Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютерлік графика

08 ақпан 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың мақсаты: Компьютерлік графикаға толық мәлімет беріп, оның түрлеріне мысалдар келтіре отырып, түсінік беру.
Сабақтың типі жаңа сабақты игерту.
Сабақтың түрі аралас сабақ.
Сабақтың әдісі түсіндірмелі - репродуктивтік, сұрақ - жауап, компьютерлік технологияның
элементтері, тест тапсырмасы.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, презентациялар, тест, ТСО (компьютер, мультиэпипроектор).

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ - жауап арқылы:
1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
2. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін атаңыздар.
3. Вирусқа қарсы программаларды атаңыз.
4. Файлды сығу, яғни буып - түю үшін қандай программалар қарастырылған? Аттарын атап, сипаттама беріңіздер.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау. Тест тапсырмасы арқылы.
1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
А. Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программа;
В. Резервтік кодалары бар файл;
С. Файлдарды форматтауға арналған бағдарлама.

2. Мекендеу ортасына қарай вирустар:
А. Жүйелік, таңбашалық, даталық болып бөлінеді;
В. Файлдық, жүктейтін, макровирустар болып бөлінеді;
С. Сервистік, домендік, желілік болып бөлінеді.

3. Вирусқа қарсы программалар:
А. Сервистар, полифагтар, ревизорлар;
В. Детекторлар, Логиндар, Ревизорлар;
С. Детекторлар, Ревизорлар, Полифагтар.

4. Ревизор программа ADif - ті ұсынған кім?
А. Д. Мостов;
В. Е. Касперский;
C. И. Данилов.

5. Файлды архивке жазу процесі қалай аталады?
А. Контактілеу;
В. Сервистеу;
С. Архивтеу.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру, баяндау.
Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады.
Компьютерлік графика түс ерекшелігіне қарай: ақ - қара, түрлі түсті;
қолдану бағытына қарай: инженерлік графика, ғылыми графика, Web - графика;
Көркемдік графика құрылу әдістеріне қарай: Екі өлшемді графика: - растрлық; - векторлық;- фракталдық.
Үш өлшемді графика болып бөлінеді.
Растрлық графика дәл мозайка сияқты. Тек шыны немесе пластмасса кесектерінің орнына пиксель алынады. Пиксель – монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық кескінді үлкейткенде әрбір нүктенің өлшемі үлкейіп, сатылы эффект пайда болады, оны оптикалық құралсыз көзбен де көруге болады.
Растрлық бейнені кодтау 0 және 1 сандарымен орындалады.

Векторлық кескін – бұл:
- нүктелер;
- сызықтар;
- шеңберлер;
- төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу.
Пиксель, растрлық кескіннің базалық (негізгі) элементі болып табылса, ал векторлық кескінде – сызық болып табылады.
Векторлық кескіндеудің негізгі құндылығы сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатынында!
Фракталды кескіндер - қазіргі таңда қарқындап дамып келе жатқан кескіндердің бірі болып табылады. Фрактал, фракталды геометрия және фракталды графика түсінігі, 70 - шы жылдардың аяғынан бастап, бүгінге дейінгі математика ғылымы мен компьютерлік суретшілердің кең қолданысына ие. Фрактал сөзі латынның «fractus» «фрагменттерден тұратын» деген мағынаны береді. Мағынаны «фракталды кескін» деп айтуды математика саласының әйгілі ғалымы Бенуа Мандель - Брот 1975 жылы ұсынған. Фракталдық кескін математикалық есептеулерге негізделген. Негізгі элементі математикалық формула болып табылады. Компьютерлік графикада фракталды кескіндер табиғи құбылыстарды, мысалы бұлттар, қарлар, жағалаулар және т. с. с. күрделі кескіндерді салу үшін пайдаланылады. Фракталды графикамен жұмыс жасау үшін келесідей программалар қарастырылған:
Fracplanet 4. 0, Art Dabbler, Ultra Fractal, Fractal Explorer, ChaosPro Apophysis, Mystica

V. Жаңа сабақты пысықтау
Практикалық жұмыс (тапсырмалар арқылы компьютерде орындау).
VI. Қорытындылау
Венн диаграммасы арқылы.
VII. Бағалау.
VIII. Үй тапсырмасын беру.
17 387
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар
Антивирустар
Антивирустар
Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрену.
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.
Компьютерлік вирустар. Вирустан тазарту программалары
Компьютерлік вирустар. Вирустан тазарту программалары
Мақсаты: Компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру, антивирусқа қарсы программаларды қарастыру; Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту.
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы №105 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айдана Жансейтова
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×