Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары

10 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика
Мамандығы, тобы:
Курсы: І курс
Тақырыбы: «Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары».

Сабақтың мақсаты: Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету
Міндеттері:
а) білімдік: Вирустар және олармен күресудің, сақтанудың жолдары туралы, ену мүмкіндіктері, бүлінген файлдарды емдейтін құралдар туралы мағлұматтар беру.
ә) дамытушылық: оқушылардың компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету дағдыларын дамыту
б) тәрбиелік: Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ақпараттық мәдениеттерінің қалыптасуына ықпал жасау
Сабақтың әдісі: аралас
Сабақтың түрі: дәріс
Пән - аралық байланысы: математика, сызу, арнайы пәндер, ағылшын
Құралдар: Дербес компьютер, тапсырмалар парағы, терминологиялық сөздік

САБАҚ ЖОСПАРЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
ІІ. Білім, білік, дағдыларды актуализациялау
- Ребус шешу /қайталау, (20 мин)
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру (45 минут)
IV. Тақырыпты бекіту (10 минут)
V. Қорытындылау. (7 минут)
VІ. Үйге тапсырма (2 минут)
VІІ. Бағалау (3 минут)
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Қайталау:
1. Ребус шешу /қайталау
2. Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу
1. Архивтеу, архиваторлар, архивтік файл, архивтік программалар деген3міз не?
Архивтеу дегенiмiз – алдын ала сығу жолымен файлдардың көшiрмесiн дискiде (магниттi таспада) сақтау.
Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.
Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:
1. Файлдың аты;
2. Файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
3. Файл көлемін дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);
4. Архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шарт таңбасы.
Архивтік программалар бір - бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты мүмкіндіктерімен айрықшаланады.
Кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, PKZIP, WinRar, WinZip, Backup және т. б. архивтеу программалары жатады.
2. Файлдарды архивтеу жолдары қандай?
1. Жұмыс үстеліндегі Құжаттар папкасын тауып, ерекшелеп;
2. Тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіңдер де, пайда болған контекстік менюден Добавить в архив – ті таңдаңдар.
3. Ашылған сұхбат терезесінен қажет параметрлерін таңдап, ок шертеміз.

Құрастырған: информатика пәнінің оқытушысы Омарова М. А.

Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары. жүктеу
2 540
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Антивирустар
Антивирустар
Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрену.
Компьютерлік вирустар және түрлері
Компьютерлік вирустар және түрлері
Компьютерлік ақпаратты қорғау ұғымы мен архивтеу бағдарламасы түсінігін меңгерту. Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту. Сабаққа қызығушылығын арттыру
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.
Компьютерлік вирустар. Вирустан тазарту программалары
Компьютерлік вирустар. Вирустан тазарту программалары
Мақсаты: Компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру, антивирусқа қарсы программаларды қарастыру; Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту.
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы №105 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айдана Жансейтова
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×