Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Архивтік файл

13 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Архивтік файл
Мақсаты: Білімділік: Сабақта оқушыларды архивтік файл және WinRAR архивтік программасын пайдалану жолдарымен пайдалану
Дамытушылық: алған білімін жаттығулар арқылы дамыту
Тәрбиелік: Іздемпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру
Пән аралық байланыс: программалау негіздері
Көрнекті құралдар: буклет, компьтер, оқулықтар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Өткен сабақты қайталау.
1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
2. Архивтер дегеніміз не?
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Архивтік файл
2. WinRAR архивтік программасын пайдалану
3.. WinRAR - дің мүмкіндіктері
4. Жаңа сабақты пысықтау
1. Архивтік файл деген не?
2. Архивтеу программаларының атқаратын қызметі
3. WinRAR архивтарын қолдану ерекшеліктері

Архивтік файл - қысылған күйінде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдық жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынандай информациялар сақталады:
• файлдың аты;
• файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
• файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;
• Архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.
WinRAR - алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows - тың RAR архиваторының 32 - разрядты нұсқасы.
Windows - қа арналған RAR - дың екі нұсқасы бар:
• WinRAR. ехе – графикалық интерфейсті қолдану нұсқасы;
• Rar. exe - мәтіндік режимде қатарлар арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы
WinRAR - дың мүмкіндіктері:
• RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару;
• мәліметтерді қысудың өте тиімді алгоритмін пайдалану;
• арнайы мультимедиалық – қысу алгоритмін қолдану;
• алып бару – және - қойып кету (drag & drop)
технологиясының қоршауын пайдалану;
• басқа форматтағы (CAB, ARJ, LZH, GZ, ACE, UUE)
архивтерді басқару;
• бірнеше ұқсас файлдарды қысуда қарапайым әдістерге
қарағанда қысу деңгейі 10 - 50 % көбейетін үзіліссіз архивтерді сүйемелдеу;
• бірнеше томдық архивтерді жасау;
• стандартты және қосымша функциялар SFX модульдер көмегімен өздігінен қысылатын қарапайым және бірнеше томды архивтер жасау;
• физикалық түрде бүлінген архивтерді қалпына келтіру;
• басқа да қосымша функциялар, мысалы,
шифрлау, архивтік түсініктемелер қосу (ANSI жүйесінің ESK - тізбегін сүйемелдеу), қателер хаттамасын жүргізу және т. б.
WinRAR - ды екі түрде қолдануымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршауы режимінде және командалар қатарында.
4. Жаңа сабақты пысықтау
1.. Архивтік файл деген не?
2. Архивтеу программаларының атқаратын қызметі
3.. WinRAR архивтарын қолдану ерекшеліктері
5. Оқушыларды бағалау
6. Үйге тапсырма. 171 - 173 бет
11 076
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Файл, файлдарды сақтау және ашу
Файл, файлдарды сақтау және ашу
Оқушыларға файл жайлы түсінік беріп, файлды қалай сақтау, ашу керектігін үйретіп, меңгерту.
Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары
Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары
Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.
Файлдардың түрлері
Файлдардың түрлері
Осыған дейін, біз мәліметтерді пернетақтадан енгізіп, оларды экранға шығардық, программа жұмысы кезінде олар компьютердің оперативті жадында сақталатын да, есептеулер біткеннен кейін бұл мәліметтер жоғалып кететін.
Растрлық графика
Растрлық графика
Сабақтың тақырыбы: Растрлық графика.
Файлдарды архивтеу
Файлдарды архивтеу
Алматы облысы, Балқаш ауданы, "Көкжиде" орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі Информатика пән мұғалімі Абитбекова Жанар Санаққызы
Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою
Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицейінің математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×