Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.

21 қыркүйек 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақ №7
Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.
Сабақтың мақсаты: Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Оқушылар білуі тиіс: «Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетінін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» (қосымшалар) және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.
Оқушылар үйренуі тиіс: ПЖ - ны нақты ОЖ - ның бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит - программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіруді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1) Қысқаша тест алу.
1 - сұрақ. Артығы қайсы?
А) жүйелік блок
В) пернетақта
С) парта
D) тышқан
2 - сұрақ. Компьютерді қандай жағдайда пайдалануға болмайды?
А) ақпаратты сақтауда
В) ақпаратпен жұмыс істеуде
С) шаң сорғызу үшін
D) мәлімет беру үшін
3 - сұрақ. Ақпаратты өңдеу құрылғысы:
А) тышқан
В) процессор
С) пернетақта
D) монитор
4 - сұрақ. Компьютер деген не?
А) сандық ақпаратты өңдеу құрылғысы
В) графикалық ақпаратты өңдеу құрылғысы
С) кез келген ақпаратты автоматты түрде өңдеу құрылғысы
D) қағаздағы мәтін мен суретті жазатын, сақтайтын құрылғы

2) Карточкалармен жұмыс. Білімдерін тексерумен бірге жаңа білім алу үшін карточка толтырады.
1. Компьютердің негізгі құрылғыларын(енгізу және шығару құрылғылары) ата?
2. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларды ата?
3. Құрылғының қызметін жазып, аяқта.
Процессор -...
Жедел жад -...
Қатты диск -...
Видеокарта -...
Дыбыс картасы -...
5. Ақпараттық өлшем бірлігін жазыңдар.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын құрайды. Компьютердің ПЖ - сы жүйелік программалық жабдықтама, қосымшалар және программалау жүйелері болып бөлінеді. Жүйелік ПЖ - ға операциялық жүйе, драйверлер, мен утилиталар жатады.
Операциялық жүйе - компьютердің жұмысын басқаратын басты бағдарлама.
Драйверлер - компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар.
Утилита - компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Программалау жүйелері – басқа программаларды құруға арналған орта.
Компьютер іске қосылғанда операциялық жүйе дискілік жадыдан оқылып, компьютердің жедел жадына орналастырылады. Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.
Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

Операциялық жүйесіз тұтынушыға компьютермен жұмыс істеуге қиын болар еді. ОЖ әртүрлі құрылғылардың жүйелік блоктың ішінде орнатылуымен де сыртына қосылуымен де байланысты міндеттерді орындайды. ОЖ – ны компьютердің қатты дискісіне компьютер сататын фирмалар орнатады. ОЖ - сыз компьютерді сатып ала алмайсың. Компьютер іске қосылғанда ОЖ жедел жадыға жазылады да, онда компьютер өшкенге дейін сақталып қалады.
Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.

ІV. Сабақты бекіту, қорытындылау
Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. 63 - 65 бет. Сұрақ қою арқылы қысқаша қорытындылау:
1. Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не?
2. Операциялық жүйе жүктеуі қашан болады?
3. Программалық драйвер не үшін қажет?
4. Программалық утилитаға мысал келтір.
V. Үй тапсырмасы: 8 - тақырып, анықтаманы, ПЖ - ның жіктелуін, сызбасын жаттау, сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау, тест сұрақтарына жауап беру

Толық нұсқасын қарау
2 335
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Операциялық жүйемен және оның қызметімен, түрлерімен, объектілерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Қызықты информатика факультатив жоспары
Қызықты информатика факультатив жоспары
Қызықты информатика ФАКУЛЬТАТИВ ЖОСПАРЫ
Компьютердің программалық жабдықталуы
Компьютердің программалық жабдықталуы
Тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықталуы
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сабақтың мақсаты: Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Ақтөбе облысы, Жем қаласы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мурзабаева Ақтолқын Рафитқызы
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×