Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызметтік хаттың құрылымы

30 наурыз 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Қызметтік хаттың құрылымы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сабақты қызметтік хаттың құрылымымен таныстыру..
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыпшылықққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, үлгі, компьютер

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты қайталау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар. Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынандай бөліктерден тұрады.
1. Тақырыбы
2. Датасы
3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты жөні.
4. Кіріспе сөз
5. Хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететін бөлік.
6. Негізгі текст
7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері.
8. Жіберушінің қолы
9. Қосымша берілетін болса оған сілтеме.
10. Қосымша.
11. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет.
12. Постскриптум

1. Қызметтік хаттың тақырыбы:
Егер хат фирмалық бланкіге емес, таза қағазға жазылса жоғарғы жағына алдымен мекеменің толық аты, адресі, телефон нөмірі жазылады. Қажет болған жағдайда мекеменің немен айналысатыны да көрсетіледі. Айтылған мәліметтер қазақ тілінде қажет жағдайда қосымша орыс немесе ағылшын тілінде беріледі.
Мерзімі. Хат жазылып отырған күн қағаздың оң жақ бұрышында көрсетіледі. Хат жазылған ай цифрмен емес жазбаша көрсетілгені дұрыс. Себебі цифрды тез шатастырып алуға болады, кейбір елдерде бірінші цифр жазылған күнді емес айды білдіреді.
Хат алушы мекеменің аты мен мекенжайы. Тақырыптан кейін хат жолданып отырған мекеменің аты, келесі жолға адресаттың аты-жөні жазылады. Ер адамға аты жөнінен кейін мырзаға, әйел адамға ханымға деп жазуға болады.

Кіріспе сөз. Ресми кіріспе сөздің қабылданған стандарт формалары бар. Кіріспе сөз азат жолдан бастап жазылады.
«Құрметті мырзалар!»
«Мырзалар!»
«Құрметті М. С. Болатов мырза!»
Хаттың жалпы мазмұн, мақсатына нұсқау.
Көп жағдайда негізгі текстен бұрын хаттың жалпы мазмұн, мақсатын білдіру үшін қысқаша мәлімет жазылады.
Негізгі текст. Қызметтік хаттың түрлері өте көп. Олар:
1. ресми хаттар
2. жеке хаттар
3. ұсыныс, кепілдеме хаттар
4. сұрау салу хаттары
5. шағым хаттар
6. жолдама хаттар.

Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері күнделікті қолданылатын «Сау болыңыз!», «Жақсылықпен көрісейік» сөздерін ауыстыра алатын ресми, стандарт сөздер болуы керек.
Жіберушінің қолы

Хаттың бұл бөлігінде жіберушінің ресми қызметі аты-жөні жазылады және қолы қойылады.
Қосымша берілетін болса оған сілтеме. Жолдама хатта көрсетілген мәліметтің бәрі қосымша болып есептелінеді. Қосымша бірнешеу болса оған тізім жасалынады.
Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет. Құжатты дайындаушы туралы мәлімет парақтың сол жағынан ұсақ шрифтімен жазылады.
М:
«Орындаушы Бердібекова А. С
жұмыс телефоны: 56 - 58 - 41
2005 жыл 28 тамыз»

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Қызметтік хат қандай бөліктерден тұрады?
2. Қызметтік хаттың түрлерін ата.

Оқушыларды бағалау

Ү. Үйге тапсырма: 125 - 136 бет

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Егіндібұлақ ауылындағы кәсіптік мектеп мұғалімі
Информатика пәнінің мұғалімі Ақшабақова Кульзипа
21 811
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Мекеме ұйымдарына қатысты іс - қағаздар
Мекеме ұйымдарына қатысты іс - қағаздар
Іс - қағаздардың түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту, өзіне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктері, қолдану аясы, атқаратын қызметі жөнінде толық мәлімет беру.
Іс қағаздарының құрылымдық – тілдік ерекшеліктері
Іс қағаздарының құрылымдық – тілдік ерекшеліктері
Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының түрлері мен тілдік - құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты келісімшарттың, бұйрықтың, хаттаманың, анықтаманың, жарнаманың, хабарландырудың жазылуы болып табылады.
Шығармашылық жазу жұмыстары. Хат (күнделікті сабақ жоспары)
Шығармашылық жазу жұмыстары. Хат (күнделікті сабақ жоспары)
Шығармашылық жазу жұмыстары туралы түсінік беру, жеке адам өміріне қатысты іс - қағаздардың бірі – хат, оның түрлері, тілдік сипаты туралы ұғым беру
Жаңа жылдық ашық хат
Жаңа жылдық ашық хат
Тәрбиеші: Кульчикова М. Н.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Оқытушының рейтинг картасы
Оқытушының рейтинг картасы
Оқытушының рейтинг картасы Психологиялық-педагогикалық білімі оқыту процесінің психологиялық түйінін білуі оқыту процесінің педагогикалық заңдылықтарын білуі білім беру стандарты және оқыту ақпаратын талдаудың тәсілдерін меңгеруі оқыту ақпаратын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.