Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Графика

08 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Графика
Информатика 8 сынып
Мақсат: Оқушылардың Паскаль тілінінің графиктік режимімен таныстыру және графикалық объектілердің экранда орналасу ережесін ұғындыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың Паскаль тіліндегі графиктік режим туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық – Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақ игеру
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар компьютер, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, TurboPascal бағдарламасы, презентация.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Жаңа тақырыпқа кіріспе.
1. Паскаль тілінде қанша циклдік операторлар бар?
2. Параметрлі цикл операторы дегеніміз не?
3. Алдын ала шарт тексеретін цикл дегеніміз не?
4. Қабатталған цикл дегеніміз не?
5. Таңдау операторы дегеніміз не?

3) Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазіргі компьютерлерде символдардан бөлек әр түрлі суреттер, графиктер салуға болады. Ол үшін Паскаль тілінде әр түрлі графикалық процедуралар пайдаланылады. Графикалық процедуралар мен функциялар GRAPH модулінде орналастырылған. Оларды пайдалану үшін сипаттау бөлігінде
USES GRAPH;
түйінді сөзін пайдалану керек.

Графиктермен жұмыс істеу алдында оған сәйкес келетін монитор режимін орнату керек. Паскальда алдын ала бекітілген драйверлер саны бар, олардың әрқайсысы үш түрлі режимнің бірінде жұмыс істей алады. Драйверлер типі мен оның режимі санмен немесе тұрақты түрінде беріледі.
GRAPH модулі іске қосылысымен, оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.
Графикалық режимді алғашқы рет іске қосу үшін InitGraph процедурасы қолданылдаы, оның жазылуы:

InitGraph (DriverVar, ModeVar: integer, Gol: string);

Мұндағы DriverVar – графикалық адаптердің типі; ModeVar – оның жұмыс режимі; Gol – GRAPH модулінің маршрутын көрсетеді.

Программаның бас жағына мынадай жолдар жаза аламыз:

Uses graph;
Var
d, m: integer;
begin
d:=detect;
initgraph(d, m, ’’);

Геометриялық объектілерді құру процедуралары.
PutPixel(x, y: integer; color: word); - нүкте салу операторы.
x, y – нүкте координаталары, color оның түсін анықтайды. Мысалы: for i:=1 to 60 do PuPixel(I, 1, red); операторы бірінші қатарға 60 қызыл нүктеден тұратын сызық салады.
Line(x1, y1, x2, y2: integer); - түзу сызық салу процедурасы.
Ағымдағы түс бойынша координаталары x1, y1, нүктесінен x2, y2 нүктесіне дейін кесінді сызылады, мысалы, – Line (1, 1, 600, 1);
Бастапқы нүкте көрсетілмесе, онда мына процедура:
LineTo (x, y: integer); - курсор тұрған орыннан бастап координаталары x, y болатын нүктеге дейін түзу сызық сызады.
SetLineStyle(t, p, th: word); - сызық қалыңдығы мен стилін орнату, t – сызық түрі, p – сызық үлгісі, th – сызық қалыңдығы.

Сызық стилдері
Тұрақты Оның Сипаттамасы
мәні
solidLn 0 үздіксіз сызық
dottedLn 1 нүктелерден тұратын сызық
ctnterLn 2 нүктелер мен тиреден тұратын сызық
dashedLn 3 штрихті пункитрлі сызық
userBitLn 4 орындаушы тағайындайтын сызық типі

Түрлі түстер
Тұрақты Нөмірі Экран түсі
Black 0 қара
Blue 1 көк
Green 2 жасыл
Cyan 3 көгілдір
Red 4 қызыл
Magenta 5 күлгін
Brown 6 қоңыр
LightGray 7 боз
LightBlue 57 көкшіл
LightCyan 59 ақшыл көк
LightRed 60 қызғылт қоңыр
LightMagenta 61 қызғыш
LightYellow 62 сары
LightWhite 63 ақ

Сергіту жаттығулары

4) Жаңа тақырыпты бекіту
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Экранның мәтіндік режимінен графикалық режімге қалай көшуге болады? Графикалық экраннан қалай шығады?
2. Экранда сызық салатын қандай процедуралар бар? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы?
3. Геометриялық фигуралар сызуға арналған қандай процедуралар бар?

Тапсырма №1

Программа нәтижесінде әр түрлі стильмен сызылған 2 төртбұрыш экранда пайда болатын программа құру.
Program tortbyrish;
Uses graph;
Var d, m: integer;
Begin
D:=detect; initgraph(d, m, ’’);
Setbkcolor(1);
Rectangle(150, 150, 300, 320);
Setfillstyle(8, 6);
Floodfill(160, 200, 15);
Setfillstyle(1, 3);
Bar(350, 150, 500, 320);
Readln;
Closegraph;
End.

5) Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларды графиктік режиммен таныстыру. Ол туралы жалпы мағлұмат беру.

6) Үйге тапсырма: Графика

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылы,
«Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің
Информатика пәні мұғалімі Альпишева Алия Ахметуллаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 110
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Параметрлі цикл
Параметрлі цикл
Параметрлі цикл туралы түсіндіру. Қайталану командаларын Pascal – да программалауда қолдануды үйрету.
Циклдік алгоритмдерді программалауға есептер шығару
Циклдік алгоритмдерді программалауға есептер шығару
Паскаль тіліндегі циклдік алгоритмдер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, циклдік алгоритмдерге программа құруды үйрету. Ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін шыңдап, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Информатика пәні мұғалімі Зайнагиева Жадыра Тулемисовна
Циклдiк алгоритмдi программалау
Циклдiк алгоритмдi программалау
Алматы облысы, Көксу ауданы, Алғабас орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Курмашова Сымбат Абаевна
Циклдік алгоритмдерді програмалау - FOR
Циклдік алгоритмдерді програмалау - FOR
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×