Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электрондық кестелер. ЭЕМ - да сандық ақпаратты өңдеу

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. ЭЕМ - да сандық ақпаратты өңдеу. Кестенің құрылымы.
Сабақтың мақсаты: Формулалар түрін және операторларын оқып - үйреніп, оқушылардың сандық ақпараттарды өңдеу машықтарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың электрондық кестенің мүмкіндіктері туралы ой - өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Компьютер кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтап, берілген тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: ДК, тапсырмалар, слайдтар.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Қолданылатын әдіс: Көрнекіліктер арқылы баяндау, компьютер арқылы жаттығулар орындау.
Сабақтың барысы: I. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, кластың
тазалығын, оқу құралдарын тексеру.

II. Үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексеру.
Техника қауіпсіздік ережесін қайталау
Қайталау сұрақтары.
1. Excel кестелік процессорының терезе элементтерін атаңдар.(слайд - MS Excel - дің
терезесі )
2. Жұмысшы кітаптың жұмысшы беттерін неше бетке дейін көбейтуге болады?
Жұмысшы бет неше жолдан, неше бағаннан тұрады?
3. Электрондық кесте дегеніміз не?
4. Кестеге жұмысшы беттерді қосу үшін қандай команда орындаймыз?
5. Электрондық кестенің ұяшығы деп нені айтады?
6. Ұяшықтың ауқымы деген не?

III. Сабақ барысы
Электрондық кестенің мәндері келесі типтерде бола алады:
- мәтіндік;
- сандық;
- формулалық;
- күндік (слайд, дәптерге жазып алу)
ЭК - дағы мәтіндік жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қандай да болса тізбегі болуы мүмкін. Мысалы, «М. И. Дәулетов», «9 - Б сынып», «100 теңге».
Мәтінді енгізу үшін ұяшық таңдаймыз, оны тереміз. Енгізуді аяқталғаннан кейін формула жолындағы Ввод батырмасын шертеміз немесе пернесін басамыз. Excel үнсіз келісім бойынша мәтінді ұяшықтың сол жақ шеті бойынша туралайды.
Сандық деректер – бұл цифрдан «+» немесе «-» белгілерінен немесе ондық үтірден басталуы мүмкін цифрлар тізбегі.(Слайд, дәптерге жазып алу керек)
Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады.
Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтады.(Слайд, дәптерге жазып алу керек). Формулалар белгілі ереже бойынша жазылады.

Формулалардың мынандай түрлері бар:
- математикалық;
- статистикалық;
- қаржылық;
- логикалық;
- жіберу(ссылки) және т. б. (слайд)
Формулалар операторлардың көмегімен жазылады:
- арифметикалық;
- салыстыру;
- жіберу;
- мәтіндік(слайд, дәптерге жазып алу)

Математикалық операторлар Салыстыру операторлары
Оператор Функция
Артық
= Тең
<> Тең емес
= Артық немесе тең

Оператор Функция
+ Қосу
- Азайту
* Көбейту
/ Бөлу
^ Дәрежеге шығару
% Процентті есептеу

Жіберу операторлар Мәтіндік операторлар
Оператор Функция
׃ Ұяшықтар ауқымы арасына бөлу
; Біршене адресті біріктіру
Оператор Функция
& Символдарды біріктіру
Excel - де барлық формулалар әрқашан теңдік белгісінен басталады(жазылған формуланы көрсету, слайд) =B3+C3+D3, егер оны жіберіп қойса, онда енгізілген формула мәтін ретінде қабылданады. Формулаларды енгізген уақытта олар формулалар қатарында бейнеленеді. Enter пернесін басқанда Excel берілген формула бойынша есептеуді орындайды.
=B3+C3+D3 мұндай ұзын формуланың орнына = СУММ (B3: D3) формуласын енгізсе де болады.

Электрондық кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінің батырмасы қарастырылған (слайд).
Мынандай статистикалық функцияларды қарастырайық:
- СУММ - жолдағы, бағандағы немесе ауқымдағы сандардың қосындысын есептейтін функция;
- СРЗНАЧ функциясы бір қатар мәндердің арифметикалық ортасын есептейді;
- МИН - жолдағы, бағандағы немесе ауқымдағы минимал (ең кіші) элементті есептейтін функция;
- МАКС - жолдағы, бағандағы немесе ауқымдағы максимал (ең үлкен) элементті есептейтін функция(слайд, дәптерге жазып алу керек).

Енді мына тапсырманы талдап көрек.
Тапсырма 1.
Үлгі бойынша кестені құрыңыз.
1. А1 ұяшығына кестенің «Қызметкерлерге берілетін сыйақы(теңге)»тақырыбын енгізіңіз.
2. А2 ұяшығына «Қаңтар» сөзін енгізіңіз.
3. А2 ұяшығына «Ақпан» сөзін енгізіңіз.
4. А2 ұяшығына «Наурыз» сөзін енгізіңіз.
5. А2 ұяшығына «Барлығы» сөзін енгізіңіз.
6. А3, А4, А5 ұяшықтарына қызметкерлердің тегі мен аты - жөнін толтырыңыз.
7. В3: D5 ұяшықтар аумағына сәйкес сан мәндерін енгізіңіз.
8. «Барлығы» бағанына (E3 ұяшығы) = B3+C3+D3 формуласын енгізіңіз.
9. E3 ұяшығына = СУММ (B3: D3) формуласын енгізіңіз.
10. E4 ұяшығына = СУММ (B4: D4) формуласын енгізіңіз.
11. E5 ұяшығына = СУММ (B5: D5) формуласын енгізіңіз.
Алдыдағы сабақтарда функция шеберімен, кестелерді автоформаттап, диаграмма шеберімен жұмыс істейтін боламыз.
Бекіту. Бекіту сұрақтары.
1. Формулалардың қандай түрлері бар?
2. Формулалар қандай операторлардың көмегімен жазылады?
3. Формуланың алдында қандай таңбаны жазу керек?
4. Тақтадан мәтіндік оператор таңбасын көрсет.
5. Арифметикалық операторларды атап бер.
6. Салыстыру операторларын атап бер.
7. Жіберу операторларын атап бер.
Оқушыларға жаңа тақырып бойынша компьютерде тапсырмаларды орындату.
Тапсырма2.
Үлгі бойынша есептеу кестесін құрыңдар.
D2, D3, E2, E3, F2, F3 ұяшықтарына төмендегі мәндерді табу үшін статистикалық формуланы енгіз:
• Жолдағы минимал элементі
• Жолдағы максимал элементі
• Жолдағы барлық элементтердің орташа мәнін
Тапсырма3.
Үлгі бойынша есептеу кестесін құрыңдар.
D2, D3, E2, E3, F2, F3 ұяшықтарына төмендегі мәндерді табу үшін математикалық формуланы енгіз:
• Ұяшықтардың қосындысын
• Ұяшықтардың көбейтіндісін
• Ұяшықтардың айырмасын
Тапсырма4.
Кестенің E1, E2, E3 ұяшықтарына мәтіндік операторды пайдаланып сөздерді біріктір.
Тапсырма5.
D5 = (A1 + B1) - C1; E5 = A3 > C2; F = МИН(A1: C4)
D5, E5, F5 ұяшықтарына жоғарыдағы формулаларды енгіз.

Тапсырма6.
Үлгі бойынша есептеу кестесін құрыңдар.
D2, D3, E2, E3, F2, F3 ұяшықтарына төмендегі мәндерді табу үшін логикалық формуланы енгіз:
• Ұяшықтардың сандарды салыстыр

Сабақты қорытындылау
Қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: п. 8. 2 мазмұндау
16 151
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар ИНФОРМАТИКА 11 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар ИНФОРМАТИКА 11 - сынып
Техника қауіпсіздік ережелері және жұмыс орнын ұйымдастыру
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Деректерді өңдеудің Excel электронды кестесінде өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректерді өңдеу формулаларын пайдалануды үйрету.
Информатикадан 11 сыныпқа қысқа мерзімді жоспарлау
Информатикадан 11 сыныпқа қысқа мерзімді жоспарлау
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×