Білімділер поралы

Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс

Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау
Дамытушылық: тақырып бойынша алған білімдерін тапсырмаларды
орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру,
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: сабақ барысында оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың әдісі: жарыс сабақ, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, карточкалар
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, қазақ тілі. математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сыныпты екі топқа бөлемін де, жарыс түрінде өткіземін. Сабақ бірнеше турдан тұрады. Әр топта топ басшылары сайланады. І - ші топ «Word», ІІ топ «WordPad»
І тур. «Кім жылдам» Қай топ бірінші болып сұраққа жауап береді, Сол топ 1 ұпай ие болады.
Сұрақтар:
1. Microsoft Word мәтіндік редакторының қызметі?
2. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы?
3. Мәтіндік құжатты пішімдеу дегеніміз не?
4. Microsoft Word мәтіндік редакторының жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?
5. Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру командасы?
6. Baskspace, Delete пернелері не үшін керек?
ІІ тур « Мен білімдімін». Microsoft Word терезе элементтерін жазу. Әр топқа бірі бетке жазып шығып. нәтижесін тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, ұпайларын қою.
Әр дұрыс элемент 1 ұпайға тең.
ІІІ тур. «Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес сөзді табу керек
Сөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып алу, графикалық редактор, ж/е т. б.
ІV тур. Мақалдар сайысы. Әр топқа мақалдың жартысын беріп, ал оқушылар жартысын тауып Word - та тездетіп жазу керек. Қай топ бірінші мақалдың жартысын тауып қатесіз жазса сол топ өздеріне балл қосқаны.

Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 360
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 360
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика