Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тармақталған алгоритмдер

24 ақпан 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
" Тармақталған алгоритмдер"

Авторы: Кадырова Светлана Сабитқызы
Мекен жайы: Жуалы ауданы, Жамбыл облысы, Б.Момышұлы ауылы.
№1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясы

Сабақтың тақырыбы: «Тармақталған алгоритмдер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тармақталу операторлық командаларын бағдарламада дұрыс қолданылуын үйрету.
Дамыту: Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, компьютерлік сауаттылығын, сабаққа қызығушылығын, тапқырлығын, біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдылыққа, шыдамдылыққа, компьютерді өз мақсатында дұрыс қолдану мәдениетіне тәрбиелеу.
Болжамдап отырған нәтиже: Лекцияда өтілген тақырыптарды толық меңгеріп, оларды есепте дұрыс қолдана білуі керек.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Компьютермен жұмыс, тест, сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекі құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, бағалау кестесі.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру. (2 мин)
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (6 мин)
«Мүсін» атты ойын жарысы.
Қорытындылау.
III. Есептер шығару. (12 мин)
1. Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару).
Қорытындылау.
Ойын «Көл».
ІV. Деңгейлік тапсырмалар. (20 мин)
1 деңгей. Есепті Паскаль тіліне аудару.
2 деңгей. 1-деңгейде берілген есептің бағдарламасын құрып, нәтижесін компьютерде көрсету.
V. Көзге жаттығу жасау. (2 мин)
3 деңгей. Электрондық оқулықтағы тест жұмысы.
Шығармашылық деңгей. Электрондық оқулықтағы тапсырманы орындау.
Қорытындылау.
VI. Қорытындылау, бағалау. (2 мин)
VII. Үйге тапсырма. (1 мин)
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу.Түгелдеу.
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың тақырыбын айту.
2. Сабақтың барысымен таныстыру.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
«Мүсін» атты ойын жарысы. Тақтада сызылған блок-схема бөліктерге бөлінеді. Әр бөлікке сұрақ жазылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тиісті орынға қойылады. Әр оқушы бір-бір сұраққа жауап береді. Жауап 2 ұпаймен бағаланады.
Есеп. Төмендегі берілген есептің блок-схемасын құрастыру керек.
х + 2, x<0;
у =
2×3, x≥0.

Блок-схеманы құрастыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек.
1. Сұрақ: Алгоритм құрылымына қарай қаншага бөлінеді?
Жауап: Алгоритм құрылымына қарай үшке бөлінеді: сызықтық, тармақтық, циклдық болып.
2. Сұрақ: Тармақталу командасының қанша түрі бар?
Жауап: 2 түрі бар (толымды және толымсыз)
3. Сұрақ: Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
Жауап: 3 бөліктен, программаның тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі.
4. Сұрақ: Var операторының қызметі қандай?
Жауап: Айнымалыларды сипаттайды.
5. Сұрақ: Шарт деген не?
Жауап: Жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым.
6. Сұрақ: Серия деген не?
Жауап: Паскаль операторларының тізбегі.
7. Сұрақ: Шартты оператордың программада жазылуын көрсетіңіз?
Жауап: If шарт
then 1-серия
else 2-серия;
end;
8. Сұрақ: Толымсыз оператордың блок-схемасын көрсетіңіз.
Жауап: If шарт
then серия
end;
Қорытындылау. Жалпы шартты оператор туралы айту, бағалау кестесін толтыру.
III. Есептер шығару.
Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару). Жоғарыда берілген блок-схемаға программа құрып, нәтижесін компьютерде көрсету.
Программа мәтіні:
program E1;
var x, y: real;
begin
write (‘x енгіз:’);
readln (x);
if x<0
then y:=x+2
else y:=2*sqr(x);
writeln (‘y=’,y);
end.
Қорытындылау.
«Көл» атты ойын жарысының шарты.
Бірінші отырған оқушы информатикаға байланысты бір сөз айтады, келесі оқушы сол сөз қай әріппен аяқталса, сол әріптен басталатын информатикаға байланысты сөз айтады. Осылайша судың ағыны сияқты топтың әр қайсысы сөз айтып шығады.
ІV. Деңгейлік тапсырмалар. (20 мин)
1 деңгей. Берілген есепті Паскаль тіліне аудару.
S = M = 2,13y +
2 деңгей. 1 деңгейде берілген есептің программасын кұрып, нәтижесін компьютерде көрсету.
V. Көзге жаттығу жасату.
Ортаға бір оқушының айтуымен жаттығу жасалады.
Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
1. Қаламсаптарымызды қолымызға ұстап тұрып созамыз, қаламсаптың ұшынан төмен қарай, төменнен жоғары қарай 4-5 рет көз жүгіртеміз.
2. Өзіміздің мұрнымыздың ұшына 4-5 рет қараймыз.
3. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді 4-5 рет айналдырамыз.
4. Көзімізді оңға-солға, жоғары-төмен 4-5 рет қараймыз.
5. Өзіміз отырған бөлемін оң бұрышан сол бұрышына, сол бұрышынан оң бұрышына 4-5 рет көз жүгіртеміз..
3 деңгей. Электрондық оқулықтағы тест жұмысы.
1. Паскальда бағдарлама қандай кызметші сөзбен басталады ?
1) begin 2) var 3) program*
2. Өрнектің мәнін табыңыз: х=3 болған жағдайда sqr(sqr(х))=…
1) 9 2) 81* 3) 27
3. Бөлінді қалдығын табу үшін қандай функция қолданылады?
1) DIV 2) mod* 3) abs
4. Паскаль бағдарламасында айнымалыларды сипаттау бөлігі қандай қызметші сөзбен басталады?
1) Begin 2) Var* 3) Program
5. Турбо Паскаль бағдарламасында циклдың қанша түрі бар?
1) 1 2) 2 3) 3*
6. Өрнектің мәні неге тең 19 div 4?
1) 3* 2) 4 3)19
7. Бүтін типті айнымалылар … дейінгі аралықтағы мәндерді қабылдай алады
1) -32 768-ден 32 767-ге*
2) 0-ден 32768-ге
3) -2 147 483 648-ден 2 147 483 647-ге
8. Блок-схемада ромб нені білдіреді?
1. мәліметтерді өңдейді
2. нәтижені шығарады
3. шарт беріледі*
9. Шартты операторда шарт қандай операторға жазылады?
1) While 2) If* 3) Fог
10. Программаның мына бөлігі нені есептеп тұр? Мәні қандай?
1) -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың көбейтіндісін, мәні 15
2) -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың қосындысын, мәні 15
3) -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың қосындысын, мәні 12*
Шығармашылық деңгей. Электрондық оқулықтан тапсырмаларды орындау.
Қорытындылау.
VІ. Бағалау. Жұмыстарын тексеріп, бағалау кестесіне енгізіп санап шығу, оқушыларды бағалау.
VІІ. Қорытындылау.
VIII. Үйге тапсырма:
Баға рейтингісі:
31-36 ұпай – «5»
23-30 ұпай – «4»
15-22 ұпай – «3»
8 710
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс - әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету. Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Жуалы ауданы, Ертай ауылы, №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің информатика мұғалімі Қиясова Гүлнұр Жаңбырбайқызы
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Информатика пәні мұғалімі: Бегасилова Роза
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ОЖББМ – нің информатика пәні мұғалімі Хамзина Индира Сабырғалиқызы
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі: Абдуллаева Феруза Муслімқызы
Шартты оператор тақырыбына жаттығу жұмыстары
Шартты оператор тақырыбына жаттығу жұмыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің физика және информатика пәні мұғалімі УМИРЗАКОВА НУРГУЛ ОНГАРБАЕВНА
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×