Білімділер поралы

Программаны орнату және оны жою. Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру

11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Программаны орнату және оны жою. Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру.

Сабақтың мақсаты: Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру тәсілдерін үйрету
Оқушылар білуі тиіс: - программаны орнату/жою тәсілдерін;
- Windows 7 операциялық жүйені орнату тәртібін;
- операциялық жүйе жұмысында туындайтын проблемалар мен оларды шешу әдістерін.
Оқушылар үйренуі тиіс: Windows операциялық жүйесінде программаларды орнату мен жоюды, жүйені қайта қалпына келтіру нүктесін құруды және жүйені баптауды іске асыруды.

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, үлестірме қағаздар, тест сұрақтары, т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысын қадағалап өту.
ІІ. Өткен сабақтар бойынша қайталау:
 программалық жабдықтама дегеніміз не? /бұл кез келген есептеу жүйесінің бөлігі/
 программалық жабдықтама қандай белгілерге байланысты жіктеледі? /тағайындалуына (жүйелі, қолданбалы, аспапты), сатып алу тәсіліне (еркін және проприетарлық), тасымалдау (кроссплатформалық, платформаға тәуелді)/
 процессордың разрядтылығы нені көрсетеді /мәліметтердің көлемі қалай, қандай жылдамдықпен өңделгенін/

Жаңа сабақ: Программаны орнату
Программаларды орнату есептік жазбадағы әкімшіліктің рұқсатымен, дискіден, интернет желісінен немесе жергілікті желі арқылы жасалады.
Егер дискіні дискіжетекке салсақ авто іске қосу жүреді, егер бұл орындалмаса, онда дискіжетектегі дискіні ашып, ондағы setup. exe немес install. exe файлдарын басу арқылы іске қосамыз. Программаны іске қосқаннан кейін Шебердің нұсқауымен жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар кез келген жағдайда орнатушы лицензиялық келісіммен келісуді талап етеді және программаға кілттің қажетілігі туындайды.

Программаны жою
Программаны жою жолдарының бірнеше түрін қарастырайық:
- өзімізге қажетті программаны орнатқаннан кейін ол Іске қосу мәзірінде орналасады, онда программаны жою жарлығыда болады;
- орнатылған программалардың көпшілігі Program Files бумасында орналасады. Бұл буманың ішінен жоятын программаны тауып оны іске қосуға болады.
- Windows операциялық жүйесінде программаларды орнату, өзгерту, қалпына келтіру және жою әрекеттері Басқару панелі арқылы жүзеге асады. Ол үшін:
Іске қосу → Басқару панелі → Программаны өшіру әрекеттерін орындасақ, программа мен компоненттердің тізімі шығады. Осы тізімнен жойғалы отырған программамызды табамызда Жою/Өзгерту (Удалить/Изменить) батырмасын басып, одан әрі шебердің нұсқауымен әрекет етеміз.

Ескерту: программаны орнатсақта немесе жойсақта компьютерді қайта жүктеуіміз керек.

Операциялық жүйені (ОЖ) орнату
Біз кез келген мезгілде Windows операциялық жүйесімен жұмыс жасаймыз, ол бүкіл құрылғылар мен программалардың жұмысын басқарып отырады.
Егер компьютерде кездескен ақауды жою мүмкін болмаса, онда ОЖ - ні қайта орнатуға тура келеді немесе ОЖ - нің жаңа топтамасы шығып жатса оны қайта жаңартуға болады. Жаңартқан кезде алдыңғы ОЖ жаңа нұсқаға ауыстырылып, бұрынғы барлық мәліметтер мен баптаулар сақталады.
ОЖ - ні орнатар алдында дербес компьютердің талапқа сай болуын қадағалауымыз керек. Мысалы, Windows 7 операциялық жүйесін орнату үшін мынадай компоненттер сәйкес келуі керек.
Программаны орнату және оны жою. Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 44
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 44
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика