Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Графикалық редакторлар

08 маусым 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды графикалық редакторлармен таныстырып, графикалық редакторлар қолданылуымен суреттерді редакциялауды үйрету;
Тәрбиелік: жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың графикалық редакторлармен жұмыс
істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Білім мен қабілетті арттыруда қойылатын талаптар
Оқушылар білуі тиіс:
- Компьютерлік графика деген не?
- Компьютерлік графиканың классификациясы;
- Кең тараған графикалық редакторлар;
Оқушылар үйренуі тиіс:
- Графикалық редактормен жұмыс істеуді;
- Графикалық редакторды қолданып кескінді редакциялау.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, тест тапсырмалары
Сабақтың әдісі: топтау, топтық жұмыс, Венн диаграммасы, сыни тұрғыдан ойлау, формативті бағалау, диалогтық әдіс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, көңіл күйлеріне қарау және топқа бөлу.
Саламатсыңдар ма, балалар!
Жағдайларың қалай!
Оқушылар: Жақсы!
Сурет қиындылары бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді;
Топ басшысын белгілеу. Топ басшыларына бағалау парағын үлестіру.
1 топ: «Paint» графикалық редакторы
2 топ: «CorelDraw» графикалық редакторы
3 топ: «Photoshop» графикалық редакторы
Мұғалім: Дайынбыз ба?
Оқушылар: Дайынбыз.
Мұғалім: Дайын болсақ 1, 2, 3 шапалақ деп сабақты бастадым.
Оқушылар: 1, 2, 3 шапалақты бірдей етіп орындады.

ІІ. Тіреулі білімдерін жаңғыртып, қайта түзеу
Өткен сабақты бірнеше тапсырмалар арқылы қайталау
Тапсырма №1
«Ойланып көр» сайысы
Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында ашық, жабық деңгейдегі сұрақтар беріледі. Топ басшылары үй тапсырмасын бағаламайды, орнын бос қояды, оны өзім тексере отырып бағалаймын.

ІІІ. Мағынаны тану. Қызығушылығын ояту
Тапсырма №2. Ребус шешу арқылы тақырыпты табу

Жауабы: Графикалық редакторлар

- Балалар құттықтаймыз дұрыс шештіңдер.
- Олай болса біз «Графикалық редакторлар» тақырыбымен танысатын боламыз.
- Балалар, не қажет деп ойлайсыздар?
- Дұрыс, компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар графикалық редакторлар пайдаланылады.

Тапсырма №3. Видеокөрсетілім көрсетіледі
Тапсырма №4
Үш топқа үш түрлі тақырыптағы ресурс беріледі.
1. Paint
2. Photoshop
3. CorelDraw
Берілген ресурсты топ ішінде талқылап, флипчартқа жауаптарын түсіреді, қорғайды. Қорғау уақыты 3 минут.
Постерді қабырғаға іліп, әр топ постерді бағалайды.
Бағалау өлшемдері:
• Анықтаманы дұрыс беруі
• Суреттердің әдемі көрініс беріп, тартымды болуы;
• Мағынаның толық ашылуы

Оқушы ойын толықтыру.
Мұғалім: Графикалық редакторлар - бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға, қарап шығуға арналған программалар. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: Растрлық, векторлық.
Растрлық редакторларға: Adobe Photoshop, Сorel PhotoPaint, Paint. Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге Растрлық редакторлар ыңғайлы
Векторлық графикалық редакторларға: Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, CorelIDRAW, Adobe IUustrator, т/б.

Компьютерлік графиканың пайдасы:
1) Графикалық примитивтерді (сызық, төртбұрыш т. б) салу.
2) Кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу.
3) Сурет салу, бояу.
4) Ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу.
5) Көркем хабарлама дайындау.
6) Сақтау. Редакциялау.
Сергіту сәті. Көз, дене жаттығуларын жасау (әуен ойналып турады).
ІҮ. Шығармашылық жұмыс.
Тапсырма №5.
Берілген суретті растрлық графикалық редактор көмегімен өңдеу (жеке жұмыс)
(жұмыс уақыты он минут)

Ү. Ой толғаныс.
Тапсырма №6
Осы жерде мына кестені таратып беремін:

БІЛЕМ
БІЛДІМ
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ?

VІ. Бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін әр тапсырма бойынша бағалайды.
(Мұғалімге ұсынады)

Жауаптарын (+, - ) арқылы бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: §16. Графикалық редакторлар.
Бақылау сұрақтары – 61 бет, практикум
Кері байланыс
13 114
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Компьютердің мониторы екі режимде: мәтіндік және графикалық режимдерде жұмыс істей алады. «Компьютерлік графика» деген сөз тіркесі қазіргі уақытта жиі қолданылады. Компьютерлік графика дегеніміз не? Қандай түрлерін білеміз?
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді үйрену.
Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау
Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау
Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Умирзаков Еркебулан Саматович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×