Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Power Point бағдарламасын қорытындылау

28 маусым 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Power Point бағдарламасын қорытындылау
Сабақтың мақсаты: Бағдарламамен жасаған жұмысымызды қорытындылау.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін – өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға қалыптастыру.
Дамытушылығы: Бағдарламада жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық, құрылымдық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Оқыту әдісі: көрнекілікті – практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Жабдықтау: көрнекі материалдар, таратпа материалдар, оқу құралы,
компьютер, презентация материалдары.
Сыныпты 2 топқа бөліп топ басшылары сайланды. Әр топ басшыларына алмастырып бағалау парағы таратылады, яғни 1 топ басшысы 2 топтың, ал 2 топ басшысы 1 топтың мүшелерін бағалайды.

1 – кезең. Бақылау сұрақтары.
Екі топ бір – біріне бақылау сұрақтарын қояды.
1. Power Point бағдарламасы қалай іске қосылады?
2. Бағдарламаның қандай мүмкіндіктері бар?
3. Автомазмұн шебері қалай іске қосылады?
4. Презентация дегеніміз не?
5. Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны өңдеуге бола ма?
6. Слайд дегеніміз не?
7. Бағдарламада слайдтар белгіленуінің неше варианты бар?
8. Слайдпен жұмыс істеудің режимдері бар?
9. Слайдқа суреттерді қалай енгіземіз және енгізілген суреттердің түрін
өзгертуге бола ма?
10. Презентация мәтіндерін өңдегенде қай режимде жұмыс жасаймыз?
11. Саймандар тақтасы не үшін керек?
12. Слайдтарды баспаға қалай береміз?

2 - кезең. Еске түсіру кезеңі
Әр топ мүшелеріне өткен материалды еске түсіру үшін семантикалық карта ұсынылады. Топ басшылары оқушылардың жұмысын жинап тексеріп, бағалау парағына бағасын құяды.

3 - кезең. Шығармашылық тапсырма
Әр топ өздері дайындаған шығармаларымен танысып, оны қорғайды, түсіндіреді, қалай көркемдеп безендіргендерін айтып береді.

1 - топ «Исатай ауданы Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты презентация құрады. Ол презентация 10 слайдтан тұрады. Онда Исатай ауданының аумағын көрсететін картасы, осы аудандардан соғысқа қатысқан адамдардың ерлігі туралы атап көрсетті. Оқушылар өз ауылымыздан соғысқа аттанған солдаттар мен тылда еңбек еткен ауылдастардың істеген еңбектерін жазып, сканер арқылы суреттерін енгізген.

2 – топ: « Ғ. Мәсәлімовтың өмірі мен қызметі» тақырыбында презентация құрды. Туған жерінен бастап, жанұясын толығымен көрсетіп, музейіне саяхат жасап, өнер жолында марапатталған дипломдарын, күйлерін, естеліктерінен үзінділер көрсетеді.
4 - кезең. Өзін - өзі тексеру
Әр топ мүшелеріне 10 сұрақтан тұратын компьютерден тест берілді. Тесті топ басшылары жиналып алып, тексеріп бағалайды.
(топ басшысы қарсылас топтың тестін тексереді)
1. Power Point программасында презентацияларды құрудың қандай тәсілдері бар?
А) слайдтар құру.
Ә) презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару.
Б) дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранға көрсету.
В) презентация материалдарын қағазға немесе 35 мм-лік қабыршыққа шығару.

2. Power Point программасында презентацияларды құрудың қандай тәсілдері
бар? (қате жауабын көрсет)
А) автомазмұн шебері көмегімен.
Ә) презентациялар шаблоны көмегімен.
В) бос презентация
Б) программалық тілде жазу арқылы

3. Автомазмұн шеберінің бірінші қадамында қандай әрекет орындалады?
А) презентацияның түрі, жалпы оның тақырыптық бағыты таңбаланады
Ә) презентацияны көрсету тәсілі таңдалынады
Б) презентацияны шығару материалдарының форматы таңдалады.
В) қосымша мәліметтер. Презентацияның тақырыбы, титулі слайдты жазылатын мәліметтер енгізіледі.

4. Автомазмұн шеберінің екінші қадамында қандай әрекет орындалады?
А) презентацияның түрі
Ә) презентацияны көрсету тәсілі таңдалады
Б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады
В) қосымша мәліметтер. Презентацияның тақырыбы титулі слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.

5. Автомазмұн шеберінің үшінші қадамында қандай әрекет орындалады?
А) презентацияның түрі
Ә) презентацияны көрсету тәсілі таңдалады
Б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады
В) қосымша мәліметтер. Презентацияның тақырыбы, титулі слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.

6. Автомазмұн шеберінің төртінші қадамында қандай әрекет орындалады?
А) презентацияның түрі
Ә) презентацияны көрсету тәсілі таңдалады
Б) презентацияны шығару материалының форматы таңдалады
В) қосымша мәліметтер. Презентацияның тақырыбы титулі слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.

7. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?
А) Объектілерін, файлда сақталып тұрған суреттерді, сканерден көшірме
Ә) Бір мезгілде бірнеше дыбыстық, объектілерді
Б) енгізуге болмайды
В) А мен Ә жауабы

8. Слайдтар режимі қандай мүмкіндіктер береді?
А) Презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы
Ә) Презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді
Б) Презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады
В) Беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндік береді

9. Құрылымды режимі қандай мүмкіндік береді?
А) презентацияның әр слайдын жеке қорғауға ыңғайлы
Ә) презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді
Б) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады
В) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндік береді

10. Слайдтарды сұрыптау режимі қандай мүмкіндік береді
А) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы
Ә) презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді
Б) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады
В) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндік береді
Тестің жауап парағы
Тестің жауап парағы
Аты---------------
Баға------
------ 1 ---- 2 ---- 3 --- 4 ---- 5 ---- 6 ---- 7 ----- 8 --- 9 ---- 10
А
Ә
Б
В

5 - кезең. Жарнама
1 - топ жүйелік блокты
2 - топ пернетақтаны, РАФТ стратегиясы бойынша екі топта рөлге еніп жарнамалау керек.
6 - кезең.
Әр топ басшысы бағалау парағын толтырып қарсы топтың әр мүшесіне бағаларын қояды

7 - кезең
Үй тапсырмасы. Үлгі бойынша реферат жазу
6 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Оқушыларға Power Point бағдарламасы арқылы презентацияларға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруді, анимация әсерлерін баптауды үйрету, білім - біліктілік қалыптастыру.
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
PowerPoind бағдарламасы (практикалық сабақ)
PowerPoind бағдарламасы (практикалық сабақ)
Қостанай қаласы, Арқалық қаласы, А. Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін профильді мектебінің информатика пәні мұғалімі Есенеева Рысжан Ескалиевна
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Информатика пәні мұғалімі: Нурлы Казбекова
MS Power Point бағдарламасын игеруді қорытындылау
MS Power Point бағдарламасын игеруді қорытындылау
Медиева Нургул Кашагановна Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебі
Microsoft Power Point программасын қорытындылау
Microsoft Power Point программасын қорытындылау
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×