Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Озық, ойлы оқушы

27 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: «Озық, ойлы оқушы»
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, білімді, дарынды болуға тәрбиелеу. Болашақта егеменді еліміздің технологиялық және индустриялық дамуына ат салысатын жан - жақты тұлғаны қалыптастыру.

Жүргізуші: Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға
Компьютер тілін меңгеру
Қажетті туды адамға. дей отырып,- Құрметті ұстаздар мен оқушылар 7 сыныптар арасында өткізілетін «Озық, ойлы оқушы» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Сайысымыз мынадай - бөлімдерден тұрады.
1 - бөлім. «Ой қозғау»
2 - бөлім. «Жұбын тап»
3 - бөлім. «Ойлан тап»
4 - бөлім. «Ғажайып ұяшық»
5 - бөлім. «Ақтық сайыс»

Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.
7 «А» сынып оқушысы
7 «А» сынып оқушысы
......
Сайысты біз бастауға
Әділ қазы сайлаймыз
Мектеп директорының орынбасары Кенжалиева Айым
Физика пәнінің мұғалімі Тоқаева Зағира

Информатика болашаққа бастайды
Компьютер ортаға сұрақтарды тастайды.
Бисмиллә деп ой қозғауды бастайық
Сұрақтарға жауап беріп тастайық.

1 - бөлім «Ой қозғау»
1. Компьютердің миы, ақыл - ойы, жүрегі / процессор/
2. Компьютер жанына қойылатын өсімдік /катус
3. Ақпарат сөзі қандай мағына береді? /мәлімет, түсіндіру/
4. Ақпараттың өлшем бірліктері /бит, байт/
5. Сурет салуға арналған бағдарлама /paint/
6. Курсордың сол жағындағы өшіру пернесі /delete/
7. Мәліметтерді енгізу пернесі /enter/
8. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы /монитор/
9. Ақпаратты шығару құрылғысы /пирнтер/
10. Есепшот Ресейде қай ғасырларда пайда болды /16 - 17ғ/

Ғылымда асулар көп алатұғын
Қанатын биіктерге қағатұғын
Ұшқырлығын танытып қыран құстың
Кез келді сәйкестігін таба ұғын

2 - бөлім. «Жұбын тап»

Әр жүйріктің жететін мәресі бар
Биіктерге жете алмас өресі тар
Екеуінен сүрінбей өтіп кеттік
Қалғандарың ойнауға қалайсыздар
3 - бөлім. «Ойлап, тап»

1. Жануарға ұқсас атым бар,
бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын
Білсеңдер, қане айтыңдар!
/тышқан/
2. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
/принтер/
3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған.
/Монитор/

Келесі - бөлімді бастайық
Ұяшықтарды ашайық
Асығыстық қылмаймыз
Ұпайларды жинаймыз.

4 - бөлім. «Ғажайып ұяшық»

Шында тұрған шынардай арманы бар
Өнерлерін көрсетті ұл мен қыздар
Ең соңғы айналымға келіп жеттік
Ойлантып отырғанды ойландырар.

Ақтық сайыс мұнда оқушылар тақырып бойынша өз ой - пікірлерін ортаға салады.

Өрбітіп ойлар ойда қала берер
Білім сана толастап жана берер.
Әділ қазыларды ортаға шақырайық
Сайыскерлерге әділ баға берер.

Қорытынды сөз беріледі.
4 667
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математик пәнінің мұғалімі: Смагулова Айгуль
Сайыста біздің - Аналар
Сайыста біздің - Аналар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиеші Калкаева Адеми Жоламановна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Менің ертегі әлемім
Менің ертегі әлемім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Жыл оқушысы
Жыл оқушысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бекбергенова Сара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×