Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы (үш тілділік саясатқа арналады)

18 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы (Сыныптан тыс - шара). Сыныптан тыс шарамыз Қарақстан Республикасының Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына және Үш тілділік саясатқа арналады.
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәні бойынша алған білімдерін ұшқырлау. Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушының жеке білім дәрежесін бақылау.
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, нақты пәнге қызығушылыққа оқуға ынтасын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды уақытты тиімді пайдалана білуге, компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: Студенттердің ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық, жауапкершілік қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік презентация, бейне жазбалар.
Күтілетін нәтиже:
• пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері артады;
• оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады;
• өткен білімдерін қайталауға деген қызығушылықтары артады;

Сабақ барысы:
І жүргізуші:
Ежелден келе жатқан әдет - ғұрпым,
Сәлем берем иіліп саған жұртым!
Қабыл алғын мұны бір ілтипат деп,
Қазақтың жалғастырар көне салтын.
Құрметті ұстаздар, көрермендер және білім алушылар! Сіздермен бірлесе отырып, 1Қаржы1 тобы мен 1 Электрмен жабдықтау1 тобының студенттерінің арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты информатикалық - интеллектуалды ойынды бастауға рұқсат етіңіздер. Сыныптан тыс шара жарыс түрінде өтеді. Жарысқа 6 оқушы қатысады. Бүгінгі интеллектуалды сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
І кезең - Таныстыру
ІІ кезең – Бәйге
ІІІ кезең – Сиқырлы ұяшықтар
ІV кезең – Жорға
V кезең – Ой толғау

ІІ жүргізуші:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Информатика жайында
Сайысты біз бастаймыз дей отырып - сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып кетейік.
(Әділқазы алқасында әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады).

І жүргізуші:
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын - деп алғашқы сайысымыздың кезеңі бойынша әр қатысушы өздерін таныстырады. (Қойылатын баға 3 - 5ұпай аралығы)

ІІ жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз. Екінші кезеңіміз «Бәйге» деп аталады. Бұл кезеңде әр қатысушыға 10 сұрақ беріледі, әр бір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.

І жүргізуші:
Үшінші кезеңіміз «Сиқырлы ұяшықтар» деп аталады. Осы кезеңде қатысушылар берілген тақырыптарды таңдай отырып, тақырып астындағы видео сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды колледжіміздің оқушылары сұрақ қояды. Әр бір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.( Егер жауап берушінің жауабы дұрыс болмаған жағдайда жүргізушінің қарсыластар деген сөзінен кейін басқа қатысушыларға жауап беруге рұқсат етіледі.)

Сұрақтары:
1. Ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауды және оны енгізудің қамтамасыз ететін сонымен бірге түрлі белгілер бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер қалай аталады?
Жауабы: ақпаратты жүйе
2. Арнайы типті байланыс жүйесінде цифрлі формаға, операциялық жүйеге керісінше жұмыс атқаратын модулятор құрылғысы?
Жауабы: модем
3. Мәтіндік және графикалық информацияны оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы?
Жауабы: сканер
4. Географиялық орналасқан нүктесіне қарамастан, дербес компьютерлерді байланыстыратын желілер жиыны?
Жауабы: ауқымды желі
5. Сандық шамалар мен олардың ара – қатынастарын геометриялық тәсілдермен шартты түрде бейнелеп көрсетуші элемент?
Жауабы: диаграмма
6. Сандық шамалар мен олардың ара – қатынастарын геометриялық тәсілдермен шартты түрде бейнелеп көрсетуші элемент?
Жауабы: диаграмма
7. Дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп, нығыздап сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы?
Жауабы: архиваторлар
8. Windows – тың негізгі элементі, құжаттарды және олармен жұмыс істеуге арналған негізгі құралдарды қамтитын терезе қалай аталады?
Жауабы: жұмыс үстелі
9. Компьютер жадында тұрақты сақталатын вирустар қалай аталады?
Жауабы: трояндар
10. Бір – бірімен және орталық сервермен байланысқан ресурстарды бірге пайдаланатын компьютерлер тобы?
Жауабы: желі
11. Word мәтіндік құжаттары арқылы таралатын вирустарды атаңыз?
Жауабы: макровирустар
12. Пайдаланушының сызбалық тілдесуіне көрсетілетін бағдарламалар мен файлдарға арналған терезе жиыны?
Жауабы: папка
Үшінші кезеңіміздің қорытындысы бойынша төменгі ұпай жинаған 2 қатысушы ойынды тоқтады.

ІІ жүргізуші:
Келді кезек жұмбақты шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерге
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе – дей келе төртінші кезеңімізді бастаймыз. Әр қатысушыға 3 сұрақ қойылады, жауабын үш тілде аударып айту керек.( Егер жауап берушінің жауабы дұрыс болмаған жағдайда жүргізушінің қарсыластар деген сөзінен кейін басқа қатысушыларға жауап беруге рұқсат етіледі.) Төртінші кезеңіміздің қорытындысы бойынша төменгі ұпай жинаған 1 қатысушы ойынды тоқтады.
1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі.
Жауабы: Ақпарат - Информация - Information
2. Компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы.
Жауабы: Пернетақта - Клавиатура - Keyboard
3. Компьютер пернетақтасында қанша перне бар?
Жауабы: Жүз он екі - сто двенадцать - One hundred twelve
4. Компьютердің басты құрылғыларының бірі жүргізу монупуляторы.
Жауабы: Тышқан - Мышка - Мouse
5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді.
Жауабы: Енгізу - Ввод - Еnter
6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.
Жауабы: Өшіру - Удалить - Delete
7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір - бірінен ажырату үшін қолданылады.
Жауабы: Бос орын - Пробел - Proble
8. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ
Жауабы: Терезе - Окно - Windows
9. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады?
Жауабы: Шекара - Граница - Border
10. Өшірілген файлдар қайда сақталады?
Жауабы: Себет - Корзина - Basket
11. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.
Жауабы: Кітапша - Блакнот - Notebook
12. Терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы I латын әрпінің түрін, ал жұмыс бетінің сыртында кәдімгі стандартты жебе түрінде болады.
Жауабы: Меңзер - Курсор - Cursor

І жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен – деп «Ой толғау» атты төртінші кезеңімізді бастаймыз. «Еліміздің дамуы – болашақ жастардың қолында» атты тақырыпта қатысушыларымыздың ой пікірлерін тыңдау.
(Қойылатын баға 5 - 10 ұпай аралығы)

ІІ жүргізуші: Қатысушыларымыз дайындалып болғанша, көрермендермен ойын ойнатылады.

І жүргізуші:
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
(топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).

І жүргізуші: “Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып - үйренуден жалықпайық. Бүгінгі сайысқа қатысушыларымызға мың алғыс. Білімнің биік шыңынан көріңіздер.

БҚО, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы
МКҚК «Ауылшаруашылық колледжі»
информатика пәнінің мұғалімі
Утебаева Армангул Талгатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 400
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Еркін сөйлеу қабілеттерін ашу.
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқушылар тапсырмаларды логикалық тұрғыдан ойлап, шешу жолдарын қарастырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып күрделене береді, баланың шығармашылық қабілеттері дамиды.
Информатика көшбасшысы
Информатика көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Гаухар Нұрмұхамедқызы Жаппасбаева
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелерді баптау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×