Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Слайд - фильм дегеніміз не?

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі, оған жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтінді енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның (тұсаукесердің) негізгі сәттерін және оларға қатысты жағдайларды түсіру үшін қолданылады. Жазбалар беттерін слайдтардың кез келген саны үшін құруға, мысалы, оларға презентацияда сүйемелдейтін сценарийді жазуға болады.

Сыныбы 11 а.
Тақырыбы: Слайд - фильм дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
- Оқушыларға слайд - фильмдерді жасауға арналған құрал - жабдықтармен таныстыру.
- Оқушыларға слайд – фильмдерді түсіндіру, үйрету.
- PowerPoint программасын қосуды үйрету
- Тұсаукесер (Презентация) мағынасын түсіндіру
2. Дамытушылық:
- Оқушыларға компьютерлік презентация ұғымын түсіндіру.
- Оқушылардың логикалық ойларын дамыту
3. Тәрбиелік:
- Оқушыны қазіргі заман техникалық құралдарымен жұмысты игеруге білуге тәрбиелеу
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:
Оқулық, жұмыс, дәптері. компьютер
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақты түсіндіру
5. Бекіту кезеңі.
6. Үйге тапсырма беру.
Әдіс тәсілдері:
Жаңа материалды сұрақ - жауап, практика арқылы түсіндіру.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды журнал бойынша тексеріп шығу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру

PowerPoint бағдарламасын практикалық меңгеруге кіріседі, бұл орайда оқушылармен жұмысты төмендегідей жоспар бойынша ұйымдастыру:
1. PowerPoint программасын қосу
2. PowerPoint терезесі. Инструменттер панелінің және Меню нүктесінің батырмасын белгілеу.
Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі,
оған жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтінді енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның (тұсаукесердің) негізгі сәттерін және оларға қатысты жағдайларды түсіру үшін қолданылады. Жазбалар беттерін слайдтардың кез келген саны үшін құруға, мысалы, оларға презентацияда сүйемелдейтін сценарийді жазуға болады.
Әдетте, белгілі тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына, баяндамашы ескертпелеріне, тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы презентация деп аталады.
Презентацияны әзірлеу кезінде төмендегідей ережелерді сақтау керек:
- презентацияны алдын ала жоспарлау қажет – оның мақсаты мен жалпы мазмұнын нақты білу керек;
- презентацияның әрбір слайды мазмұнды әрі есте сақталатындай болуы тиіс;
- слайдта ақпарат ықшам және қарапайым болуы керек;
- импортталатын бейненің қалыбын (форматын) таңдау кезінде көрсетілім құралының мүмкіндігін ескерту қажет;
- бейнелеудегі объект фоннан түсі бойынша ерекшелеуі тиіс;
- фотобейнені редакциялау үшін арнайы программаны пайдалану қажет;
- слайдты безендіру үшін констрастілік және үйлесімді түсті таңдап алу керек;
- аудиторияны презентацияның жекелеген сәттеріне назарын аудару үшін анимациялық ауысулар, бейне дыбыс және басқа құралдар пайдалану ұсынылады;
- кейбір жағдайларда дайын материалдарды пайдаланған жөн, өйткені, бейне материалды және анимациялық клипті әзірлеу қиын әрі қымбат.
Сабақты бекіту: Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі, оған жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтінді енгізуге болады.

Үйге тапсырма беру:
1. Слайд дегеніміз не?
2. Презентация деп нені айтады?
3. PowerPoint программасын неге қолданады?
4. PowerPoint - тің негізгі мүмкіндіктері
28 155
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Презентацияны графикалық объектілермен безендіру
Презентацияны графикалық объектілермен безендіру
Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосуын, мәтін енгізу слайдқа музыка және бейнеклиптер енгізу әрекеттерін орындатып үйрету. Презентацияны безендіру тәсілдерін үйрену. Оқушылардың PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істе дағдысын қалыптастыру,
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
«№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Сатимова А.Б.
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Фурманов орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Сулейменова Жайдара Жарқымбекқызы
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Информатика пәні мұғалімі: Нурлы Казбекова
MS PowerPoint бағдарламасында жаңа құжат құру
MS PowerPoint бағдарламасында жаңа құжат құру
Сабақтың мақсаты: А) PowerPoint презентациясында жаңа құжат құру, оның негізгі элементтерін түсіндіру, презентацияға мәтін, сурет кірістіру, оларға анимация жасау кезеңдерін үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×