Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Объектілерді көшіру. Себет (корзина)

18 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
«Дүниенің кілті өнер білімде». (Абай)

Сабақ тақырыбы: Объектілерді көшіру себет (корзина). Себеттегі объектілерді өшіру, қалпына келтіру.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға себетке объектілерді көшіруді және өшіруді, қалпына келтіруді меңгерту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақ көрнекілігі: Мақал - мәтелдер жазылған плакаттар, үлестірмелі карточкалар, тестік сұрақтар, жетондар, компьютер.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үш топқа бөлемін. I топ
«Алғырлар», II топ «Ептілер»,
III топ «Жүйрік».
I. Сұрақ жауап (өткен тақырыптар бойынша).
II. Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақты компьютерде мысал түрінде көрсету.
III. «Кім жылдам» ойыны сұрақтарға жылдам жауап беру керек 1 минут 10 балдық тапсырмалар
жүйесі:
1. ОЖ - дегеніміз не?
2. Терезе дегеніміз не?
3. Жұмыс үстелінде жарлық қалай құрылады?
4. Файл дегеніміз не?
5. Бума (папка) дегеніміз не?
6. Компьютердің құрамды бөліктеріне нелер жатады?
7. Енгізу құрылғысы дегеніміз не?
8. Информатика дегеніміз не?
9. ЭЕМ - ң медицинадағы ролі?
10. Windows ОЖ - ң түрлерін ата?

IV «Кім алғыр» ойыны. Әр топтан бір - бір оқушыдан шығып, Word текстік редакторында мақал - мәтел жазудан жарысады және сақтайды.
V «Сәттілік кезең» әр топтан топ басшылары сақталған мақал - мәтелдерді менің құжаттарым бумасынан тауып себетке жібереді.
VI. Келесі айналым әр топтан бір - бір оқушыдан шығып, себетке жіберілген құжатты қалпына келтіруден сайысқа түседі.
VII. «Кім алғыр» ойыны. Әр топтан бір оқушыдан шығып компьютерде жұмбақ жазады, сол жұмбақтың жауабын табу керек. Әр топ бір-бірінікін табу шарт.
VIII. «Кім епті» ойыны. Бұл сайыста табылған жұмбақтың жауабын Paint - графиктік редакторында суретін салу шарт.

«Қай ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жай,
Құры ішінде кеткенше пайдалансын өзгелер».
Абай
IX.«Талантты табу» ойыны мына ақпараттың өлшем бірліктерін 10 секунд ішінде «тізбек» (өсу) ретімен дұрыс шығатындай етіп орналастыру керек.

Топтарға берілетін тапсырмалар:
1. 1. Байт. -------------------- I. Бит
2. 1. Мегабайт -------------- II. Байт
3. 1. Гигабайт -------------- III. 1. КБайт
4. 1. Килобайт ------------- IV. Мегабайт
5. 1. Бит ---------------------- V. 1. Гигабайт.

«Дүние де - өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз». (Абай)

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың әр сайыс түрінен жинаған ұпайлар санын есепке ала отырып, жеңімпаз топты анықтау. Және жақсы білім сапасын көрсете білген оқушыларға тиісті бағаларын беру, бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма: § 12 Объектілерді көшіру себет
(корзина). Себеттегі объектілерді өшіру, қалпына келтіру. 5 - ші тапсырманы орындау.
4 394
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері
Кызылорда қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп мұғалімі Баян Баймишева
Объектілермен жұмыс істеу, алмасу буфері
Объектілермен жұмыс істеу, алмасу буфері
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылы, Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Балтамуратов Ардақ
Бумалармен белгішелерде құру. Атын өзгерту
Бумалармен белгішелерде құру. Атын өзгерту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Жаушықұм елді мекені, "Жаушықұм" мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Ташкенбаев Нуржол Ташкенбаевич
Объектілермен жұмыс істеу
Объектілермен жұмыс істеу
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жайнаков Сисенбай Сарсенбаевич
Файлдар мен қапшықтар. Обьектілермен жұмыс істеу. Корзинаны қалай тазалайды?
Файлдар мен қапшықтар. Обьектілермен жұмыс істеу. Корзинаны қалай тазалайды?
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы, №203 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мұрынбаева Шолпан Ахметқызы
Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою
Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицейінің математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×