Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Paint патшалығына саяхат

13 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика (7 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Paint патшалығына саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа заман ағымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген топтық жұмыстарды орындату.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытта үнемдеуге дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: теориялық - практикалық
Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу өнері
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формасы: жеке, ұжымдық
Жабдықтау: ЕТ, оқу құралдары, деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелі карточкалар

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аударып, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлу.
1. «Асыл тас» тобы
2. «Болашақ» тобы

ІІ. Кім білімді? Сұрақтарға жауап беру. (Сұраққа дұрыс жауап берген топқа 1 жұлдызшадан беріліп отырады)
1. Paint графикалық редакторы не үшін қажет?
2. Paint г. р. қалай іске қосамыз? (Компьютерде орындау)
3. Paint г. р. терезесінің элементтерін ата. (Компьютерде орындау)
4. Палитра не үшін қажет?
5. Құрал саймандар тақтасындағы құралдарды ата. (Тақтада ілулі тұрған құралдардың қызметін атау)
6. Пернетақтада неше перне бар?

ІІІ. «Көрсетейік». Тақтада бірдей түсті бірнеше торкөздер ілінген, олардың астында жасырылған түрлі математикалық фигуралар бар, солардың ішінен екі бірдей фигураны табу керек.
(Дұрыс тапқан топқа 1 жұлдызшадан)

ІҮ. Деңгейлік тапсырмалар.
1. Бұлттың суретін салу
2. Поездің суретін салу
3. Ғимараттың суретін салу
4. Шәйнектің суретін салу
(Суреттеріне қарап бағалау)

Ү. «Кім зерек». Тақтадағы суретте неше таяқша бар?
(Жылдам тапқан топқа жұлдызша беріледі)

ҮІ. «Орындайық» Суретті қолыңды алмай сал.
Екі сурет беріледі, соны жылдам, әрі дұрыс салу керек.
(Дұрыс, әрі жылдам салған топқа жұлдызша беріледі)
ҮІІ. «Қарақшы» Үзінділерді жылжыта отырып, қарақшыны киіндір, содан кейін киімін қайта ауыстыр.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Көп жұлдызша жинаған топ жеңімпаз атанады.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма. Қағазда және компьютерде сурет салу айырмашылықтарын жазу.
2 913
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу
Редактордың құрал - саймандарын дұрыс пайдалана білу және командалары орындай алу қызметін меңгерту. Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту
Растрлық графика
Растрлық графика
Сабақтың тақырыбы: Растрлық графика.
WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасымен жұмыс
WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасымен жұмыс
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №70 Жанқожа батыр атындағы мектептің информатика пән мұғалімі Айгелдиева Маржанкул Сарсеновна
WINDOWS жүйесінің стандартты бағдарламалары
WINDOWS жүйесінің стандартты бағдарламалары
Алматы облысы, Іле ауданы М. Түймебаев ауылы, №20 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Баймұратова Жұлдыз Әбенқызы
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
PAINT графикалық редакторының құралдары
PAINT графикалық редакторының құралдары
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы Ганюшкин мектеп-интернаты Баева Гүлнұр Бекболатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×