Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Microsoft Excel кестелік процессоры. Негізгі түсініктері мен амалдар. Excel - де деректермен жұмыс істеу

20 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақ тақырыбы: Microsoft Excel кестелік процессоры.
Негізгі түсініктері мен амалдар.
Excel - де деректермен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Excel - дегі негізгі ұғымдарымен және амалдарды білу. Жұмыстық кесте элементтерін таныстыру. жолын білу.
2. Жұмыстық беттермен әрекеттер жүргізуге, яғни кесте беттері бойынша ауысу, кесте беттері арасында ауысу, жұмыстық кесте беттерін қосу, атын өзгерту, бағананың ені мен жолдың биіктігін өзгертуді үйрету. Excel – де деректермен жұмыс істеуге үйрету. Деректер енгізу, сақтау, өңдеу формулаларын қолдана білуді практикалық дағдыға айналдыру, іскерлік, шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Жауапкершілікке, зеректікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті
сабақ.
Сабақ көрнекілігі: Microsoft Excel процессоы, үлестірмелі карточкалар,
Microsoft Power Point программасында презентация.
Қолданылған ОТҚ: Компьютер, проектор, экран.

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру –
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру -
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру -
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту -
Ү. Сабақты қорытындылау -
ҮІ. Үйге тапсырма -

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды орналастыру, сабаққа назарын аудару. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша:
1. MS Word-тың мүмкіндіктерін ата?
2. MS Word мәтіндік процессорды қандай әдістермен іске қосуға болады?
3. Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін қандай әдісті қолданар
едің?
4. MS Word құжатында керекті сөйлемді көшіріп немесе қиып алу үшін не
істеу керек?
5. MS Word құжатына кестені (таблицаны) қалай қоямыз?
6. Бірнеше ұяшықты бір ұяшыққа біріктіру және бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа
бөлу қалай орындалады?
7. MS Word құжатына суретті қалай қойылады?
8. Суреттің өлшемін қалай өзгертеміз?
9. Word құжатында сурет қалай өшіріледі?
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Сабақ тақырыбы
Б) Сабақ мақсатын жариялау
С) Жаңа сабаққа кіріспе.
Сұрақ: Қағаздағы кесте мен электронды кестенің ең басты айырмашылығы неде?
Жауап: Электронды кестеде деректерді компьютерлік өңдеуге болады.
Жаңа сабақ түсіндіру.
1. Слайд1.
Excel - кестесінің мүмкіндіктері.

1. Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауды.
2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды.
3. Кестеге жол, баған, ұяшық қосуды.
4. Кестеден жол, баған, ұяшықты алып тастауды.
5. Жол, баған, ұяшықтар ішіндегі деректерді көшіруді немесе орын ауыстыруды.
6. Ұяшықтар ішінде өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды.
7. Формулалар қолданып есептеуді.
8. Диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді.
9. Кестеге графикалық объектілерді, суреттерді енгізуді.
10. Кестелерді баспаға шығаруды.

Іске қосу жолы кең экран арқылы көрсетіледі.
2. Слайд 2. Microsoft Excel - дің терезесі және кесте элементтері.
• Тақырып жолы
• Меню жолы
• Стандартты аспаптар панелі
• Пішімдеу панелі.
• Формулалар жолы
• Бағандар тақырыбы
• Бағандар тақырыбы
• Жол нөмірі
• Таңбашалар
• Қалып – күй жолы
• Айналдыру жолағы
• Межелеу белгісі
• Айналдыру батырмалары
• Жұмыс аумағы

Әрбір элемент оқушы көмегімен талданып, қандай қызмет атқарылатыны айтылады. Оқушылар өз алдарындағы компьютер экранына қарап, жұмыстанады.
3. Слайд 3.

Жұмыс кестесінің элементтері.
Жол - 65536; Белгіленуі: 1, 2, 3,...
Баған - 256; Белгіленуі: А, В, С,....
Ұяшық - 16 777 216. Белгіленуі: А1, А2,,,,
Жұмыс кестесі бойынша орын ауыстыру маус көмегімен орындалады.
Маус: Жұмыс аймағында – Қосу «+» белгісі түрінде болады, ал кестеден тыс жерде Бағдарша түрінде болады.
Меңзердің орнын ауыстыру үшін:
және пернелері қолданылады.
- меңзерді оңға
Shift +Tab - солға
Enter – төмен
Shift +Enter – жоғары жылжытады.
Кітап бірнеше жұмыс бетінен тұратын болғандықтан, кесте беттерімен жұмыс істегенде бір кестеден екінші кестеге ауысудың жылдам әрі оңай әдісі қажет. Беттерді ауыстырудың 2 әдісі бар:
1. Терезенің төменгі жағындағы қажетті кестенің таңбасын шерту. Айналдыру батырмаларын қажет бағытта жылжыту.
2. пернесін басыңдар. Переход диалогтік терезесіндегі Сылка өрісіне таңбаның атын, леп белгісін және ауысу қажет болатын ұяшықтың координаталарын енгізіп, ОК батырмасын шерту керек.
ЕКестеге беттер қосу үшін Вставка - Лист командасын орындаңдар немесе таңбаны тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп Добавить командасын орындаңдар. Ашылған диалогтік терезеде Лист белгісінде тышқанды 2 рет шерту керек.
Таңбаның атын кесте мазмұнына сай етіп өзгерту үшін, Таңбада тышқанды1 рет шертіп, Ашылған контекстік менюден Переименовать командасын таңдаңдар. Сонда таңба қара түспен боялады. Жаңа атауды теріп, енгіз.
Бағананың енін және жолдың биіктігін өзгерту өз беттерімен орындалады. Ол үшін оқушыдан қағаздағы кестенің биіктігі мен енін өзгерту жолын еске түсіру орындалады.
Деректермен жұмыс істеу.

1. Деректер енгізу.
2. Мәтін енгізу.
3. Сан енгізу.
4. Ұяшықтар ауқымын таңдау.
5. Ұяшықтардың ішіндегісін жою.
6. Деректерді сақтау.
7. Деректерді - өңдеу формулалары.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Бекіту үшін:
1. Сұрақтар беру.
1. Excel кестелік процессоры деректермен қандай операция орындауға мүмкіндік береді?
2. Бағананың ені мен жолдың биіктігін қалай өзгертуге болады?
3. Деректерді ұяшықтарға енгізгенде қате терілген символдар қалай өшіріледі?
4. Жұмыс бетінің атын қалай өзгертуге болады?
5. Формуланы енгізудің ережесі қандай?

Практикалық тапсырмалар беріледі.
1. Кестені құрып, жалпы соманы есепте.
Тауар Саны Бағасы Жалпы сомасы
Тоқаш 130 10 =B2*C2
Самса 130 10 =B3*C3
Шырын 140 10 =B4*C4
Тақтайша 50 50 =B5*C5
Орындық 15 100 =B6*C6
=Сумм (D2: D7)

2. Берілген өрнектің мәнін тауып, кестені толтыр.
a b c (a+b)/c
12 36 3
123 121 4
45 135 9

3. Сабақтың немесе үзіліс ұзақтығының өзгеруімен бірге қоңырау кестесінің де ілесе өзгеретін электрондық вариантын құрыңдар.
Орындалу реті:
1. Ұяшықтарға мәтіндер енгізу:
А1, В1, С1 ұяшықтарын біріктіріп, Қоңырау кестесі деп жаз.
В3 - ке – Сабақтың басталуы
С3 - ке – Сабақтың аяқталуы
А4: А9 - ға 1 - сабақ, 2 - сабақ,..., 6 - сабақ
Е3 - ке - Сабақтың ұзақтығы
Е4 - ке Үзілістің ұзақтығы
2. Бастапқы мәндерді енгізіңдер:
В4 - ке - 8: 30
Ғ3 - ке 0: 45
Ғ4 - ке 0: 10
3. Қалған ұяшықтарға мынадай формула енгіземіз:
=В4+В3
=С4+Е$3

Қоңырау кестесі
Сабақтың -----------------Сабақтың
----------басталуы------ аяқталуы ---------Сабақтың ұзақтығы 0: 45
1 сабақ 8: 30 -------------9: 15 --------------------Үзіліс ұзақтығы 0: 10
2сабақ
3 сабақ
4 сабақ
5 сабақ
6 сабақ
Үзіліс уақытын өзгертіп, нәтижедегі өзгерісті байқаңыз.

Ү. Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау үшін:
А) Оқушылардың жұмысына талдау жасау
В) Слайд бойынша теориялық шағын тест арқылы жұмыс жасау
ҮІ. Үйге тапсырма:
1. Оқулықтағы 165 - 177 беттердегі 11. 1 және 11. 2 тақырыптарды оқу.
2. Өз беттеріңмен есептеуге арналған тапсырма ойлап, жазып келу керек.
ҮІ І. Бағалау
21 038
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Microsoft Excel кестелік процессоры
Microsoft Excel кестелік процессоры
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, "Қызылтөбе лицейі" инфрматика пәні мұғалімі: Нагашбаева Гулзира Рахановна
Excel-де формуланы енгізу және көшіру
Excel-де формуланы енгізу және көшіру
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ойыл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Назарова Гүлжанат Жүсіпқалиқызы
Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу
Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу
Қарағанды қаласы,Қазыбек би ауданы, №21 негізгі мектеп мұғалімі Нурмаганбетов Талгат Сабитович
Excel кестелік процессоры
Excel кестелік процессоры
Алматы облыс, Ақсу ауданы, Қапал ауылы Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Исаев Аблай Есетұлы
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы СЫНЫБЫ: 8 Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кесте элементтері:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×