Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түстер үлгісі

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Photoshop бағдарламасының өз жұмысшы кеңістігінде қайта жасауға арналған бейнелеулер манипуляцияланады да, бейнелеу файлы түрлі-түстілер каналдарында сақталады. Ақпараттар каналдарға таратылады

RGB түстер үлгісі
RGB түстер үлгісі Қызыл (Red), Жасыл(Green) және Көк (Blue) түстердің әртүрлі ашықтығымен үйлеседі. RGB тәртібінде бейнелеуді сканерлеуді жүзеге асырады.
Егер де қызыл, жасыл және көк түстер пиксельде бірдей мөлшерде болса, онда сұр түс (реңк) болып шығады.

Егер бұның мөлшері негұрлым көп болса, соғұрлым сұры түстер ашықтау болады. Сайып келгенде, ашықтықты реттеу арқылы Сіз нейтралды түстерді белгілеп қоюыңыз керек. Егер құрастырылған түстер пиксельде тең емес мөлшерде болса, онда Сіз түсті көре аласыз. Түстердің тондары құрастырылған түстердің қатынасымен анықталады.

LAB түстердің үлгісі
LAB үлгісін тұрғызу үшін үш компонент қолданылады. Егер HSB үлгісі болса, онда Тон, Қаныққандылық және Ашықтық ұғымдарына сүйенеді. RGB үлгісі Қызыл, Жасыл және Күлгін түсініктеріне сүйенеді.

LAB түрлі - түстер үлгісі Ашықтық (Lightness) және Интенсивтілік (Chroma) ұғымына сүйенеді.
Онда түрлі - түсті үлгісі ашықтық (Lightness) және Интенсивтілік (Chroma), яғни L. каналындағы бейнелеуде жарыќ түсірілгендігі (Luminance) туралы хабарды бірге ќұрастырады,
А каналы жасыл түстен бастап қызыл күрең түске дейінгі тондар туралы мәліметтерді, В каналы көгілдір түстен бастап сары түске дейінгі мәліметтерді сақтайды.

"CMYK" үлгісі
Циан, Пурпур, Сары және Қара (CMYK) үлгілері түрлі - түстермен бөлінген бейнелеулерді баспадан шығару үшін қолданылады. Бірнеше бояулардың қоспалары түрлі - түсті бейнелеулерді құрайды.
Алғашқы бояулардың қоспаларын біз журнал және кітап беттерінен көретін түрлі - түсті бейнелеулер құрайды. Сонымен қатар құрама түстердің белгілі үлгілері сияқты, CMYK субстактивті түрлі - түстердің үлгісі болып келеді. Сәуле шығаратын аддитивті түстер үлгісін сипаттайтын монитор люминофорының айырмашылығы пигменттік бояулар субстрактивті түстер болып келеді. RGB үлгісінде бейнелеуді басып шығару үшін төрт стандартты алғашқы бояудың төрт түрі қолданылады, сол үшін стандартты CMYK үлгісіне өзгерту үшін мониторды калибрлеу керек. Photoshop бағдарламасы мониторда RGB үлгісін CMYK үлгісіне өзгертуді қондыру үшін қолданылады.

Бейнелеулердің RGB үлгісінде үш канал, ал CMYK үлгісінде төрт канал болады және оларды TIF, PSD, JPEG, Photoshop EPS немесе Scitex форматына сақтауға болады. Preferences (Қондыру) диалогтық терезесінде (Құрудың) монитор экранына шығару үшін CMYK үлгісін таңдау ұсынылады, себебі сіздің мониторыңыз (монитор RGB үлгісін қолданады), CMYK үлгісінің негізгі түрлі - түсті үлгілерін экранға шығара алмайды, сол үшін Photoshop бағдарламасы CMYK үлгісін экранда көрсетеді. CMYK үлгісінде бейнелеуді экранға шығару үшін Сіз екі тәсілдің біреуін таңдап алуыңызға болады: Faster (Жылдам) немесе Smother (Дәл).

Бұл жерде жылдамдықтың/дәлдікке қатынасы болады. Егер Сіз Faster (Жылдам) түрін таңдасаңыздар, Photoshop бағдарламасы кез - келген түрлі - түсті бейнелеулер үшін CMYK үлгісінің мағыналарына арналған интерполяцияны және қарау кестесін қолданады. Бұл тәсіл тез, бірақ онша дәл емес. Егер Сіз Smoother (Дәл) опциясын таңдасаңыз, Photoshop бағдарламасы негізгі түстерді дәл суреттеуді көбірек қамтамассыз етеді де, түстерді өзгертудің жетілген кестесін қолданады. Соңғы тәсіл баяу, бірақ дәл орындалады. Photoshop бағдарламасында суретті салғаннан кейін және редакторлауды аяқтағаннан кейін, бейнелеуді баспаға дайындау үшін Сіз RGB үлгісін CMYK түстердің үлгісіне өзгертуіңіз қажет.
7 189
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып түстер – Funny Colors
Ғажайып түстер – Funny Colors
Мақсаты: Түстердің атауын ағылшын тілінде атауға үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Көкөністер
Көкөністер
Мына суреттерді қарашы, біз қандай әдемі көкөністерді жинаанбыз! Қызыл қызанақ, жасыл бұрыш, сия көк баклажан... Қандай ашық, қанық түстер! Ашық бояулармен осы суретті қазір - ақ салғың келеді. Ал бұл жұмысты орындауға саған қосымша түстер
Суық гаммада 1-2 заттан құралған қойылым этюді
Суық гаммада 1-2 заттан құралған қойылым этюді
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің композиция, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, дизайн пәндері мұғалімі Тактабулатова Айнур Хамидуллаевна
Түстер және көңіл - күй
Түстер және көңіл - күй
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Дүйсенғалиева Гүлзада
Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау
Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау
Шалқар аудандық Көркемсурет лицейі Құндақбаева Тамара Живопись пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау. Сабақтың мақсаты: білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түстер, жылы және суық түстер
Бояулар бізде қонақта
Бояулар бізде қонақта
Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету; Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×