Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Редактор командалары

11 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы,
№24 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Қаман Күлмараш Болатқызы

Тақырыбы: Редактор командалары. Болдырмау командасы. Суретті сақтау. Мәтіні бар суреттер салу. Редакторда тәжірибелік жұмыс.

Сабақ мақсаты: А) Графиктік редактормен жұмыс жасауға үйрету. Болдырмау командаларын пайдалануды үйрету. Суретті сақтауға үйрету. Суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын пайдалануға үйрету.
Б) Отменить командасын пайдалану, Сохранить командасын пайдалануды, суретке мәтін кірістіруді меңгерту.
В) Оқушыларға редактормен жұмыс жасағанда жұмыстың тез әрі оңай жолын іздеуге, қолайлы тәсілдерді қолдана білуге, уақытты тиімді пайдалануға үйрету.

Сабақ көрнекілігі:
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі – баяндау сабағы.
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты практикалық жұмыс орындату.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Саламатсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтарды салу. Көпбұрыштарды салу. Құю құралын қолдану. Редакторда тәжірибелік жұмыс.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар.
1. Түзу сызықты салу құралын пайдалану алгоритмі қалай?
2. Шаршыны салу алгоритмін кім айтады?
3. Тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?
4. Дөңгеленген тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?
5. Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?
6. Эллипс деген не? Оны қалай саламыз?
7. Шеңберді қалай саламыз?
8. Қисық сызық салу құралын пайдалану реті қандай?
9. Көпбұрыштарды салу құралын пайдалану реті қандай?
10. Құю құралын пайдалану реті қандай?
11. Бүріккіш құралын пайдалану реті қандай?
12. Қылқалам құралын пайдалану реті қандай?
13. Өшіргіш құралын пайдалану реті қандай?

Жаңа сабақ Редактор командалары. Болдырмау командасы. Суретті сақтау. Мәтіні бар суреттер салу. Редакторда тәжірибелік жұмыс.
Болдырмау командасы.
Егер бір жұмыстарың ойдағыдай болмай жатса, оған бола қиналып қажеті жоқ. Соңғы үш әрекетті әрқашан да болдырмауға болады. Ол үшін Правка - Отменить командасын пайдаланыңдар. Ал Правка - Отменить командасын орындау соңғы әрекетті орындатпайды. Ал оның алдындағы әрекетті болдырмау үшін осы команданы тағы да бір рет қайталау қажет.

Қайталау командасы.
Егер сендер бір әрекетті қателесіп болдырмай алып тастаған болсаңдар, немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны Правка - Повторить командасын орындап, орындаудан алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады. Оны да үш рет қайталауға болады.
Суретті қалай сақтауға болады.
Салған суреттерді келесіде қолдану үшін оны дискідегі файлда ат беріп сақтау керек.
Графиктік редакторда құжатты бірінші рет сақтағанда Файл - Сохранить как командасын қолданады. Сонда экранда Сохранение терезесі пайда болады. Имя файла өрісіне файлға ат беріп, Сохранить батырмасын басады. Қайталап сақтағанда Файл - Сохранить командасын орындайды. Бұл кезде сурет сол алғашқы атымен сол файлда сақталады.

Мәтіні бар суреттерді салу.
Салған суреттеріңе мәтін қосуға болады. Ол үшін:
1. Надпись құралын таңдаңдар.
2. Тышқанмен мәтін жазылатын төрт бұрышты жақтау салыңдар. Сонда жақтау ішінде кірістіру меңзері пайда болады.
3. Пернетақтадан қажет мәтінді енгізіңдер.
4. Егер шрифт өлшемін өзгерту керек болса, немесе оларды курсив, қарайтылған жасағыларың келсе, онда бұл үшін Шрифты құрал - саймандар тақтасы қолданылады.
5. Мәтінді енгізіп, өзгертіп болғасын мәтін жақтауының сыртында
Егер бұл тақта экранда жоқ болса, онда Вид - Панель атрибутов текста командасын орындау арқылы құрал -саймандар тақтасын шығаруға болады.

Суреттерді қалай ашады.
Дискідегі сақтаулы суретті ашу үшін Файл - Открыть командасын орындайды. Экранда диалог терезесі ашылады, онда меңзерді қажетті файлдың атына орнластырып, оны екі рет шертіңдер.
Егер сендер редактормен жұмыс барысында жаңадан құжат жасау керек болса, Файл - Создать командасын орындаңдар.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
4 690
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторын терең ұғындырып, берілген тапсырмаларды жазуды үйрету.
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Асанова Мөлдір
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
Графикалық редактор
Графикалық редактор
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
Paint графикалық редакторының командалары
Paint графикалық редакторының командалары
Атырау облысы, Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Аманқосова Батима Оңайбайқызы
Раіnt графикалық редакторы
Раіnt графикалық редакторы
Компьютер график құруда және графикалық кескіндерді өңдеуде ең қолайлы және қуатты құрал болып табылады. Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға, түрлі қылқаламды пайдаланып, суреттерді әр түрлі түске бояуға, суретке мәтін енгізуге
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×