Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MS Access бағдарламасында мәліметтер қорын құру және өңдеуд

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер қорын құру және өңдеу
Сабақтың уақыты:
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды мәліметтер қоры ұғымымен, мәліметтер қорын басқару жүйелерімен таныстыру;
2. Жаңа мәліметтер қорын құру, оны мәліметтермен толтыру, оның мазмұнын редакциялау, оларды реттеу, безендіру және баспаға шығару;
Білімділік: MS Access бағдарламасында мәліметтер қорын құру және өңдеудің жолдары мен әдістерін меңгеру;
Дамытушылық: Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой - өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жұмысты жүйелі жасауға, жасаған іс - әрекетті нақты жеткізе білуге және компьютерді еркін меңгеруге баулу.
Сабақтың типі: Іскерлік дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, іздендіру
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Плакаттар, слайд, тест тапсырмалар, практикалық жұмыстар.
Керекті техникалық құралдар: Дербес компьютер, проектор

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Аудитория дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Топ білім алушыларын 2 топқа бөлу: «Дербес компьютер», «Windows». Екі топ бойынша үй тапсырмасын сұрау
1. Үй тапсырмасы бойынша әр топ өз топ атауларымен таныстырады
2. «Ғажайып алаң» ойыны арқылы үй тапсырмасының сұрақтары таңдалады
3. Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау арқылы қорытындылаймыз
a) Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
b) Мәліметтер қоры өрістерінің қасиеттері
c) Мәліметтер типі
d) Мәліметтер қорының объектілері

ІІІ. Жаңа сабақ материалдарын түсіндіру
Жаңа сабақ алдымен слайдтың көмегімен көрнекі түсіндіріледі. Содан соң алдын ала дайындалған 4 тапсырма таратылады. Алдымен 1 - тапсырма таратылады, оны жасап болған соң 2 - тапсырма т. с. с. Әр тапсырма орындалған соң қалай орындағаны жөнінде сұралады.
Кестелерді құру.
Access - ті жүктегеннен соң экранда сұхбат терезесі пайда болады. Ол арқылы дайын мәліметтер қорын ашуға, жаңа мәліметтер қорын құрастыруға немесе ол үшін ендірілген шеберді пайдалануға болады.

Біз Новая база данных ауыстыру қосқышын таңдаймыз және OK батырмасын шертеміз. Файл новой базы данных сұхбат терезесі пайда болады. Мұнда файлдың атын және оның орналасуын көрсетеміз. Сохранить батырмасын шертеміз. Мәліметтер қорының терезесі пайда болады. Мұнда 7 астарлы бет орналасқан. Кестені құрастыру үшін Таблицы астарлы бетін таңдаймыз. Мұнда кестені құрастырудың негізгі 3 мүмкін режимі көрсетілген:
1. Берілгендерді енгізу режимі – кесте өрістердің атауларын бағандардың тақырып жолдарына енгізу арқылы құрылады.
2. Конструктор режимі – кесте өрістердің атаулар тізімін және бірден әрбір өрістің қасиеттерін көрсету арқылы құрылады.

3. Шебер режимі – автоматты түрде шебердің көмегімен. Ол дайын тізімнен өрістерді таңдауға мүмкіндік береді және мұнда жүзден аса әр түрлі кестелердің түрлерінің шаблондары берілген.

Кесте бойынша жылжу.
Қозғалту жолақтарын пайдалану;
Қажет орында маусты шерту;
Tab пернесін пайдалану;
Терезенің төменгі бөлігінде орналасқан көшу батырмаларын пайдалану
– бірінші жазуға көшу;
– алғашқы жазуға көшу;
– келесі жазуға көшу;
– соңғы жазуға көшу;
– жаңа жазуды қосу.

Мәліметтерді сұрыптау.
Мәліметтерді қарап шығу ыңғайлы болу үшін, кестедегі жазуларды белгілі бір тізбек бойынша сұрыптауға болады.
Мәндердің сұрыптауын орындау үшін, мәтін курсорын сұрыпталынатын бағанның кез келген ұяшығына орнату қажет, содан кейін келесі батырмаларды (- өсу реті бойынша сұрыптау, - кему реті бойынша сұрыптау) шерту немесе Записи Сортировка командасын орындау.
Іздеуді ұйымдастыру.
Егер кесте көп көлемді болса, онда редакторлайтын мәліметтерді тауып алу қажет. Іздеу жүргізу үшін, мәтін курсорын іздеу жүргізілетін өрісінің ұяшығына орнату, содан кейін Правка Найти командасын орындау қажет.
Пайда болған терезеде ізделінетін мәліметтердің үлгісі енгізілінеді және Найти батырмасын шертеді. Егер қажет мән табылса, онда курсор сол ұяшыққа орнатылынады.
Сүзбені құру және қолдану.
Сүзбе – бұл жазулар жиынтығын таңдауға қолданылатын, шарттар жиынтығы.
Типтер:
1. Белгіленген бойынша сүзбе (фильтр по выделенному)
2. Кәдімгі сүзбе (обычный фильтр)
3. Кеңейтілген сүзбе (расширенный фильтр).

Жұмыс тәртібі:
Записиà Фильтрà Изменить фильтр командасын орындау;
Кестеден тек бір жол ғана қалады;
Әрбір өріс мәтін курсоры орналасқан жағдайда тізімі бар өріс болып табылады;
Бұл тізімнен берілген өріс үшін қажет мәнді таңдауға болады;
Применить батырмасын шерту;
Таңдауды алып тастау үшін, дәл осы батырманы шерту қажет, тек бұл жағдайда ол Удалить фильтр деп аталады.

Форманы құру. Форманы көрсету режимдері.
Формалар – мәліметтер қорын ақпаратпен толтыратын қызметкерлерге қажет. Олар ақпаратты енгізуге, қарап шығуға және кесте немесе сұраныстағы ақпаратты модификациялауға көмектеседі.
Құру тәсілдер
1. Автоматты түрде – Автоформа.
2. Шебер арқылы – Мастер форм.
3. Өз қолымен – Конструктор.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 901
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Электрондық кесте MS Excel - де деректер базасын құру. Оқушыларды мәліметтер қоры түсінігі, ақпаратты кестелік түрде өрнектеу жолдарымен және алаң түсінігімен таныстыру.
Мәліметтер қорын ұйымдастыру. Көрсеткіш мәндерін есептеу.
Мәліметтер қорын ұйымдастыру. Көрсеткіш мәндерін есептеу.
Мәліметтер қорындағы есептелетін көрсеткіштер есептеулерді толықтыру үшін қолданылады. Барлық есептеулер өрнектерге негізделіп құрылады.
Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері. МҚ кестесін құру. МҚ  кестесі параметрлерін орнату.
Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері. МҚ кестесін құру. МҚ кестесі параметрлерін орнату.
Тақырып: Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері. МҚ кестесін құру. МҚ кестесі параметрлерін орнату
MS ACCESS – те мәліметтер қорын құру
MS ACCESS – те мәліметтер қорын құру
Арал қаласы, 220 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Абишов Қуаныш Қазизұлы
Бумалар мен белгішелер құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу
Бумалар мен белгішелер құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×