Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпаратты шифрлеу

30 қараша 2019, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сынып: 6 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты шифрлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6. 2. 1. 1 - мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау
Сабақтың мақсаты: мәтіндік ақпараттың кодтау және декодтауды білу, әртүрлі шифрлеуді қолдану, өз бетінше шифр құрастыру
Бағалау критерийі:
- мәтіндік ақпараттың кодтау және декодтауды біледі
- әртүрлі шифрлеуді қолдана алады
- өз бетінше шифр құрастырады
Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология:
 Код, кодтау, декодтау, мәтін ақпараты, Цезардың шифры
Оқытудың тілдік мақсаты:
Тыңдалым дағдысы мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау ақпаратын алу барысында;
Оқылым - жазылым дағдысы шифрды пайдаланып сөз құрастыру барысында және топпен жұмыс барысында қалыптасады.
Айтылым дағдысы сұрақтарға жауап беру барысында қалыптасады
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Декодтау ақпарат болып табылады,... Егер шифрлау ережесі белгілі болса немесе кодтау кестесі болса,...
Құндылықтарға баулу«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығына сәйкес шифрлауды пайдаланып хабарлама жазу барысында білімдерін шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеттілігін, берілген тапсырмаларды орындау барысында топ арасында қарым - қатынас жасағанда бір - бірінің көзқарастарына құрметпен қарау дағдысын қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері (сызбасы, бейнеленуі), тарих (шығу тарихы), математика (код жазу)
Алдыңғы білім6. 2. 1. 3 – ақпаратты беруші және қабылдаушы арналарына мысал келтіру
Сабақ барысы
Кезең Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Сабақтың басы – 5 мин
Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарын аудару.
Үй тапсырмасын тексеру «Суреттер сыры» әдісі арқылы
Өткен тақырып бойынша суреттер беріледі.
ҚБ «Жарайсың!», «Керемет!»
Ресурстар Стикер
Интербелсенді тақта
Дағды: оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру, қызықтыру, білімді шығармашылық тұрғыдан қолдану дағдыларын дамыту мақсатында келесі тапсырма беріледі
Қызығушылығын ояту, мәселе қою («Миға шабуыл» әдісі) Слаид
Сабақтың тақырыбын, оқыту мақсатын хабарлау
Тақырып: Ақпаратты шифрлеу
Мақсат: Мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау түрлерімен танысу (сыныпқа жаңа тақырып пен мақсатын хабарлаймын)
Видеоролик
Шифрлау (кодтау)- рұқсат етілген тұлғаларға қолжетімді және рұқсат етілмеген адамдардан құпия сақталатын ақпаратты түрлендірудің бірі. Шифрлау - кодтау болып табылады, алайда мұнда ақпаратты жіберуші мен қабылдаушыға ғана белгілі бір құпия әдіс қолданылады.
Шифрдан шығару (декодтау)- шифрланған ақпаратты бастапқы қалпына келтіру, яғни алғашқы мәтінді алу үрдісі.
Хабарламаны жасырудың көптеген тәсілдері бар. Мысалы; алмастыру, Морзе коды, Цезарь шифры.
Алмастыру. Алмастыру шифрында алдын ала белгілі ережелер мен кілттерді пайдалана отырып, әріптер бір - бірімен алмастырылады. Мысалы, сөздер кері бағытта жазылуы мүмкін.
Морзе коды (Морзе әліппесі). Морзе коды негізінде код емес, шифр болып табылады. Әліппенің әрбір әрпі, 0 - ден 9 - ға дейінгі сандар, сонымен қатар тыныс белгілері қысқа және ұзын дыбыстық сигналдармен алмастырылады. Бұл сигналдарды әдетте «нүкте және сызықша» деп атайды. Басқа шифрлармен салыстырғанда Морзе коды хабарламаларды жасыру үшін қолданылмайды.
Цезарь шифрын алғаш Юлий Цезарь қолданған, сондықтан бұл шифр Цезарь атымен белгілі. Цезарь шифры әртүрлі шифрлардан тұрады. Шифрлар саны қолданылатын әліпбидің құрамына кіретін әріптер санымен сәйкес келеді.
Цезарь шифры - ең жеңіл және кеңінен тараған шифр әдісі. Оны Цезарь коды, Цезарь жылжытуы немесе жылжыту шифры деп те атайды.
Шифр орнына қоюдың бір түрі деп те атауға болады. Шифрде әрбір таңба ашық мәтінде әліпби бойынша тұрақты көлемде оңға немесе солға жылжытылып отырады. Мысалы, жылжыту саны 3 болатын шифрде А әрібі В, Ә әрібі Г ауыстырылады.
Шифр рим императоры Гай Юлий Цезарь атымен аталған. Ол осы шифрды өзінің генералдарымен қолданған.
Криптография. Қазіргі уақытта белгілі бір ақпарат мәтінімен құпиялылығы қамтамасыз етудің көптеген тәсілдері бар. Осы тәсілдерді зерттейтін ғылым криптография болып табылады.
Криптография - арнайы кілттердің көмегімен шифрланған ақпаратты жеткізу және қабылдау әдістері мен қағидалары туралы ғылым.
Кілт - хабарламаларды шифрлау, шифрдан шығару кезінде криптографиялық алгоритмде қолданылатын құпия ақпарат.
Электронды қолтаңба - электрондық сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электронды құжаттың дұрыстығын әрі мазмұнның өзгермейтіндігін растайтын электронды сандық нышандар терімі.
Құжатты шифрлау - шифрлау арнайы кілттерін қолдану арқылы құжат мәтінін өзгерту.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп – лицей
Информатика пәнінің мұғалімі Айтқалиева Бақыт Ибайдуллақызы

Ақпараттарды шифрлеу жүктеу
5 542
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпаратты шифрлеу
Ақпаратты шифрлеу
Сандар мен символдар ASСII кодын қолдану. Ағылшын тілі: ASСII коды, Морзе әріптері және оналтылық санау жүйе латын әліпбилері.
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.
Мәтіндік ақпаратты кодтау
Мәтіндік ақпаратты кодтау
Мақсаты: Барлық оқушылар Мәтіндік ақпаратты кодтауды үйренеді. Нақты бір код символының тағайындалу маңыздылығын түсінеді және ол кодтық кестеде бекітілетінің біледі.
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау
Компьютерде сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтауды әдісімен таныстыру.
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару
Алғашқыда ЭЕМ сандармен жұмыс істеген. Кейінірек компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың дамуы компьютерде ақпараттың басқа да түрлерін сақтау мен өңдеуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты кодтау
Ақпаратты кодтау
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×