Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Озық ойлы дарындылар

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Класы: 9
Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы дарындылар»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын элементтері, баяндау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Озық ойлы дарындылар» сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін. «Озық ойлы дарындылар» сайысына 2 команда қатысады. Сайыс 7 турдан бойынша өткізіледі.

І. тур. «Кім жылдам?»
ІІ. тур. «Инфо - диктант»
ІІІ. тур. «Адасқан әріптер».
ІV. тур. «Сөздік домино».
V. тур. «Қателерді анықтау».
VІ. тур. «Сиқырлы пернелер»
VІІ. тур. «Құпия жәшік» сұрағы.

Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
«Адам байлығының ішіндегісі ең тамашасы - білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл Бируни. Ендеше 9 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Озық ойлы дарындылар» сайысымызды бастайық.

І. кезең. «Кім жылдам?» сұрақ жауап бөлімі. Бұл бөлімде 2 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Ең бірінші программа құрған оқымысты әйел........... (Ада Лавлейс)
2. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда болған? (IXғасыр, Әл - Хорезми)
3. Программа неше бөліктен тұрады? (3 тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі.)
4. Программамен басқарылатын аналтикалық машинаны ойлап шығарған ағылшын ғалымы... (Чарльз Бэббидж)
5. АҚШ - тың IBM фирмасы қай жылдан бастап дербес компьютерлерді шығара бастады? (1980)

6. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (Жады)
7. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама)
8. Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (есептеу)
9. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)
10. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас тәсілі (интерфейс)
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?

ІІ. кезең. «Инфо - диктант» Бос орнына қажетті сөздерді жазу.
1. Құжат мәтіні қағаз бетінде жақсы шығу үшін оның бетінің параметрлерін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою керек. 2. Ол үшін файл → беттің параметрлері командасы таңдалынады. 3. Бетке қосымша бөлуді орналастыру үшін курсорды жаңа бет басталатын жерге қойып, меню қатарынан қою → бөлу командасы орындалады. 4. Беттің нөмірлерін қою үшін қою → беттің нөмірлері командасын орындау қажет. 5. Колонтитул - құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет.

Бұл жарыс біткен жоқ кетпейік,
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.

ІІІ. кезең. «Адасқан әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек.
І топ
РЕТЬЮПОМК -
ВРЕДАЙР
ДЕМОМ
ЛАЙФ
РОТИНОМ
АТЕКИСД
ІІ топ
НИРПЕРТ
ЧЕСВИНТЕР
КРАСЕН
АНИШ
СОРЕСЦПРО
ТОРП

Сайысымыздың келесі кезеңі «Сөздік домино»
ІV. кезең. «Сөздік домино». Бұл турда оқушылар келтірілген сөздерді мынадай тәртіппен реттеп орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы тиіс.
Компьютерді «басқарушы».................. жазылған сандағы цифрлар реттілігі........... компьютерде қолданылатын ұзындық бірлігі.............. компьютердің мәлімет шығару құрылғысы........ программамен басқарылып, адам әрекеттерін қайталайтын машина...... тыныс белгісі..... ертедегі грек математигі, екі санның ең кіші ортақ бөлгішін табу алгоритмінің авторы...... компьютердегі мәліметтерді сақтау құрылғысы... ақпарат өлшеу бірлігі..... байланыс түрі.... компьютердегі ақпаратты белгілі бір атпен сақтайтын мәліметтер жиыны.
(Жауабы: Процессор - разряд - дюйм - монитор - робот - тире - Евклид - диск - килобайт - телеграф - файл)
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз

V. кезең. «Қателерді анықтау». Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтайсыздар.

І топ:---------
Мен компьютерде жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерлі іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді таңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарымды сақтаймын (9 қате жіберілген )

ІІ топ:
Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, суреттер салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық bmp форматында сақтаймын. (3 қате жіберілген)

Енді келесі турымыз «Сиқырлы пернелер»
VІ. кезең. «Сиқырлы пернелер» оқушылар қораптан аты жазылған пернелерді алып, оның атқаратын қызметін айту керек.

VІІ. кезең. «Құпия жәшік» сұрағы. Екі топқа бір - бірден сұрақтар қойылады. Сол сұрақтың жауабын дұрыс тапса сыйлыққа ие болады.
І топ
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнын цилиндірді қолданғанда. Бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын орындайтын болды. Осы арифмометрдің негізін ала отырып орыс өнер тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Бұл жәшіктің ішінде қандай құрал? (калькулятор)

ІІ топ
Мәлімет сақтайды, бұған 1, 44 Мбайт деген сан сәйкес келеді. Бұл не? Жәшікте қандай құрал бар? (дискета)
Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Осымен «Озық ойлы дарындылар» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!
5 119
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Информатика әлеміне саяхат
Информатика әлеміне саяхат
Жамбыл облысы, Меркі ауданы. Информатика пәні мұғалімі: Дамира Алимкулова
Информатика әлеміне саяхат
Информатика әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Еңбек ауылы, №242 Сығанақ негізгі орта білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі: Ержігітов Таңатар Есенгелдіұлы
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №1 мектеп - лицейі информатика пәні мұғалімі Шонгарова Айгуль Талгатовна
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Озық ойлы дарындылар
Озық ойлы дарындылар
Атырау қаласы, №6 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Динара Тастемірова Ерболқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×