Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Принтерді алдын-ала баптау

14 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Принтерді алдын - ала баптау.
Мақсаты:
Білімділік:. Оқушыларға принтерді жұмысқа алдын - ала баптауда орындалатын іс - әрекеттердің тізбегімен таныстыру.
Дамытушылық: Жаттығуларды орындау арқылы жылдам басуға дағдыландыру
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Пәнаралық байланыс: Программалау негіздері
Көрнектілігі: оқулық, буклет, компьютер

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Суреттерді баспаға шығару үшін қандай команданы орындау керек?
2. Мәлімет алмасу буфері дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Принтерді орнату.
2. Принтерді алдын ала баптау.
1) Windows жүйесі – графиктік орта болғандықтан мұнда кез келген программадан мәтінді баспаға шығармастан бұрын, ең алдымен принтерді жұмысқа алдын ала баптап алған жөн. Ол үшін мынадай іс - әрекеттер тізбегі орындалуы тиіс:

І. Принтерді орнату:
а) принтерді компьютерге қосу
Іске қосу Баптау Принтерлер командасын орындау;
б) Осы сәтте ашылатын терезеге Windows жүйесінде тіркелген барлық принтерлердің белгісі және «принтерді орнату» белгісі шығады.
в) «Принтерді орнату» белгісінде тышқанды екі рет шертіп «принтерді орнату шебері» терезесін ашамыз;
г) «Принтерді орнату шебері» ұсыныстарына сәйкес әрекеттерді орындау;

2) Оны баптау кезінде көрсетілуге тиіс параметрлерге мыналар кіреді:
- принтер типі;
- принтердің қосу портының анықтауышы;
- матрицалық және сия бүріккіш принтерлер үшін олардың айқындылық қабілеті.
- қағаз мөлшері.
- қағаз парақтарына символды орналастыру бағыты: көлденең және тік бағытта орналастыру.
- қағазды беру тәсілі (парақты немесе рулон күйінде)
- баспаның сапасы.
Бұл параметрлер басты топ терезесінде орналасқан арнайы принтерлер программасының көмегімен де өзгертіле алады.
Принтерлердің тағайындалған параметрлерін Іске қосу Баптау Принтерлер командасын орындау арқылы да өзгерту мүмкіндігі бар.
М: принтерді таңдап, оның параметрлерін өзгерту қажет болсын дейік, ол үшін Файл Қасиеттер командасын орындаймыз.
«Қасиеттер» терезесі ашылғаннан кейін принтер жұмысының параметрлерін өзгертіп, баспаға шығарудың қажетті параметрлерін тағайындаймыз.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Принтерді іске қосу үшін қандай команданы
орындаймыз?
2. Принтерді алдын ала баптау кезінде қандай параметрлерді орындаймыз?
3. Қағаз беру тәсілін айт.
Ү. Үйге тапсырма: 128 – 129 бет.
7 383
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Программаны орнату және оны жою. Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру
Программаны орнату және оны жою. Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру
Windows операциялық жүйесінде программаларды орнату мен жоюды, жүйені қайта қалпына келтіру нүктесін құруды және жүйені баптауды іске асыруды.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Терезелер
Терезелер
«Зеленов ауданы, Махамбет жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі: Н.Алишева
Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×