Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Файлдардың түрлері

26 қазан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Файлдардың түрлері
Осыған дейін, біз мәліметтерді пернетақтадан енгізіп, оларды экранға шығардық, программа жұмысы кезінде олар компьютердің оперативті жадында сақталатын да, есептеулер біткеннен кейін бұл мәліметтер жоғалып кететін. Жұмыс нәтижесін келешекте пайдалана алу үшін, мысалы, оларды есептеулерге пайдалану үшін немесе жаңа мәліметтерді алу үшін, оларды есте сақтап қалу керек. Ондай тәсілдердің бірі мынадай: нәтиже экранға шыққан соң қолға қаламсап (қарындаш) және бір бет қағаз алып, бұл мәліметтерді жазып алу. “Дербес компьютерлер” дәуірінің басында оларды “үй тапсырмасы” деп атаған да, шын мәнінде солай болған. Қазіргі кездегі дербес компьютерлердің барлығы ақпаратты сақтауға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған. Қызметтеріне қарай оларды: магниттік ақпарат тасымалдаушылар немесе жазылатын CD - дискілер деп атайды. Ақпаратты сақтау осы тасымалдаушыларда ұйымдастырылады, бұл жағдайда біз алған нәтижелерді солардың жадында сақтаймыз. Барлық мәліметтер осы тасымалдаушыларда файлдар түрінде сақталады.
Файл дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі).
File (ағылшын тілінен аударылғанда) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны білдіреді.
Borland Pascal - да файлдарды екі негізгі белгісі бойынша топтастыруға болады:
файлдың типі бойынша (оның логикалық құрылымына )
файл элементтеріне қатынау тәсілі бойынша
Типтері бойынша файлдар шартты түрде үш түрге бөлінеді:
мәтіндік файл;
типтік файл;
типтік емес файл.
Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс істейміз.
Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді:
Тікелей қатынау файлдары
Кезекпен қатынау файлдары

Олардың айырмашылығы тікелей қатынау файлдарында арнайы
процедуралар және функцияларды пайдалана отырып, мәліметтерді, олардың файлдағы орнына тәуелсіз, оқуға немесе жазуға болады, ал кезекпен қатынау файлында оның ортасында немесе соңында тұрған мәліметті оқу үшін, оның алдындағы мәліметтердің барлығын оқуға тура келеді. Мәтіндік файлдар кезекпен қатынау файлдарына жатады, ал типтік файлдар тікелей қатынау файлдарына жатады.
2. Мәтіндік файлға мәліметтер жазу.
Бір өлшемді массив.
Ең қарапайым файл типі мәтіндік файл болып табылады. Бұл файлдағы мәліметтер типтік және типтік емес файлдардағыдай машиналық кодта емес, сан, әріп және басқа пернетақта символдары түрінде (ASCII кодында) беріледі. Сондықтан мұндай файлдар мазмұны оңай қаралады, оңай өзгереді және оларды кез келген мәтіндік редактордың, соның ішінде Borland Pascal ортасының да көмегімен өзгертуге болады. Өздеріңіз білетіндей 2. 1. 2.- ні қара, мәтінді теру кезінде жаңа жолды енгізу үшін “Enter” пернесін басу керек, осы кезде арнайы код гинерацияланады — ол жол соңы коды, ал файлды сыртқы сақтау құрылғысына жазған кезде де арнайы код гинерацияланады — ол файл соңы коды. Мәтіндік файлды оқығанда бұл кодтар көрінбейді.

Файлдардың түрлері жүктеу
12 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Антивирустар
Антивирустар
Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрену.
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Информатика - еліне саяхат
Информатика - еліне саяхат
Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау.
Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе.
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы, «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» КММ. Жоғарғы санатты информатика пәні мұғалімі Бекишева Ғазиза Есенқызы
Компьютердің сыртқы жады
Компьютердің сыртқы жады
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×