Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жартыжылдық бақылау жұмысы

21 қыркүйек 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақ №15
Тақырыбы: Жартыжылдық бақылау жұмысы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тексеру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бақылау сабағы.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Өткен материалды қайталау.
Тест жұмысы

Сабақ №16
Тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару, меншіктеу операторы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды сызықтық алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;
Дамытушылығы: Оқушыларды сызықтық алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма

ІІ. Өткен материалды қайталау сұрақтары
• Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
• Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшел3ктері қандай?
• Блок - схема дегеніміз не?
• Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
• Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сызықтық алгоритмнің BASIC тіліндегі жазылуы. Меншіктеу операторы
Сызықтық алгоритм бірнеше меншіктеу операторынан тұрады. Мұндай алгоритмді BASIC тілінде жазудың ешқандай қиындығы жоқ. Тек өрнектердің BASIC тілінде қабылданған жазылу тәртібін сақтасақ жеткілікті. Мұндай операторлар бір қатарға орналаса алады. Бұл жағдайда олар “:” қос нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Алгоритмдік тілде “;” нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады.

Мысалы,
алг трапеция ауданы (нақ a, b, h, s)
берілгені a, b, h
керек s
басы
s: =(a+b) /(2*h)
соңы
соңы cсоңы
басы
S=(A+B)/(2*H)
S
A, B, H
Бұл алгоритм BASIC тілінде былайша жазылады:

10 REM Трапеция ауданы
20 INPUT A!, B!, H!
30 LET S = (A+B) / (2*H)
40 PRINT “Трапецияның ауданы S = ”; S
50 END
BASIC тілінің операторларын мына төмендегідей мүмкіндіктерге ие топтарға жіктеуге болады.

• мәндерді есептейді және оларды айнымалыларға меншіктейді;
• информацияны ендіреді және нәтижелер мен хабарларды баспаға шығарады;
• есептеулердің орындалуын басқарады;

Компьютерде программаның орындалуы кезінде айнымалы шама әр түрлі мәндер қабылдауы мүмкін. Дербес жағдайда есептелетін арифметикалық өрнектің мәні меншіктеу операторы арқылы айнымалы шамаға меншіктеледі.

BASIC тілінде бұл амал “ =” таңбасымен белгіленеді. Меншіктеу белгісінің сол жағына айнымалының аты, ал оң жағына арифметикалық өрнек жазылады. Бұл амалды орындайтын арнайы меншіктеу операторы бар.
Оператордың жазылу пішімі: к LET v = e
Мұнда к - қатар нөмірі; LET - оператордың аты; v - айнымалының аты; е - арифметикалық өрнек (жеке жағдайда сандық немесе литерлік тұрақты немесе сандық және литерлік айнымалы болуы мүмкін).

Меншіктеу операторының орындалуын екі кезеңге бөлуге болады:

• е өрнегінің мәні есептеледі;
• е өрнегінің есептелетін мәні v айнымалысына меншіктеледі, яғни v айнымалысына бөлінген жады ұяшығына жіберіледі.
Егер е сандық тұрақты немесе айнымалы болса, онда бірінші кезең орындалмайды.

Мысал келтірейік:
LET X%=1 - бүтін айнымалы Х - ке 1 саны меншіктелед;
7. LET А=27, 4 - нақты айнымалы А - ға 27, 4 саны меншіктелед;
8. LET А$ = «Мектеп» - символдық (мәтіндік) айнымалы А$- ға литерлік тұрақты «Мектеп» сөзі меншіктеледі.

Ал мына мысалдарды жоғарыда аталған бірінші кезең орындалады:

• LET Х=А* SIN(T)- нақты айнымалы х - ке а Sin t өрнегінің есептелген мәні меншіктеледі.
• LET C$=A$+B$ - символдық айнымалы C$- ға символдық айнымалылар A$ мен B$- ның ағымдағы мәндерінің қосылуынан пайда болған нәтиже меншіктеледі.

Осылайша LET операторының орындалар алдында "=" меншіктеу таңбасының оң жағындағы өрнектегі барлық айнымалылардың мәндері, басқаша айтқанда е өрнегі анықталған (есептелген) болуы тиіс. Мына төмендегі программада 10, 20, 30 – қатарлардағы операторлар орындалғанда бірінші кезең орындалмайды, ал 40, 50 - қатарлардағы операторлар орындалғанда бірінші кезең орындалады.

10 LET А=5
20 LET B=3
30 LET C=- 2
40 LET D=B^2 - 4*A*C
50 LET K= «Дискриминантты есептеу»
60 PRINT"D=; K=; K

BASIC тіліндегі "=" меншіктеу таңбасы мен кәдімгі математикадағы теңдік таңбасының арасында үлкен айырмашылық бар. Мысалы, математикалық жазуда мына Х=X+1 өрнегі дұрыс емес, ал BASIC тіліндегі 30 LET Х=X+1 жазылуы дұрыс және мынадай мағына береді:

• жадтың Х атты ұясынан айнымалының мәні алынады;
• бұл алынған мән бірімен қосылады да Х+1 - ге жаңа мән жасалады;
• осы пайда болған Х+1 мәні Х атты жады ұясына ондағы алғашқы мәнді өшіріп өзі орналасады.
Мысалы,

10 LET X=5
20 LET X=4
30 LET X=X+Y
программа үзіндісіндегі 30 - қатардағы LET операторы орындалғанда Х айнымалысы 9 - санын меншіктейді яғни жадтың Х аты ұясында алғашқы 5санының орнына 99саны пайда болады.

BASIC тілінің көптеген түрлерінде оператордың орны LET сөзін қалдырып кетуге де болады. Мысалы, жоғарыда келтірілген программа үзіндісі былай жазылады.
10 LET X=5
20 LET X=4
30 LET X=X+Y
Информацияны енгізу және баспаға шығару операторлары
Компьютерде қандай да бір деректерді өңдеу үшін, ол деректер алдын - ала компьютердің жадына ендіріліп қойылуы тиіс. Компьютерге деректерді сыртқы құрылғылардан да енгізуге болады. Бұл деректер информацияның сыртқы тасымалдаушыларында мысалы, магниттік дискіде сақталады. Сыртқы тасымалдаушылардан деректерді қажет болғанда компьютерге енгізу үшін, программаға арнайы ендіру операторларын қосады.

Мұндай операторлар бірнеше болуы мүмкін және олар программаның кез келген жерінде орналаса алады.

BASIC тілі компьютермен диалог режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін өте қолайлы тіл. Мұнда барлық деректер компьютерге ендіру құрылғысынан келіп түседі. Бұл жағдайда деректің әрбір қатары пернетақта арқылы теріліп, экранда көрінеді. Келесі қатарды теру үшін, пернетақтадағы (ЕП) пернесін басу керек.

Басқару құрылғысының көмегімен пайдаланушы программаны түзетеді, программаның орындалуын басқарады. Экранға немесе баспаға шығару құрылғысына нәтижелер шығарылады. Олар сандар, кестелер, графиктер, суреттер немесе мәтіндер болуы мүмкін,

Енгізу операторы

Енгізу құрылғысынан деректерді енгізу үшін, INPUT (енгізу) операторы қолданылады.
Оператордың жазылу пішімі: к INPUT р1, р2,..., рп
Мұнда к - қатар нөмірі; INPUT – оператордың аты; р1, р2,..., рп – үтірмен ажыратылып жазылған айнымалылар тізімі.
Бұл оператор былайша орындалады. Программаны орындау барысында, компьютер INPUT операторын кездестіре сала, экранға сұрақ белгісін шығарады. Компьютер өз жұмысын уақытша үзеді, осы үзіліс кезінде пайдаланушы пернетақтадан айнымалының мәндерін үтірлермен ажырата отырып, теріп шығады да, пернесін басады. Сонда ендірілген мәндердің ішіндегі бірінші мән, ендіру операторының тізіміндегі бірінші айнымалыға, екінші мән тізімдегі екінші айнымалыға т. с. с. меншіктелген болады. Бірақ енгізілген мәндерді пернетақтадан терген кезде, олардың саны және типі айнымалылар тізімінде көрсетілген айнымалылардың саны мен типіне дәл келуін қадағалау керек. Егер оларды артығымен терсеңіз, онда артық сандар есепке алынбайды.

Ал егер ендірілген мәндердің саны жеткіліксіз болса, онда компьютер тағы да сұрақ белгісін шығарып, жеткіліксіз мәндердің енгізілуін күтеді.

Барлық деректер дұрыс және түгелімен ендіріліп болғанан кейін, компьютер INPUT операторынан кейінгі келесі операторы орындауға көшеді. Мысалы, программаның орындалуының белгілі бір кезінде компьютер жадына мынадай мәндерді енгізу керек болсын: 1. 2,- 0. 004, 2 - ші, мектеп және де бұл мәндер Х, Ү, Z$ K$ айнымалыларына меншіктелсін. Осы аталған әрекеттердің орындалуы үшін мына төмендегі программа үзіндісі жұмысқа қосылсын:
100 INPUT X, Y, Z$, K$
120 LET A=X+Y
125 LET В=K+Z
Компьютер осы программаның 100 - қатарындағы INPUT операторын кездестіргеннен кейін, экранға сұрақ белгісін шығарады да, пайдаланушы пернетақтадан тиісті мәндерді енгізгенше күтіп тұтады. Пайдаланушы жоғарғыда айтылған? 1. 5,- 0. 4 Е - 2, "2 - ші", "мектеп" мәндерін теріп, пернесін басады, осыдан кейін Х, Ү, Z$, K$ айнымалыларына осы мәндер меншіктеледі.

Баспаға шығару операторы
Компьютердің оперативтік жадынан, деректерді магниттік дискілерге, баспаға шығару құрылғыларына және экранға шығаруға болады. Деректерді баспаға шығару үшін PRINT операторы қолданылады.
Оператордың жазылу пішімі:
к PRINT
Мұнда к - қатар нөмірі; PRINT оператордың аты; - бірінен - бірі үтірмен немесе нүктелі үтірмен ажыратылып шығарылатын элементтердің тізімі.

Баспаға шығарылатын элементтерге мыналарды жатқызуға болады:
• сандар;
• айнымалылар;
• өрнектер;
• мәтіндер;
• ТАВ(Х) функциясы.

PRINT операторы былай орындалады. Егер қандай да бір сандарды баспаға

шығару керек болса, онда оларды жай ғана шығарылатын тізімге қосып қою керек. Тізімге айнымалылардың да аттарын көрсетуге болады. Айтарлық, мына PRINT 24, Х, А, 5 операторын орындау кезінде Х және А айнымалылардың 7 және 8 мәндеріне ие болсын. Сонда PRINT операторы орындалғаннан кейін, экранға 24, 7,- 8, 5 сандары шығады. Шығарылған тізімде өрнектер мен функциялар да кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда алдымен олардың мәндері есептеледі, одан кейін сол мәндер экранға шығады.

Үйге тапсырма. 3. 2 - тақырып, 3 - 7 сұрақтарға жауап жазу.

Толық нұсқасын қарау
2 292
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль есептерін шығару жолдарын үйрету
Паскаль есептерін шығару жолдарын үйрету
Оқушыларды программалау тілінің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, логикалық ой-өрістерін дамыту; Қоршаған ортаның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін айыра білуге тәрбиелеу.
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдер мен оларды программалау тілінде аудару туралы білім меңгерту
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау кезеңіне түсінік беру, сызықтық алгоритмдерді программалауды практикада қолдана білуге үйрету, оқушылардың практикалық және логикалық дағдыларын қалыптастыру, компьютерде жұмыс істей білуін тереңдету, ой - өрісін
Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/
Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/
Алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, алгоритм құру кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы
Алгоритм құрылымы
Алгоритм құрылымы
Информатика пәні мұғалімі: Назым Узбекова Сапаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×