады кемиді.)
2. Қауіпсіз вирустар - әсері дискідегі бос орынның азаюмен және графикалық, дыбыстық зияндық әрекеттер туғызады.
3. Өте қауіпті вирустар - әсерінен көптеген программалар, мәліметтер, жедел жадтың жүйелік аймақтарына жазылған компьютер жұмысына қажетті ақпараттар жойылып кетеді.

Вирус алгоритмдерінің ерекшеліктеріне қарай оларды мынадай топтарға бөлуге болады.
1. Компаньон вирустар –файлдарды өзгертпейтін вирустар, бірақ олар осы атқаратын ЕХЕ. файлға ұқсас заты СОМ. болып келетін файлдар жасап шығарады. Мысалы: ХСОРУ. ЕХЕ файлы үшін ХСОРУ.СОМ атты тағы бір файл пайда болады.Вирус осы СОМ файлға жазылады да, ЕХЕ файл торындалады.
2. Құрттар – компьютерлік желі арқылы таралатын және компаньон вирустар сияқты файлдарды, дискідегі секторларды өзгертпейтін вирустар. Бұл желі арқылы компьютердің жадына орнығып алады да, басқа компьютерлердің желілік адрестері бойынша өз көшірмелерін таратады. Кейбір жағдайларда мұндай вирустар дискілер жүйесінде жұмыс файлын құрып алғанымен олар компьютер жадынан өзге ресурстарды пайдаланбайды. Әзірге компьютер желілерінде мұндай вирустар тарай қойған жоқ.
3. «Паразиттік» топқа кіретін вирустардың әсері тиген дискілік секторлар мен файлдар өзгеріп кетеді. Құрт немесе компаньон вирустарға жатпайтын басқа вирустар паразиттік топқа кіреді.
4. «Студенттік» вирустарға болар-болмас әсер ететін резидентті емес, қателер саны өте көп вирустар тобы кіреді.
5. «Стелс» вирустарды дамыған программалар тобына жатады, зақымданған файлдар өңделуге тиіс сәттерде олардың орнына мәліметтердің ауру жұқпаған бөліктерін орналастырып, оларды да зақымдай бастайды. Оның үстіне бұл вирустың жұғу алгоритмі күрделі, әрі жоғарғы деңгейде болғандықтан антивирустық программаларға оларды тауып зақымсыздандыру оңай емес.
6. «Полиморфик» вирустар өте қиын табылатын вирустар тобына жатады. Көп жағдайларда бір полиморфик-вирустың екі түрлі бейнесі бір-біріне сәйкес келмейді.
7. «Микро-вирустар» мәліметтерді өңдеу жүйелеріне ендірілген макротілдердің мүмкіндіктерін пайдаланатын вирустар тобына жатады. Қазіргі кезде Microsoft Word редакторының құжаттарын бүлдіретін макровирустар көп тараған.
Кейбір вирустардың таралу әсерінен программалардың жойылуы, мәліметтердің немесе жадтың жүйелік аймақтарында жазылған ақпараттардың өшіп қалуы сияқты қолайсыз жағдайлар кездесіп отырады. Осыларды болдырмау үшін немесе бола қалған күнде де, олардан арылу мақсатында вирустармен күресуге арналған антивирус, яғни вирустарға қарсы күресетін программалар қолданады.
12 445
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару
Логарифмнің негізгі қасиеттерін толық меңгерту, логарифмдік теңдеулерді шеше білуге үйрету.
Ортадан тепкіш сораптардың жұмыс жасау принциптері
Ортадан тепкіш сораптардың жұмыс жасау принциптері
Құбылыстардың қасиеттерін және өзара байланысты айыра білуге, оқылып отырған материалды жоспарлай білуге, заттың құрылысы мен жұмыс істеу принципін ажырата білуге, теориялық білімін практикада пайдалана білуге үйрету;
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосының математика пәні мұғалімі: Жұмағазиева Ақбөбек Закарияевна
Мүмкін нұсқаларды іріктеу
Мүмкін нұсқаларды іріктеу
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тақырыбы бойынша теориялық қайталау, дифференциялдау ережелерін қолдануға, жанама теңдеуін жазуға, күрделі функцияның туындысын табуға деңгейлік есептер шығару, тақырып бойынша білімдерін тексеру.
Менделеев - Клапейрон теңдеуі
Менделеев - Клапейрон теңдеуі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы физика пәні мұғалімі Енсегенова Гулжамал Жанузаковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×