Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу

10 мам 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларды Excel – дегі негізгі ұғымдармен және амалдармен таныстыру. Жұмыстық кесте элементтерімен таныстыру. Жұмыстық беттермен әрекет жүргізуге, жұмыстық кесте беттері бойынша, жұмыстық кесте беттері арасында орын ауыстыруға, жұмыстық беттер қосуға, кесте таңбаларының аттарын өзгертуге, бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге үйрету. Excel – де деректермен жұмыс үйрету. Дерек енгізу, сақтау және қорғау операцияларымен таныстыру. Деректерді өңдеу формулаларын қолдануды үйрету.
2. Оқушылардың мәтінмен жұмыс кезінде білімдері мен біліктерін дамыту;
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, қызығушылыққа, еңбек сүйгiштiкке тәрбиелеу және эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс:

- Excel – дегі негізгі ұғымдар мен әрекеттерді;
- жұмыстық кесте элементтері;
- дерек енгізу, сақтау және қорғау операцияларын.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
- жұмыстық беттермен әрекет жүргізуді;
- жұмыстық кестенің беті бойынша, жұмыстық кестенің беттері арасында орын ауыстыруды;
- жұмыстық беттер қосуды;
- кесте таңбаларының аттарын өзгертуді;
- бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуді;
- дерек енгізуді, сақтауды және қорғауды;
- деректерді өңдеу үшін формулаларды қолдануды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Кестелік процессор Excel деректермен әртүрлі амалдарды орындауға мүмкіндік береді:
Кестелерді құру және оларға ат беріп, дискіде сақтау.
Сақталынған кестелерді ашу және оларды жөндеу.
Кестеге қатар бағана немесе ұяшық қосу.
Кестеден қатарды, бағаны немесе ұяшықты өшіру.
Қатарлардың, бағаналардың немесе ұяшықтардың мазмұнын көшіру немесе жылжыту.
Өсу және кему реті бойынша ұяшықтардың мазмұнын сұрыптауға болады.
Қолданушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды қолданып есептеулер жүргізуге болады.
Кестенің деректері бойынша диаграмма құру және оларды кестеге кірістіру.
Кестеге графикалық объектілерді, стандартты суреттер кітапханасынан суретті кірістіру.
Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығару.
Пуск Программы Microsoft Excel

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР МЕН ӘРЕКЕТТЕР
Жұмыстық кестенің элементтері

Жұмыс кестесі парағының бетімен орын ауыстыру

Кесте парағы таңбаларының атын өзгерту

Бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгерту

EXCEL-ДЕ ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Деректерді енгізу, сақтау және қорғау
Excel кестесі үзіндісінде сәйкес батырмаларды белгілеңдер


Деректерді өңдеу формулалары
Сабақтың немесе үзіліс ұзақтығының өзгеруімен бірге қоңырау кестесінің ілесе өзгеретін электрондық вариантын құрыңдар.
Орындалу реті:
Ұяшықтарға мәтіндер енгізу: А1-ге - «Қоңырау кестесі»; В3-ке – «сабақтың басталуы»; С3-ке – «Сабақтың аяқталуы»; А4:А10-ға «1-сабақ», «2-сабақ», ...., «7-сабақ»; Е3-ке «Сабақтың ұзақтығы»; Е4-ке «Үзілістің ұзақтығы».
Бастапқы мәндерді енгізіңдер: В4 ұяшығына – 8:30; F3 ұяшығына – 0:45; F4-ке 0:10.
Қалған ұяшықтарға мынадай формула енгіземіз: Сабақтың аяқталуы: «Сабақтың басталуы» + «Сабақтың ұзақтығы» формуласымен есептеледі. Бұл үшін қандай формула жазу керек? - =B4+B3.
Қалған сабақтардың бәрінің басталуы алдыңғы сабақтың аяқталу уақыты мен үзіліс ұзақтығының қосындысы ретінде анықталады. В5 ұяшығына қандай формула жазылады? - =C4+F$4.
Енгізілген формулаларды ұяшықтардың сәйкес аймақтарына көшірмелеңдер, абсолюттік адрестеуді ұмытпаңдар.
Сөйтіп, сендерде мынадай кесте шығуы тиіс:
Қосымша тапсырмалар:
Қоңырау кестесі енгізілген ұяшықтары үшін шекараларын тағайындаңдар.
Сервис Параметры Вид Параметры окна Сетка ұяшықтары желісін ажыратыңдар.
WortArt объектісін дайындап, кестеге әсемдеп жазу жазыңдар.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту
V. Қорытындылау
1) Үйге тапсырма
Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар.
Excel – де деректермен жұмыс істеу.
2) Оқушыларды бағалау
7 383
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет
Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет
Кесте таңбаларының аттарын өзгертуге, бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуді және түс беруді үйрету. Диаграмма және гистограмма ұғымдарымен таныстыру.
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Excel электронды кесте бағдарламасында функция графиктерін салу
Деректерді өңдеудің Excel электронды кестесінде өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректерді өңдеу формулаларын пайдалануды үйрету.
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
ЕХСЕL кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.
Microsoft Excel кестелік процессоры.  Негізгі түсініктері мен амалдар. Excel - де деректермен жұмыс істеу
Microsoft Excel кестелік процессоры. Негізгі түсініктері мен амалдар. Excel - де деректермен жұмыс істеу
Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейі информатика пәні мұғалімі Елжанова Гүлназ Жексенбайқызы
Excel кестелік процессоры
Excel кестелік процессоры
Алматы облыс, Ақсу ауданы, Қапал ауылы Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Исаев Аблай Есетұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.