Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MS Office Word 2007 бағдарламасы

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Алғы сөз
Бұл жинақ информатика пәніне арналған көмекші құрал. Құралда Microsoft Word бағдарламасы жайында шағын лекциялар жинағы мен сәйкесінше жаттығу жұмыстары берілген. Лекцияны оқи отырып, жаттығу жұмыстарын орындауға болады.
Бұл құралды қолдану арқылы Microsoft Word бағдарламасында емін - еркін жұмыс істеуге, бағдарламаның қыр - сырын, ережелерін үйренуге, түсінуге қол жеткізе аламыз.
Microsoft Word бағдарламасының мына тақырыптарына көп назар аударылған:
● Microsoft Word бағдарламасы терезесінің элементтері;
● Microsoft Word бағдарламасының терезе параметрлерін баптау.
Жинақты мұғалімдер, студенттер және мектеп оқушы - лары пайдалана алады.

Тақырыбы: MS Office Word 2007 бағдарламасын іске қосу
ЖОСПАР
● Мәтін және мәтіндік редактор туралы түсінік;
● Word бағдарламасын қалай іске қосамыз және жабамыз;
● Word бағдарламасының терезесі қандай элементтерден тұрады;
● Word бағдарламасының терезесін баптау.
Microsoft Word бағдарламасын бірнеше жолмен іске қосуға болады:
● Пуск - Программы - MS Office - MS Word 2007 командасын орындау;
● Жылдам іске қосу панеліндегі Word таңбашасына шерту;
● Жұмыс столындағы Word жарлығына екі рет шерту.
Мәтінді компьютерде өңдеудің негізгі құндылығы - ақпаратты өзгерту, көбейту және көшірудің жеңілдігі. Мәтін компьютерлік алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі. Компьютерлік алфавитте 256 символ бар. Мәтіндік редакторды пайдаланып жасалған, ішінде алфавиттік - сандық символдардан басталады. Графиктік объектілер мен мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпараты бар файлды мәтіндік құжат деп атайды.

Мәтіндік редактор - магниттік дискіде мәтіндік құжат құруға оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығаруға және т. б қолданылатын қолданбалы программа.
Назар аударыңыз. Жұмыс столындағы және жылдам іске қосу панеліндегі жарлықтар Microsoft Word бағдарламасын орнату кезінде, үнсіз келісім бойынша пайда болмайды - жарлықты қажет болған жағдайда қосымша құру қажет. Сіз оны бірнеше әдіспен жасай аласыз, ең оңай жолы - Пуск менюінен Word таңбашасын тышқанның көмегімен апаруға болады.
Бұдан басқа Word бағдарламасын, онымен байланысатын типтегі файлды ашу арқылы іске қосуға болады. Word бағдарламасын файлдың аша алатынын оның таңбашасы көрсетіп тұрады. Келесі әрекеттердің бірімен файлды ашуға болады:
● Бағыттауыш (Проводник) терезесінде оның атына тышқанмен екі рет шерту арқылы;
● Бағыттауыш (Проводник) терезесінде оның атына тышқанның оң жақ батырмасын басып, контексті менюден Ашу (Открыть) жолын таңдау арқылы (1. 1. Сурет)
1. 1. Сурет. Бағыттауыш (Проводник) терезесінде Word құжатын ашу

● Файлдармен жұмыс жасау үшін кез келген бағдарламаның терезесінде (мысалы, Total Commander) құжат атына тышқанның көмегімен екі рет шерту арқылы;
● Бума терезесінде файл атына тышқанмен екі рет шерту арқылы;
● Бума терезесінде файл атына тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контексті менюден Ашу (Открыть) жолын таңдау арқылы;
● Пуск – Құжаттар командасын орындап, қажетті файлды таңдау арқылы; (1. 2. Сурет)
Назар аударыңыз. Егер сіз Microsoft Word құжатымен жақын арада жұмыс жасасаңыз ғана оны соңғы әрекетпен аша аласыз. Құжаттар менюінде соңғы ашылған файлдар тұрады.

1. 2. Сурет. Пуск – Құжаттар командасын орындау арқылы қажетті файлды таңдау.
Егер сіз қандай да бір Word құжатын жиі қолданатын болсаңыз, оны жылдам ашу мүмкіндігіне ие болғыңыз келсе, онда оның жарлығын Жұмыс столына шығарып қоюға болады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 336
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Word - ты іске қосу, Word терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Microsoft Word бағдарламасы
Microsoft Word бағдарламасы
Информатика пәні мұғалімі: Ильясова Эльмира Амангелдіқызы
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.