Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cуреттермен жұмыс істеу

06 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Cабақтың тақырыбы: Cуреттермен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ
Көрнекілігі: Буклеттер, карточка, кеспе қағаздар, интерактивті тақтада
дайындалған слайдтар.
Құрал – жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік слайдтар, оқулық, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы.

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)
1. Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру,
оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару;
2. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (8 мин)
Жазбаша тест жұмысын алу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (12 мин)
ІV. Сабақты бекіту. (17 мин)
1. Деңгейлік тапсырма /компьютерде жұмыс жасау/.
2. Информатикалық диктант.
3. Ғажайып алаң сұрақтары.
V. Сабақты қорыту. (5 мин)
Электронды оқулықпен тапсырмаларды орындау.
VІ. Үй тапсырмасын беру. (1 мин)
VІІ. Бағалау. (1 мин)

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Саламатсыздар ма, балалар! Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз. Сабақты бастамас бұрын мен бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты сендерді екі топқа бөлемін.
І - топ: Сурет
ІІ - топ: Автофигуралар
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. /Жазбаша тест жұмысын алу/

1. МS Word мәтіндік процессорын қалай іске қосамыз?
А) Пуск батырмасы арқылы
Б) Пуск – Все программы – Microsoft Office - Microsoft Office Word
C) Пуск – Стандартные - Microsoft Office Word
2. Курсордың сол жағындағы символды жоятын перне?
А) Shift Б) Alt С) Backspace
3. Курсордың оң жағындағы символды жоятын перне?
А) Сtrl Б) Delete C) Home
4. Бас әріппен жазуға арналған перне.
А) Shift Б) Backspace С) Alt
5. Құжатты редакциялау дегеніміз не?
А) Мәтіндік құжатқа сурет енгізу
Б) Мәтін қаріптерін өзгерту
С) Өңдеу, енгізу, өшіру, көшіру, орын ауыстыру немесе құжат мазмұнын түзету

ОҚО, Түркістан қаласы,
№14 жалпы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Сарсенбаева Гулмира Муратовна

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
1 717
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Word - ты іске қосу, Word терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру
Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Оқушылар word мәтіндік редакторына суреттерді кірістірумен танысу
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, информатика пәні мұғалімі Жетпісәлиев Жасұлан Серікұлы
WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×