Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Калькулятор бағдарламасы

11 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы.
Инженерлік калькулятормен жұмыс істеу.
Орындаған: Алиманов Әділ

Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: «Калькулятор бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Калькулятор бағдарламасының көмегімен қарапайым және күрделі есептеулерді шешуге, калькулятор бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру
2. Дамытушылық: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру, оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
3. Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу, қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтыққа үйрету, информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Ақпараттық сабақ.
Сабақтың әдісі: Алгоритмдік әдіс.
Көрнекіліктер: Дербес компьютер, электрондық оқулық, Интерактивті тақта, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.1. Оқушылармен амандасу.
1.2. Сабақта болмаған оқушыларды түгендеу.
1.3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

III. Қорытынды: Есептер шығару
IV. Бағалау
V. Үй тапсырмасы.
Жаңа сабақты түсіндіру
Есептеудің, оған пайдаланатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді.
Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Сондай-ақ олар есептеу үшін үйілген, қатарлап тізілген тастарды да қолданған. Заттардың санын жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді.
Сөйтіп, есептеу
көлемінің күн санап
артуы есептеулердің
қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті.
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады.

Қалта калькуляторы
Калькуляторды іске қосу:
Бастау—Бағдарламалар—Стандартты--Калькулятор

Калькулятор бағдарламасының көмегімен күрделі есептерді шешу үшін, калькулятордың инженерлік типін іске қосу жолдарын көрсету.
Инженерлік калькулятордың түрін көрейік:
Бастау - Бағдарламалар Стандартты Калькулятор
Түр Инженерлік

Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады.
Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге орта мәндерді табуға, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды қолдануға болады.
Инженерлік калькулятордың статистикалық есептеулер жүргізуге арналған функционалдық батырмаларымен сендерді таныстырайын және әр батырмасына түсініктеме берейік. (слайд 11)

Статистикалық есептеулерге арналған диалог терезесі
Осы батырмалардың көмегімен қарапайым статистикалық есептеулер жүргізуге болады. Мысалы, берілген сандардың қосындысын, сандардың квадраттарының қосындысын, арифметикалық орта мәнді т.с.с. есептеуге болады.
Мысал 1.
5 адамнан тұратын шағын бөлімнің қызметкерлерінің орта жалақысын есептейік:
1-ші қызметкердің жалақысы – 7500;
2-ші қызметкердің жалақысы – 6500;
3-ші қызметкердің жалақысы – 6000;
4-ші қызметкердің жалақысы – 4000;
5-ші қызметкердің жалақысы – 3500;
орта жалақыны есептеу үшін мына әрекеттерді орындау керек.
Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз:
1. Инженерлік калькуляторды ашыңдар.
2. Sta батырмасын басу керек.
3. Статистика терезесі ашылады, оны калькулятордың терезесін жаппайтындай етіп тасымалдап, шетке шығарып қой.
4. Калькуляторға бірінші санды енгізіп, Dat батырмасын шертіп, берілген сан Статистика терезесінде пайда болады.
5. Dat батырмасын шертіп отырып, қалған төрт санды кезекпен калькуляторға енгіз.
6. Барлық сандар Статистика терезесіне енгізіліп болғаннан кейін Ave батырмасын шерту керек.
Калькулятордың индикация өрісінде жалақының орта мәні 5500 теңге көрінеді.
Инженерлік калькулятордың функционалдық батырмаларымен таныстыру.

Инженерлік калькулятор төрт санау жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік, он алтылық.
Hex (Hexadecimal) – он алтылық;
Dec (Decimal) – ондық;
Oct (Octal) – сегіздік;
Bin (Binary) – екілік.
Бұл санау жүйелерін біз 8-сыныпта қарастыратын боламыз.
Инженерлік калькулятордың қарапайым калькуляторлардан айырмашылығы – ауыстырғыш (дөңгелек) және жалауша (төртбұрышты) терезелері бар.
Inv (инверсия) терезесінің көмегімен жалаушаларды қойып, батырмада көрсетілген функцияның кері мәнін есептеуге болады.
Тапсырма №1.
1) Нәтижесінде 99 санын алу үшін, 987654321 санындағы цифрлардың арасына + белгісін қою керек? (6)
9 8 7 6 5 4 3 2 1 = 99
2) Нәтижесінде 100 санын алу үшін, жеті санның арасына + белгісін қойыңдар.
1 2 3 4 5 6 7 = 100
Сандардың қатарын өзгертуге болмайды.

3) Кез келген арифметикалық амалдардың көмегімен не бес бірліктен, бес бестіктен 100 санын құрастыр. Бес бестіктен 100 санын екі түрлі тәсілмен құрауға болатынын ескер.
1 1 1 1 1 = 100
5 5 5 5 5 = 100
5 5 5 5 5 = 100

Тапсырма №2
Калькулятордың ішкі жадын пайдалана отырып, келесі амалдарды орында (бір ғана цифрлармен).
324 = 18
(2+7)*2*16=288
3*(2+4)=18
272+16=288

IV. Бекіту
V. Қорытындылау.
Қарапайым және инженерлік калькулятордың батырмаларын қайталап, оларға түсінік беру.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: 6.2-тақырыпты оқу.

Тапсырмалар:
Калькулятор көмегімен есептер шығарайық.
1-есеп
28535,2+759,43+4029,07=
12345.67+987.54=
555.77+998.33=
2-eceп
1863-558=
5678,99-456,73=
267689.05-45678.98=
555.66-45.99=


3-есеп
331*17=
57.35*14=
315*9=
4-есеп
18358:2=
876:25=

1023*30=
156:12=
6072:6=

5-есеп
Мына сандардың квадрат түбiрiн тап
49
144
529

Жадының көмегімен есеп шығарып көрейік
(20*4)+(25*2) нәтиже 130
♦ 20*4 амалын теру
♦ MS шерту арқылы жадыға жазу
♦ Индикация өрісін “С” арқылы тазалау
♦ 25*2 амалын теру
♦ “+” батырмасын шерту
♦ MR батырмасын шерту.

Бірдей сандармен тек қосу амалдарын пайдаланып:
бес екіліктің көмегімен 28 санын.
Жауабы: 28= 22+2+2+2

сегіз сегіздің көмегімен 1000 санын жазыңдар
Жауабы: 1000=888+88+8+8+8
1) Нәтижесінде 99 санын алу үшін, 987654321 санындағы цифрлардың арасына қанша + белгісін қою керек?
Нәтижесінде 100 санын алу үшін, жеті санның арасына + белгісін қойыңдар.
Сандардың қатарын өзгертуге болмайды
Жауабы: 9+8+7+65+4+3+2+1= 99 немесе 9+8+7+6+5+43+21=99
1+2+34+56+6+7=100 немесе 1+23+4+5+67=100

Қарапайым және инженерлік калькулятордың көмегімен жады батырмаларын қолданбай есептеу керек:
1. 24+5*4+45/9+12=
2. 3,5+4,56*7,56/(12+365)-125,24/0,05=
Шешімі: 1. 24+5*4+45/9+12=61; 2. 3,5+4,56*7,56/(12+365)-125,24/0,05=-2501,2086

Жады батырмаларын қолданып есептеу керек:
1. 24+5*4+45/9+12=
2. 3,5+4,56*7,56/(12+365)-125,24/0,05=
Шешімі: 1. 24+5*4+45/9+12=61; 2. 3,5+4,56*7,56/(12+365)-125,24/0,05= -2501,2086

Дәрежелеу батырмаларын қолданып есептеу керек:
1. 0,2*33-0,4*24
2. =
3. +
Шешімі: 1. 0,2*33-0,4*24 = -1;
2. =80;
3. + =8

Қаржы шығынын есептеу есебі
Жөндеу жұмысына жұмсалған әр түрлі жабдықтар бағасы белгілі.
• Бояу 15 987 теңге
• Әк 1 053 теңге
• Түсқағаз 25 413 теңге
• Құрал-саймандар 32 489 теңге
• Жұмыс ақысы 54 235 теңге

Есептеу керек:
1. Жөндеуге жұмсалған барлық қаржыны.
2. Егер әр жабдыққа жұмсалған қаржы мөлшері бірдей мөлшерде болса, әр жабдыққа қанша шығын жұмсалған болар еді?
Шешімі: 1. Жөндеуге жұмсалған барлық қаржы –129 177 теңге
2. Егер әр жабдыққа жұмсалған қаржы мөлшері бірдей мөлшерде болса, әр жабдыққа – 32 294,25 теңге жұмсалар еді.

Есептеу керек:
Дүкенге 300 дана кітап әкелінді.
1-күні барлық кітаптың 30% сатылды, 2-күні қалған кітаптың 40% сатылды, 3-күні қалған кітаптың 50% сатылды. Үш күнде барлығы неше кітап сатылды?
Шешімі: Үш күнде барлығы 237 кітап сатылды.
16 904
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Калькулятормен есептеу
Калькулятормен есептеу
Арифметикалық амалдарды калькулятор көмегімен орындау тәсілдерін таныстыру. Берілген материалды тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Калькуляторды сабақта және үйде дұрыс пайдалануға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Калькулятор бағдарламасы
Калькулятор бағдарламасы
Қызылорда қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Малдыбаева Алтынай
Стандарттық бағдарламалар. Калькулятор бағдарламасы
Стандарттық бағдарламалар. Калькулятор бағдарламасы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы.Жақаев атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Сүгірбаева Ақмарал Есейқызы
Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Медиева Нургул
Mәтіндік құжатты  пішімдеу
Mәтіндік құжатты пішімдеу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Наукебаева Сайлаугул Жубандыковна
Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×