Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыныптан тыс жұмыстарда АКТ қолдану

06 сәуір 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сыныптан тыс жұмыстарда АКТ қолдану
Қазіргі қоғам заман талабына сай компьютерлік техникалар мен тығыз байланысқа көшті. Кез – келген сәтте ақпаратты алып оны жеткізу жылдамдығы сәт сайын артуда. Әлемдегі сан алуан саналы ойлардың қорлары бір бірімен ұштасып келеді. Ақпарат қоғамның негізгі қаруына айналды десек те болады. Компьютерлік заман – компьютерлік ғасыр. Бірақ адамзатқа, қазіргі қоғамға тиімді ме, әлде...

Ой салатын не? Сәт сайын виртуалды өмір жетегінде жүрген шынайы өмірде ешқандай тұрақ таппайтын адамдарды кездестіріп жатамыз. Бәрінен бұрын алаңдататыны бесіктен белі шықпай жатып, тәй – тәй басқаннан «планшетке не қалта телефонына» тәуелді жас сәбилерді, жеткіншектерді көру. Таңертеңнен кешке дейін телефон не планшет, компьютер алдында отыратын, далаға шығып ойын ойнау білмейтін, бір бірімен тіл табысып сөйлеспейтін, жақын адамдарының өзімен ашылып тілдеспейтін балалардың тағдыры не болмақ.

Мектептегі ұстаздар қауымы осындай балалардың мәселелерімен жиі кездесіп жатады. Біздің басты міндетіміз жас ұрпақты компьютерге және интернетке тәуелділіктен арылтып, айналаны қоршаған ортамен қарым қатынасына өзгерту енгізу, нақты өмірге деген қызығушылығын ояту, сан алуан ақпараттардың ішінен пайдалы ақпаратты ғана танып білуге үйрету, виртуалды өмірден алшақтату...

Осындай маңызды жұмыстарды атқаруда сыныптан тыс және сабақтан тыс іс – шаралардың ролін АКТ арқылы өткізсек жоғары баға беруге болады. Осы жұмыстарда жаңа оқыту формаларының, іс – әрекеттердің, әдіс – тәсілдердің, әдістемелердің бір бірімен ұштасып жол тауып кетуге мүмкіндігі зор.
Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.» деген. Десе де тәрбие мен білім егіз ұғым екенін ұмытпау керек. Оқыта отырып тәрбиелеу әр педагог ұстаздың міндеті. Саналы ұрпақтың тәрбиесін интернет беттеріне немесе виртуалды ойындарға қалдыруға болмайды.
Қалай болғанда да қазіргі жас ұрпақтың саналы тәрбие, сапалы білім алуына ықпал ететін бірнеше әдіс – тәсілдердің түрлерін ұсынуға болады. Ұлттық ойындар түрлері, театрландырылған қойылымдар, диспуттар, дебат, шығармашылықпен айналысу, психологиялық іс - шаралар, тәрбие және сынып сағаттарының сайыс түрлері арқылы оқушы өзін ортамен тығыз байланысқа әкелмек.
Сыныптан тыс жұмыстар мен сынып сағаттарында Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қандай оң нәтижелер алуға болады:
1. Сабаққа эмоцианалдық тұрғыдан жақсы нәтиже көрсетеді;
2. Ой – өрісін дамытады;
3. Пәнге деген қызығушылығы табиғи түрде болады;
4. Ұғыну үрдісі психологиялық тұрғыдан жақсара түседі;
5. Оқушы мен Оқытушы арасындағы байланыс нығая түседі.

Мектепішілік іс – шараларға АКТ қолдану көп жағынан тиімді. Бұл жерде компьютерлік технологиялар оқушыны тұйықтамайды есесіне өз қатарластарымен бірігіп жұмыс жасауға белсенді түрде үлесін қосады. Бастысы – оң көз қарастарын қалыптастырады, көңіл күйін көтереді, іс – шараға деген қызығушылығын арттырады. Көтеріңкі көңіл күй, ойларын еркін жеткізу, эмоциялық жағынан баланың дамуына жақсы нәтиже береді. Жайдары, ашық жарқын балалар, тұйық және басқалардан оқшауланатын балаларға қарағанда күйзеліске, өмірде болып жатқан келеңсіз оқиғаларға төтеп бере алады. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстар көңілді және мерекеге толы болуы керек. Сонымен бірге сыныптан тыс жұмыстарда жобалау әдісі мақсатқа қол жеткізуге тиімді. Балалар өз бетінше жобаға қажет ақпаратты іздеп тауып, өңдеп, сұрыптауға үйренеді. Жобалау әдісі танымдық, шығармашылық дамуына ықпал етеді, өз білім деңгейін өзі анықтап, ақпараттық кеңістікте дұрыс бағытын өзі қабылдауға үйренеді, сыни ойлау тұрғысынан дамиды. Жобалау әдісі оқушылардың жеке, және топпен белгілі бір уақыт аралығында өз беттерімен жұмыс жасауларына негізделген. Топпен жұмыс жасаудың өз ерекшелігі бар: бір – бірін қолдау, бірігіп еңбек ету, жауапкершілік, көпшілдік, шыдамдылық т. б. Топтың көшбасшысы тағайындалады. Ол өзін қолдайтын ұжымын өз жауапкершілігіне алады. Топтың барлық мүшелері дерлік тапсырмалармен қамтыла топпен жұмыстың жобалау әрекеті өте тиімді тәсіл. Ол үшін бір ғана оқушы шеше алатын мәселе емес ұжыммен ғана шешілетін мәселелерді ұсынып отыру керек.

Жобамен жұмыс кезінде мақсаты, міндеті және нәтиже болуы керек. Жобамен жұмыс кезінде оқушы мәселенің мақсатын анықтап, жұмысты жоспарлап, тәжірибелер, зерттеулер жүргіп, қажетті ақпаратты іздеп тауып, атқарылған жұмыстың көрмесін ұйымдастыруға үйренеді.
Жаңа білімге ұмтылу үшін және өз бетінше жұмыс жасай алуы үшін, бір – біріне көмек беруге дайын болуы үшін оқушылар іс – шараларға асқан белсенділікпен қатынасуына атсалысуын ұйымдастыру ұстаздардың мақсаты

Қорытындылай келе оқушы қосымша қоғамдық және мектеп ішілік іс – шаралармен бірге мектеп қабырғасында көбірек уақытын өткізеді. Сондықтан мектеп педагогтарының мақсаты сол уақыттарын оқушылар қызықты және пайдалы өткізуін қамтамасыз ету. Оқушы мектепті екінші үйіндей көруі үшін ең маңыздысы қосымша зерттеу жұмыстарымен, жобалармен, түрлі үйірмелерге қатысуға жетелеп отырса тәрбиесіне де, білім деңгейіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз. Қазіргі заман ұстазы көп ғасырлардан келе жатқан білімдердің тоғысы, мүмкіншілігі әлде қайда жоғары. Олай дейтініміз жаңа заман техникасын меңгерген, түрлі жаңа технологиялармен қаруланған. Жаңа заман ұстазы әрқашан білім бере отырып өз білімін және біліктілігін арттырудан тоқтап қалмауға тиіс. Әр кез білім саласындағы жаңа технологияларды зерттеп меңгеріп жас ұрпақты зияткерлікке жетелей білуі керек.

Ғылымның білімнің дамуында тұрақтылық жоқ, ол қашанда қарыштап даму үстінде, жаңа техника, жаңа ақпараттық үрдістер дамыған сайын әлемге деген көзқарас қашанда өзгеріске ұшырап отырады, білім саласы да өзгеріске ұшырайды, қаншама технологиялар белең алады, тек қоғам қай жаққа бағыт алса да ұстаз деген ат өзгеріссіз қалмақ: әр оқушыға деген асқан сүйіспеншілік, әр оқушыға бірдей көзқараста көмек беру, өз ісінің асқан шебері болу.
2 194
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Power Point ортасында презентация жасау
Power Point ортасында презентация жасау
Адамзат дамуының жаңа сатысы - ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Қазіргі уақытта адам іс - әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды
Компьютер
Компьютер
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Құралай Сайлауовна
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Райханқызы Жанар
Компьютерлік желі белсенділігі талаптарын қадағалауды анықтау бағдарламалық жүйесін құру
Компьютерлік желі белсенділігі талаптарын қадағалауды анықтау бағдарламалық жүйесін құру
Қызылорда қаласы, №172 қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Достияр А. А. Ғылыми жетекшісі: Ниязова Қ. М. №172 қазақ орта мектебінің мұғалімі
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің 9 "А" сынып оқушысы: Кусаинова Айтолқын Ғылыми жетекшісі: Князова А. Қ Химия - биология пәндерінің мұғалімі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×