Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Turbo Pascal программалау тіліне арналған тест сұрақтарының жинағы

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Turbo Pascal программалау тіліне арналған тест сұрақтарының жинағы мектеп оқушыларымен, колледж студенттерінің білімдерін қортындылауға немесе тексеруге арналған.
1. Алгоритм дегеніміз -
a) алға қойған мақсатқа сәйкес орындаушының нәтиже алу үшін атқарылатын әрекеттердің ретімен
орындалуын анықтайтын нақты ережелер жиыны
b) кейбір командалар жинағындағы әрекеттердің орындалу тәртібін көрсететін бағдарланған граф
c) анықталған әрекеттердің орындалу ережесі;
d) компьютерге арналған командалар жиыны;
e) есептеу желісінің хаттамалары;

2. Алгоритмдерді жазу тәсілдерінің толық тізімін көрсетіңіз:
a) сөзбен;
b) графикалық, бағдарламалық;
c) сөзбен, графикалық, псевдокод, бағдарламалық;
d) сөзбен, бағдарламалық;
e) псевдокод;

3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті бұл –
a) әртүрлі мәндегі біртектес есептерді таңдау
b) ескертудегі әрекеттердің берілген орындалу реттілігінің анық болуы
c) есептеу процесінің нақты орындалу тәртібі
d) анықталған қадамдар бойынша есептердің нәтижесін алу
e) алгоритм үздіктілік құрылымға негізделуі керек;

4. Алгоритмнің анықтылық қасиеті бұл –
a) кез келген әрекеттердің берілу ретімен орындалуы
b) есептеу процесінің нақты орындалу тәртібі
c) қандайда бір қадам бойынша нәтиже алу
d) әртүрлі мәндегі біртектес есептерді таңдау
e) алгоритм үздіктілік құрылымға негізделуі керек;

5. Алгоритмнің үздіктілік қасиеті бұл –
a) қарапайым амалдарды жеке кезеңдерге бөліп есептеу
b) ескертудегі әрекеттердің берілген орындалу реттілігінің анық болуы
c) есептеу процесінің нақты орындалу тәртібі
d) анықталған қадамдар бойынша есептердің нәтижесін алу
e) біртектес есептерді әртүрлі мәндермен шешу мүмкіндігі

6. Алгоритмдердің сипатталуы
a) ауызша, графикалық, программалық
b) мәтіндік, графикалық, программалық
c) графикалық, блок - схемалық, алгоритмдік
d) алгоритмдік, программалық, паскаль
e) дұрыс жауап жоқ

7. Алгоритмнің түрлері:
a) сызықтық, тармақталушы, циклдік;
b) сызықтық, графикалық, программалық
c) графикалық, блок - схемалы, алгоритмдік
d) псевдокод;
e) екілік код;

8. Тұрақтылар дегеніміз -
a) программаның орындалу барысында өзгермейтін шамалар
b) программаның орындалу барысында өзгеріп отыратын шамалар
c) объектілерді белгілеу үшін әріптерден басталатын символдар тізбегі
d) осы мәліметтер бойынша орындалатын айнымалы қабылдауы мүмкін көптік мән
e) компьютер жадында сақталатын шамалар;

9. Айнымалылар дегеніміз -
a) барлық уақыт мезетінде сақталып, өзгермейтін мән
b) объектілерді белгілеу үшін әріптерден басталатын символдар тізбегі
c) осы мәліметтер бойынша орындалатын айнымалы қабылдауы мүмкін көптік мән
d) жергілікті айнымалылар;
e) программаның орындалу барысында өзгеріп отыратын шамалар

10. Идентификатор дегеніміз -
a) объектілерді белгілеу үшін әріптерден басталатын символдар тізбегі
b) барлық уақыт мезетінде сақталып, өзгермейтін мән
c) программаның орындалу барысында өзгеріп отыратын шамалар
d) берілгендер бойынша орындалатын айнымалы қабылдауы мүмкін көптік мән
e) дұрыс жауап жоқ

11. Берілгендер типі дегеніміз –
a) барлық уақыт мезетінде сақталып, өзгермейтін мән
b) программаның орындалу барысында өзгеріп отыратын шамалар
c) берілгендер бойынша орындалатын айнымалы қабылдауы мүмкін көптік мән
d) объектілерді белгілеу үшін әріптерден басталатын символдар тізбегі
e) дұрыс жауап жоқ

12. Айнымалылардың сипатталуы –
a) кейбір әрекеттердің толық жазылуы
b) идентификатор және берілгендер типін сипаттау
c) идентификатор немесе таңбасыз бүтін сан
d) трансляция кезінде орындалмайтын шектелген программа фрагменті
e) дұрыс жауап жоқ

13. Оператор дегеніміз -
a) кейбір әрекеттердің толық жазылуы
b) идентификатор және берілгендер типін сипаттау
c) идентификатор немесе таңбасыз бүтін сан
d) трансляция кезінде орындалмайтын шектелген программа фрагменті
e) дұрыс жауап жоқ

14. Паскаль тiлiнде жазылған программа құрылымынын дұрыс тiзбегiн көрсетіңіз
a) program, label, const, type, var, procedure, begin, end.
b) label const program type var procedure begin end
c) end const program type var procedure begin label
d) label end const program type var procedure begin
e) const program type var procedure begin label end

15. Сипаттау бөлімі келесі ретпен жазылады:
a) type, const, label, var, procedure, function
b) const, label, var, type, procedure, function
c) const, label, type, var, procedure, function
d) label, const, type, var, procedure, function
e) дұрыс жауап жоқ

16. Программа тақырыбы келесі түрде жазылады:
a) USES аты
b) VAR
c) PROGRAM аты;
d) PROCEDURE аты
e) FUNCTION

17. Таңбаларды сипаттау бөлімі
a) CONST
b) VAR
c) LABEL
d) TYPE
e) ARRAY

18. Тұрақтыларды сипаттау бөлімі
a) CONST
b) VAR
c) LABEL
d) TYPE
e) ARRAY

19. Айнымалыларды сипаттау бөлімі –
a) VAR
b) USES
c) TYPE
d) DATA
e) ARRAY

20. Қолданушы типін сипаттайтын бөлім
a) USES
b) TYPICALE
c) TYPE
d) VAR
e) ARRAY

21. Паскаль тiлiнде х - тiң бүтін бөлігін табатын стандартты функция:
a) abs(x)
b) Trunc(x)
c) Pred(x)
d) Round(x)
e) ODD(x)

22. Паскаль тiлiндегі Ln(x) стандартты функциясы нені анықтайтынын көрсетіңіз:
a) х - тiң алдындағы санды анықтайды
b) х - тiң абсолют шамасын анықтайды
c) экспонента мәнiн анықтайды
d) х - тің натурал логарифмін анықтайды
e) х - тен кейiнгi санды анықтайды

23. Нәтиженi көрсету командасы қандай клавиштер комбинациясы арқылы орындалады:
a) ALT+F5
b) ALT+X
c) F6
d) ALT+F
e) NEW

24. Паскаль тілінде берілгендерді шығару операторын көрсетіңіз:
a) Readln
b) GOTO
c) Writeln
d) Case
e) IF - Then - else

25. Массивтерді сипаттау операторы?
a) array
b) function
c) type
d) label
e) const

26. Параметрлі қайталау операторлары?
a) for - to - do
b) while - do
c) repeat - until
d) if - then - else
e) case - of - end

27. Шарт цикл басында болатын қайталау операторы?
a) if - then - else
b) repeat - until
c) while - do
d) case - of - end
e) for - to - do

28. Шарт цикл соңында болатын қайталау операторлары?
a) repeat - until
b) case - of - end
c) for - to - do
d) while - do
e) if - then - else

29. Таңдау операторы –
a) repeat - until
b) case - of - end
c) for - to - do
d) while - do
e) if - then - else

30. Шартты өту операторы –
a) if - then - else
b) case - of - end
c) for - to - do
d) while - do
e) repeat - until

31. Шартсыз өту операторы –
a) goto
b) if
c) else
d) case
e) to

32. Курсорды келесі қатарға өткізу жұмысын орындайтын енгізу операторы?
a) write
b) read
c) readln
d) writeln
e) input

33. Курсорды келесі қатарға өткізу жұмысын орындайтын баспаға шығару операторы?
a) writeln
b) print
c) read
d) readln
e) write

34. Сандардың қайсысы (x>=0) AND (x=0 then S:=S+1;
d) S:=0; if a[i]>=0 then S:=S+A[i];
e) S:=1; if a[i]>=0 then S:=S*A[i];

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 941
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдер мен оларды программалау тілінде аудару туралы білім меңгерту
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары туралы мағлұматтар қалыптастыру. Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок - схемалар
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок - схемалар
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының "№11 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ Информатика мұғалімі Сыдық Жырғау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы
Алгоритм және оның атқарушылары
Алгоритм және оның атқарушылары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарылғаш Жанұзаққызы
Turbo Pascal программалау тіліндегі берілгендерді енгізу және шығару операторлары
Turbo Pascal программалау тіліндегі берілгендерді енгізу және шығару операторлары
Атырау облысы, Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектебі информатика пәні мұғалімі Аманқосова Батима Оңайбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×