Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Corel draw интерфейсімен танысу

26 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Corel draw интерфейсімен танысу (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:
• жаңа ұғымды енгізу, қасиеттерін қалыптастыру
• алған білімін жүйелеп, қорытындылауға үйрету.
• Оқушыларды жұмыстарына өздері баға беруге, талдауға үйрету.
• Дұрыс қорытынды жасауға баулу.
б) Дамытушылық:
• Құбылыстардың қасиеттерін және өзара байланысын айыра білуге, оқылып отырған материалдарды жоспарлай білуге, бағдарламамен жұмыс істеу принципін ажырата білуге, теориялық білімін практикада қолдана білуге, есте сақтай білуге үйрету.
• Оқу қабілетін дамыту, оқуға, жазуға, сызуға, конспект жазуға үйрету, оқудың қажетті тәсілдерін қолдана білуге, есте сақтауға дағдыландыру.
В) Тәрбиелік:
• Еңбекке тәрбиелеу, қоғам байлығын молайту жолында еңбек ынтасын арттыру, еңбекті құрметтеуге, өз мамандығын сүюге, тапсырманы дер кезінде сапалы орындауға үйрету.
• Білімге құштарлыққа тәрбиелеу, білімнің қажеттігін ұғындыру, оның мазмұнын терең түсінуге құштарлығын қалыптастыру. Құбылыстарға өзінше баға беруге қабілетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: нұсқау беру, лекция элементтері
Пән аралық байланыс: тарих
Көрнекілігі: плакат, тест, мультимедия.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушыларды сабаққа жұмылдыру
• Оқушыларды түгелдеу
• Оқушылардың сыртқы бейнесі, дәрісхананың тазалығы
• Оқушылардың жұмысқа дайындығы, жұмыс орнының реті.
• Оқушыларға бүгінгі сабақ барысы түсіндіріледі.

Қаламыздың 190 жылдығына орай келген қонақтар бүгін біздің колледжімізге ат басын тіреді. Оларды колледждің құрылу тарихы қызықтырады екен. Оған кім жауап бере алады?
Колледжге келген қонақтарды қыдыртуға үй тапсырмасын орындап, сұрақтарға жауап берген оқушылар шығады.

2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау -
• Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
• Оқушы біліміндегі кемшіліктерді саралау және жою.

Алдыңғы тақырыптарда Photoshop бағдарламасымен танысқан болатынбыз. Оқушылардың тараудан алған білімдерін тексеру сұрақтары:
1. Компьютерлік графикада бейнелену тәсіліне қарай қалай бөлінуі және бағыттары
2. Photoshop бағдарламасы қандай кескіндермен жұмыс жасайды?
3. Photoshop бағдарламасы терезесін сипаттаңыз
4. Photoshop құралдар панелінде қандай құралдар орналасқан және олардың қызметі қандай?
5. Түстер жүйесі туралы не айтасыз?

Осы сұрақтарға жауап алынғаннан кейін оқушылардан тест алынады. Тестке 5 минут уақыт беріледі.
Тест жауаптары тексеріліп жатқанда Photoshop бағдарламасы туралы бейнеролик көрсетіледі.
Тест қорытындысы жарияланып, оқушылардың жинаған балы айтылады.

Біз қонақтармен бірге Н. Бекежанов атындағы драма театрға келдік! Театр тарихын кім біледі?

3. Жаңа сабақты түсіндіру: ауызша баяндау арқылы түсіндіру
Оқушылардың қызығушылығын ояту, сабақты бастамас бұрын оқушылардың жаңа тақырыпқа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың жаңа тақырыпқа байланысты ойын білу.
Қаралатын сұрақтар:
1. Corel draw бағдарламасы туралы түсінік
2. Бас терезе, интерфейс элементтері.
3. Құжатты сақтау, ашу және жабу.
4. Жаңа құжат құру.

Теориядан қысқаша мәлімет.
Corel DRAW — кез - келген дәрежелі қиындықтағы графикалық объектілерді салуға арналған бір емес бірнеше бағдарламалар жиыны. Оған иллюстрация (мәтінің мазмұны, суреттпен сипаттау) дайындайтын (әсіресе Corel DRAW), растрлық кескіндерді құратын және өңдейтін (Corel Photo PAINT), мәтінді тану және растрлық кескіндерді жарқырататын (трассировка) (Corel TRACE) бағдарламалар және көптеген бағдарламалар жатады.
Бағдарлама орнатылғанда Windows жүйесі менюінде қолданбалар таңбалары орналасатын Corel DRAW топтамасын құратын, " Corel DRAW " деген топтамасын құрады. Біздің бөлім осы күрделі әрі мықты бағдарламалар топтамасының тек қана бір компонентіне — иллюстрация дайындайтын Corel DRAW бағдарламасына арналған.
Бағдарламаны іске қосу үшін Windows менюіндегі Corel DRAW 11 бағдарламалар жиынындағы - Corel DRAW 11 белгішесін таңдаңдар. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін сендер бас терезені көресіңдер.
1 - сурет Қалыпты - күй қатары

Бас терезе, интерфейс элементтері.
Терезенің стандартты тақырыбынан кейін бірден меню орналасқан. Кез - келген басқа қосымшалардағыдай меню бағдарлама функцияларына қатынасты қамтамасыз етеді.
Терезенің сол жағын бойлай орналасқан батырмаларды Құралдар панелі деп атайды. Бұл панел бағдарлама жұмысының режимін таңдау үшін қызмет атқарады. Панельдегі құралды тышқанмен таңдаған кезде, сендер бағдарламаға сурет салайын деп жатқандарыңды, қисықтарды өндеу, мүсіндерді, бояу жиектерін таңдау немесе жүргізуді, мәтінді теру немесе өндеу т. с. с сияқты әрекеттер туралы хабарлайсыңдар. Әрбір жұмыстың түрі үшін ерекше құрал қарастырылған. Басқару панелі бас меню астында орналасқан. Онда көбіне жие қолданылатын командаларға сәйкес келетін белгішелер: файлды ашу, сақтау және жабу, алмасу буфері жүйесі операциялары, иллюстрация көріністің масштабы тәртібі т. б орналастырылған. Сендер өздерің жұмыс барысында коп қолданатын құралдар панелдерді орнатып алуларыңызға болады. Терезенің оң жақ шекарсы бойымен Түстер палитрасы орналасқан. Бұл суретшілердің бояулар үлгісін араластыру үшін қолданатын түстер палитрасының сандық баламасы. Электрондық палитра сол сияқты түстер үлгісін сақтайды. Ол кез - келген уақытта жаңа түстермен толықтырылады немесе қажет емес түстерді өшіріп отырады.

Corel DRAW терезесінің төменгі жағын бойлай Қалып - күй қатары орналасқан. Онда тышқан нұсқағышы жағдайы координата басымен салыстырғандағы әрбір жұмыс кезеңінде белгіленген объект туралы мәлімдеме бейнеленеді. Бүл ақпараттың басым бөлігі қасиеттер панелінде орлаласпаған (мысалы, құюдың түстері туралы мәлімет және объектіні жүргізу), бірақ сендерге жұмыс барысында көмегі қажет болады. Қалып - күй қатарында таңдалған құрал жұмысы туралы кон - текстік түсініктеме бейнеленеді. Сондықтан, қалып - күй қатарында бейнелетін ақпарат Сервис менюіндегі Настройка диалогтық терезесінде орнатылған баптауларға тікелей байланысты болады. Бұл диалогтық терезеде жұмыс жасау барысын ыңғайлы етіп алуға мүмкіндік беретін бағдарламаның барлық баптаулары жинақталған.

Бастапқы қолданушылар үшін Подсказки бөлімі қажетті болып саналады. Берілген басқару элемент туралы көмек алу үшін, сендерге тышқан нұсқағышын сол элементке алып барып, тышқанды біраз жылжытпай түру қажет. Нұсқағыштың жанында қысқа әрі нұсқа төртбұрышты түсіндірме кестесі пайда болады. Түсіндірме кестесі қалып - күй жолағымен, құралдар панелімен, басқару панелімен, кейбір қосымша терезелермен жабдықталған. Corel DRAW экранының негізгі өрісі иллюстрация құру үшін бөлінген. Иллюстрация терезесі бастапқыда иллюстрация құратын кескін парағынан ғана тұрады. Парақ жақтаулары иллюстрация терезесінің қалған кеңістігіне серпілген бет жақтауы көлеңкесімен бөлінген. Иллюстрацияны тек қана жұмыс беті деп аталатын парақтан асырмау қажет. Тек қана сол аумақта орналасқан объектілер ғана принтер арқылы баспаға шығарылады. Иллюстрация терезесінің қалған бөлігі, аппликация фигураларын қиып алып жұмыс үстелі кеңістігіне уақытша орналастыратыны сияқты иллюстрацияның элементтерін уақытша сақтау үшін қолданылады. Corel DRAW жұмыс үстелінің мөлшері экранда көрінетін бөліктен әлдеқайда үлкен. Терезенің көрінбей тұрған бөлігін құжат терезесінің оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан айналдыру жолағы арқылы көруге болады. Көлденең айналдыру жолағының сол жағында бағдарламаның ерекше басқару элементі — навигатор орналасқан. Ол Corel DRAW құжатына парақтар қосуға және олардың арасында ауысуға мүмкіндік береді. Құжат терезесінің сол жақ және жоғарғы бөліктерінде объектілердің координаталарын өлшеуге және оларды тегістеуге арналған, яғни парақта дәл орналасуын анықтайтын сызғыштар орналасқан.

Жаңа құжат құру.
CorelDRAW программасын іске қосқан кезде әрқашанда құжат терезесі ашылады. Егер программа файл белгісі арқылы ашылмаса ол жаңа документ болып ашылады. Жұмыс барысында жаңа құжат ашу керек болса File мәзіріндегі New (Новый документ) командасын таңдау керек. Нәтижесінде CorelDRAW программасының жаңа құжат, таза парақ ашылады.
Егер де жұмыс барысында саймандар тақтасында батырмаларды іздеу қиындық тудырса, онда тышқан көрсеткішін сол батырманың орналасқан жеріне қойып 1 - 2 секунд жібермей ұстап тұру керек. Сол кезде батырманың қасына көмекші меню шығады.

Құжаттарды ашу және жабу.
CorelDRAW құжаттарын ашу барысында Windows басқа стандартты программалар сияқты CorelDRAW файлының суреті бар құжаттарды тышқанмен шерту арқылы жүзеге асырылады немесе стандарты саймандар тақтасынан Open (Открыть) командасын орындау керек.
Соңғы екі жағдай бойынша 1. 4 - суретте көрсетілгендей диалогтық терезе Open Drawing (Открыть документ) ашылады..
Бұл диалогтық терезеде Windows қолданбалы программалардың барлық түрлері көрсетілген. Одан басқа да файлдар тізімінің оң жағында алдын ала көру алаңы Preview (Предварительный просмотр) болады ол жерде біздің ашайық деп отырған файлымыздың кескіні немесе суреті кішірейтілген түрде көрінеді.
(Предварительный просмотр).

1. 4.- сурет. Диалогтық терезе Open Drawing

Құжатты сақтау
CorelDRAW құжаттарын сақтау стандартты саймандар тақтасындағы Save (Сохранить) командасы арқылы жүзеге асады. Егер құжат бұрынырақ жадыға сақталмаса, экранға сур. 1. 5. көрсетілген Save Drawing (Сохранить документ)
диалогты терезе шығады.

1. 5.- сурет

Оқушылар, қонақтарымызбен бірге А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйіне де келіп қалыппыз. Енді оқушылар осы мәдениет үйі туралы қандай мәлімет біледі екенбіз?
4. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар.

Тапсырма№1
Corel draw бағдарламасы -

Тапсырма№2
Оқушылар терезе элементтерін жазып шығуы тиіс (12 - слайд).

Сергіту сәт (13 - слайд) і. Ребус шешу. (Жауабы: аспаптар тақтасы)

Тапсырма №3 Сәйкестік тест (14 - слайд)

Қонақтармен бірге «Мәңгі алау алаңына» келгендігіміз хабарланады. әрі қарай жылжу үшін тағы тапсырмалар беріледі (Венн диаграммасы).

Крассвордтар және сөзжұмбақтар

Тігінен:
1. Қол манипуляторы
2. Ақпаратты сақтайтын құрылғы
3. Монитор экранындағы бір нүкте
5. Ақпаратты енгізу құрылғысы
6. Гректердің ежелгі есеп құралы
Көлденеңінен:
4. Иілгіш дискілермен жұмыс жасауға арналған құрылғы
7. Компьютердің «миы»
8. Компьютердің жадына графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы
9. Басылым құрылғысы
10. Компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын негізгі кеңарна (магистраль)
11. Қатқыл диск.
Жауаптары:
1. Трекбол. 2. Жад. 3. Пиксель. 4. Дискжетек. 5. Пернетақта. 6. Абак. 7. Сканер. 8. Процессор. 9. Принтер. 10. Шина. 11. Винчестер.

Енді біз вокзалға келдік. Мұнда қонақтарымыздан қаламыз туралы пікірлерін сұрап, шығарып салып.

5. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.
6. Үй тапсырмасын беру. «Қарапайым объектілерді суретін салу және қасиеттерімен танысу»

Қолданылған әдебиеттер
1. А. Е. Сағымбаева «Компьютерлік графика», Алматы 2007ж
2. Н. Т. Ермеков «Компьютерлік графика, Алматы 2008ж
3. П. А. Минько «Обработка фотографии в Photoshop» Москва 2007

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 966
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару
Логарифмнің негізгі қасиеттерін толық меңгерту, логарифмдік теңдеулерді шеше білуге үйрету.
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
Corel Draw бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту және практика жүзінде қолдана білуге үйрету;
Ортадан тепкіш сораптардың жұмыс жасау принциптері
Ортадан тепкіш сораптардың жұмыс жасау принциптері
Құбылыстардың қасиеттерін және өзара байланысты айыра білуге, оқылып отырған материалды жоспарлай білуге, заттың құрылысы мен жұмыс істеу принципін ажырата білуге, теориялық білімін практикада пайдалана білуге үйрету;
Corel Draw - да редакторында сурет салу
Corel Draw - да редакторында сурет салу
Арал қаласы, 220 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Абишов Қуаныш Қазизұлы
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Вирустердің түрлері
Вирустердің түрлері
Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ колледжінің оқытушысы Ахметова Асель
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×