Қазақстанның
білім беру порталы.

Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары

21 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Операциялық жүйемен және оның қызметімен, түрлерімен, объектілерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам?» ойыны ( сұрақ - жауап әдісі)
• Компьютер жады қандай түрлерге бөлінеді?
• Ішкі жад неден тұрады?
• Сыртқы жад қандай құрылғылардан тұрады?
• Қатты дискіге сипаттама бер?
• Дискеттің ақпараттық көлемі қандай?
• Оптикалық дискінің көлемі қандай?
• Флеш - жинақтаушы дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек,
Видео ролик арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе жасау. Оқулықтағы қосымша материалдармен таныстыру

Ой қозғау сұрақтары
1. Сіздің үйіңізде қандай ОЖ орнатылған?
2. ОЖ - сіз компьютер жұмыс атқара алама?
3. ОЖ қандай түрлерін білесіздер?
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Біз үшін компьютермен қарым - қатынас жасаудың қолайлы әдісі – операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ - лер:
■ Бір міндетті ( MS DOS) және көп міндетті қатар атқаратын; (UNIX, WINDOWS)
■ Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;

WINDOWSтың негізгі объектілері:
• Қапшық – объектілерді сақтайтын орын. (файлдар, таңбашалар, және т. б.)
• Файл – аты, типі, өлшемі, құрылу уақыты деп аталатын қасиетке ие бар объект.
• Таңбашалар – нақты объектіге сілтеме.
• Терезелер - экранда жақтаушамен шектелген төртбұрышты аймақ. Басқару элементтері мен жұмыс істеу аймағы болады.

Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі:
Windows графикалық жүйе болып табылады. Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялық жүйелер бәсекелесе алады. UNIX – бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын ОЖ.
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары жүктеу
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары слайд жүктеу
406
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.
Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе.
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сабақтың мақсаты: Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар
Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназиясы информатика пәні мұғалімі Домаева Гаухар Абдикаримовна
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Ақтөбе облысы, Жем қаласы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мурзабаева Ақтолқын Рафитқызы
Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелерді баптау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.