Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру

11 ақпан 2012, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы:«Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру жайлы мәліметтер беру. Құжатқа суреттер енгізу әдіс-тәсілдерін үйрету,көрсету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Құжаттарды безендіруге, әртүрлі суреттерді енгізу түрлерін білу қажет.
3. Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта ҚЕ сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, суреттер, карточкалар, электорнды оқулық.Сабақта қолданатын MS Office программалары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, сурет, валеология, математика.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру, компьютердің дайындығын бақылау, техникалық қауіпсіздігін ескерту.
ә) Үй тапсырмасын тексеру және талдау.
б) Бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру:Paint графикалық редакторында үй жұмысына берілген еркін тақырып бойынша салған суреттерін файлдан көрсетіп,әңгімелеп беру арқылы үй жұмысы тексеріледі.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Microsoft Word кұжаттарына басқа программаларда жасалған, сондай-ақ сурет салу тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік объектілерді қоюға болады. Ол осы объектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез-келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.
Сол сияқты Word –та мәтінге дайын немесе Paint графикалық редакторында өзіңіз салған суреттеріңізді кірістіру мүмкіндігі бар.
Егер сіз Paint –та өз суретіңізді салған болсаңыз, онда оны сіздің мәтініңізге алмастыру буферінің көмегімен көшіру командасын қолданып кірістіруге болады.
Дайын суреттер кітапханасынан суретті кірістіру мысалын қарастыруға болады:
1. Мәтінді енгізіп алу қажет
2. Вставка – Рисунок – Картины командасын орында
3. Microsoft Clip Gallery диалог терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңда
4. Суреттері бар терезеде ашылады, таңдалынған суретте маусты шертіңіз
5. Мәтінге суретті кірістіру үшін Вставить батырмасы бойынша шертіңіз.
6. Егер сізді өлшемі қанағаттандырмайтын болса, онда оны үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз. Ол үшін сурет бойынша маусты шертіңіз, меңзерді суреттің бұрышына орналастырыңыз. Меңзер қос бағыттауышының формасын алуы қажет және бағыттаушыны көлденеңінен жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
7. Суреттің өлшемін қалауымызша таңдағаннан кейін осы бойынша маустың оң жақ батырмасын шертіңіз.
8. Жанама менюден Формат рисунка командасын таңдаңыз. Формат рисунка диалог терезесінде Положение қосымшасы бойынша шерту және Поверх текста опциясында жалаушаны алып тастаңыз , ОК шерт.
9. Кірістірілген сурет мәтіннің оң не сол жағына орналасуы үшін , Обтекание қосымшасын таңдау қажет. Вокруг рамки және По большей стороне квадраттары бойынша шерт және ОК шерт.

Оқушылар тапсырманы орындамас бұрын, қауіпсіздік ережесін қайталап кетейік.
Оқушыларға тапсырмалар таратылады.

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:
1. Суретті қалай мәтінге кірістіруге болады?
2. Суретті үлкейту, созу, кішірейту, көшіру амалын айтып бер?
3. Paint редакторындағы суретті қалай мәтінге енгізуге болады?
4.Мәтінді қалай безендіруге болады?
5. Мәтіннің қатесін қалай тексеруге болады?

Сабақты қорытындылау: Мұғалім сөзі:
Сендер менің байлығым – оқушыларым,
Үміт еткен мақсатым, бар арманым
Мен жетпеген шыңдарға сендер жетсең,
Орындалар өмірде бар арманым.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: 90-91 беттерді мәнерлеп оқу, түсіну, еркін тақырыпқа қысқаша әңгіме құрастырып келу.
6 910
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.
Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Оқушылар word мәтіндік редакторына суреттерді кірістірумен танысу
Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новенький орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Есенова Тыныштық Қосаманқызы
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, информатика пәні мұғалімі Жетпісәлиев Жасұлан Серікұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×