Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сызықтық алгоритмдерді программалау

10 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау.
Сабақтың мақсаты: сызықтық алгоритмдерді программалау кезеңіне түсінік беру, сызықтық алгоритмдерді программалауды практикада қолдана білуге үйрету, оқушылардың практикалық және логикалық дағдыларын қалыптастыру, компьютерде жұмыс істей білуін тереңдету, ой - өрісін және ақпараттық мәдениетін дамыту, жауапкершілікке, дұрыс ойлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсете түсіндіру, практикалық жұмыстар жүргізу
Қажетті құрал - жабдықтар: оқулық, компьютер, тақта, қосымша плакаттар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
- оқушылармен сәлемдесу;
- оқу кабинетінің санитарлық - гигиеналық жағдайын қарау;
- оқушыларды түгендеу.

ІІ. Өткен сабаққа шолу (білімді пысықтау)
- Сұрақтар беру:
1) Программа деп нені айтады?
2) Есепті шешудің қандай кезеңдері бар?
3) Программалау дегеніміз не?
- Практикалық тапсырмалар орындау:
1) Төмендегі өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:

ІІІ. Жаңа материалды меңгеру әзірлік
Алгоритмнің жазылуының негізгі 4 түрі болады:
1) Қарапайым тіл арқылы
2) Түйінді сөздер арқылы
3) Блок - сызба арқылы
4) Программалау тілі арқылы
Алгоритм 3 түрге бөлінеді: сызықтық, тармақталу және циклдік.
Сызықтық алгоритм дегеніміз – іс - әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер.
Есептерді шешу кезеңдері:
1. Есептің математикалық жобасын белгілеу.
2. Есептің шешу әдісін таңдап алу.
3. ЭЕМ - нің ерекшелігін ескеріп, алгоритм құрастыру.
4. Программалау.
5. Программа жұмысын ЭЕМ - де тексеру.
6. Есепті ЭЕМ - де автоматты түрде орындау.

Сызықтық алгоритмдерді программалау. жүктеу
2 027
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдер мен оларды программалау тілінде аудару туралы білім меңгерту
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау. Қарапайым операторларды қолданып, сызықтық программаларды құру. Синтаксистік, семантикалық ережелерді сақтау, операторларды дұрыс жазып, дұрыс қолдану. Өздігінен жұмыс істеп, пікірлерін айта білуге үйрету.
Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау
Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау
Информатика пәні мұғалімі: Ташходжаев Султанмурат Акмалович
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында № 10 орта мектепте информатика пәні мұғалімі Жакипова Анар Тойшибековна
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ОЖББМ – нің информатика пәні мұғалімі Хамзина Индира Сабырғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×