Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Терезелер

12 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Терезелер
Сабақтың мақсаты: Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және
терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен таныстыру.
Сабақтың көрнекіліктері: «Компьютер әлеміне саяхат» сызбасы, тест, кеспе қағаз,
сөз жұмбақ, бейне сөз.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: саяхат

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Информатика жалауын көтеріп,
Әлемге жар саламыз
Қарсылық егер болмаса,
Сабағымызды бастаймыз
Сәлеметсіздер ме? оқушылар
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың
Керек емес демесең,
Аздаған болса хабардың
Үйрену керек бәрінде
Ақпараттық заманның – дей отырып, сабақтың құрылымымен, өтілу барысымен таныстырайын. Білімдеріңіздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін бүгінгі сабақта «Компьютер әлеміне саяхат» жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып алыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім: олай болса, саяхатымыздың басы «Компьютердің құрылғылары» аялдамасынан басталмақ.. бұл аялдама сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында кеспе қағаздар дайындапты. Кеспе қағазда сұрақтар бар екен.
1. Компьютерді қалай өшіреміз? (Пуск – Завершение работы – Выключить - ОК)
2. Қапшық дегеніміз не? (Қапшық – бұл объектілер қоймасы)
3. Маустың негізгі батырмасы? (Әдетте сол жақ батырма, ол оң қолдың сұқ саусағының астында болады)
4. Қапшық белгішесін көрсет?
5. Команда дегеніміз не? (Команда деп осы команданың белгішесіне маус нұсқағышын апарып шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім: сонымен біз бірінші аялдамадан өтіп, екінші аялдамаға яғни, «Операторлар» аялдамасына жеттік. Бұл аялдамада сіздерге «Бейне сөз» берілген. Қане осыны шешейік.
/Терезелер сөзі жасырылады, оқушылар шешеді/
Мұғалім: қандай сөз шықты?
Оқушылар: терезелер
Мұғалім: олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Терезелер»
Терезе – жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтерімен жұмыс аймағы болады. Жұмыс аймағында объектілер, ақпарат және басқару элементтері орналасады. Windows жүйесінде жұмыс істеу барысында бір мезгілде бірнеше терезе ашуға болады және есеп тақтасының көмегімен терезелердің әрқайсысында ауысып жұмыс жасай беруге болады.
Терезе түрлері:
1. Бума (папка) терезелері
2. Қолданба (приложение) терезелері
3. Диалог (сұхбат) терезелері
4. Анықтама (справка) терезелері
Терезе элементтері:
1. Шекаралар
2. Тақырып жолы
3. Жүйелік мәзір белгішесі
4. Мәзір жолы
5. Құрал - саймандар тақталары
6. Жұмыс аймағы
7. Айналдыру жолақтары
Мәзір дегеніміз – берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі

IV. Сергіту сәті
Мұғалім: міне, оқушылар жаңа сабақты түсіндірдім. Сәл сергіп алу үшін мен сендерге компьютер құрылғыларына байланысты жұмбақтар қояйын.
1. Бір сарайда тұрады екен,
5 атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн барда, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ
Ұзын саны 102
/ Перне /

2. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана «Ғ» /эф/ әрпінен басталады
/ Функционалдық пернелер /

3. Төрт бұрышты әйнек
Тұнып тұрған әлек
/ монитор /

4. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсақ жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның
/ тышқан /

5. Ұзын тұра Жалқау бек
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды
/ бос орын /

6. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер
/ бит /

7. Ақпараттарды қағазға басып шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады
/ принтер /

V. Сабақты қорытындылау
Мұғалім: енді келесі аялдама «Технологтар» аялдамасына келдік. Бұл аялдамада сендерге «сөз жұмбақ» берілген
Сұрақтары:
1. Рычагты манипулятор? (джойстик)
2. Кесіндіні құрайтын кішкене нүктелер? (пиксель)
3. Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы? (принтер)
4. Қағаздағы бейнені монитор экранына көрсетуге арналған құрылғы? (сканер)
5. Жақтауларымен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ? (терезе)
6. Компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы? (монитор)

VI. Сабақты бекіту
Мұғалім: соңғы аялдамаға да жеттік. Бұл «Программисттер» аялдамасында сендердің бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендеріңді тексеру мақсатында «тест» беремін:

1. ....... батырмасының қызметі?
а) терезені жаймалау батырмасы
ә) терезені жыймалау батырмасы
б) терезені жабу батырмасы

2. ....... батырмасының қызметі?
а) терезені жаймалау батырмасы
ә) терезені жыймалау батырмасы
б) терезені жабу батырмасы

3. ...... батырмасының қызметі?
а) терезені жаймалау батырмасы
ә) терезені жыймалау батырмасы
б) терезені жабу батырмасы

4. Терезенің неше түрі бар?
а) 2
ә) 5
б) 4

5. Тышқанның қандай батырмасы негізгі?
а) оң жақ
ә) сол жақ
б) ортаңғы

VIІ. Үйге тапсырма беру
- оқып түсінік айту

VIІІ. Оқушыларды бағалау
- сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
4 694
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
Терезелер
Терезелер
Windows ОЖ - нің негізгі нысаны – тереземен, құрылымдық элементтерімен оқушыларды таныстыру, қызметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Windows терезелері
Windows терезелері
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылы. Информатика пәні мұғалімі Ботабаева Жадыра
Терезе. Терезе элементтері
Терезе. Терезе элементтері
Информатика пәні мұғалімі: Бұзауова Айгерім
Windows’98 – дің операциялық жүйесі
Windows’98 – дің операциялық жүйесі
Сатығалиева Роза Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие селосы, Сапақкөл орта мектебі
Терезелер
Терезелер
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы, Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×