Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері

06 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Класы: 8
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. MS Excel бағдарламасында әртүрлі математикалық, статистикалық есептерді шығару және графиктер мен диаграммалар тұрғызу мүмкіншіліктерін көрсету.
2. Дамытушылық. Оқушылардың қолданбалы бағдарлама арқылы өз бетінше компьютерде шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын және деңгейлік тапсырмалар орындау барысында өзіндік танымдық іс - әрекетін қалыптастыру.
3) Тәрбиелік. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, уақытты үнемдеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: білім тексеру және бағалау.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп – саралау технологиясы, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, ағылшын, тарих
Сабақтың жоспары.
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин.)
А) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Ә) Оқушыларды түгендеу.
Б) Компьютерлердің жұмысқа дайындығын тексеру.
В) Сабақтың мақсатын таныстыру.
ІІ. Өтілген сабақты қайталау (5 мин.)

А) Оқушыларға сұрақтар беру.
Ә) Презентация арқылы оқушыларды қатыстыра отырып MS Excel мүмкіндіктеріне шолу жасау.
ІІІ. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. (25 мин.)
А) І - ІІІ деңгей тапсырмаларына мұғалімнің қысқаша түсініктемесі.
Ә) Компьютерде өз бетінше деңгейлік жұмыстарды орындау.
ІV. Бекіту (10 мин.)
Компьютерде тест жұмысын жүргізу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын, сабаққа қатысуын және компьютерлердің жұмысқа дайындығын тексергеннен кейін сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқушылар, біздің бүгінгі қорытынды сабағымыз «MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктері» деп аталады. Сабақта алған білімдерің мен дағдыларыңды өз бетінше компьютерде деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы дәлелдеп шығуымыз керек. Осы уақытқа дейін біз MS Excel бағдарламасының көптеген мүмкіндіктерімен таныстық.

Тапсырмаларды орындамас бұрын өтілген сабаққа қысқаша тоқталайық.
І. Өтілген сабақты қайталау. (сұрақтар арқылы)
1. Оқушыларға сұрақтар беру.
2. MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктері атты презентацияны жарнамалау.

ІІ. Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
ІІ деңгей
ІІІ деңгей
ІІІ. Сабақты бекіту мақсатында компьютерде тест жұмысы жүргізіледі.

(Тест жұмысы алдын ала компьютерге жазылған. Құрылымы бойынша тесті аяқталған кезде оқушы бағасы бірден беріледі)
Қорытынды. Мұғалім сөзі.

Оқушылар, сонымен MS Excel – дің қолданылу аясы өте кең екен. Ехсел терезесі дайын кесте болып, табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс – беттері, т. б.) жасау үшін қолданылады.

MS Excel – де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады (Спортпен айналыса бастаған уақыттан бергі дене салмағының азаю сызбасы, мал басы санының өсу диаграммасы, т. б.)

MS Excel – ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін қолдана алады (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы)

MS Excel – де көптеген математикалық және статистикалық жетелер болуы арқасында осы мектеп оқушылары мен студенттер курстық және зертханалық есептерін шығару үшін пайдалана алады.

MS Excel бухгалтерияда қарқынды қолданылады. – көптеген фирмаларда бұл құжаттар мен есептерді рәсімдеудің, диаграммалар жасаудың негізгі құралы. Онда бұл үшін қажетті жетелердің барлығы бар.
ІV. Бағалау
Өтілген тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтардың жауабын, деңгейлік тапсырмаларды орындау және тест бағасын ескере отырып оқушыларды бағалаймын.
Үй тапсырмасы. Microsoft Excel бағдарламасында мәнжазба жазу.
10 125
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік
Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.
Microsoft Excel кестелік процессоры
Microsoft Excel кестелік процессоры
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, "Қызылтөбе лицейі" инфрматика пәні мұғалімі: Нагашбаева Гулзира Рахановна
Excel- де диаграммалар салу
Excel- де диаграммалар салу
Атырау қаласы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тағайева Айнұр Узахпайқызы
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторын терең ұғындырып, берілген тапсырмаларды жазуды үйрету.
Презентацияны жасау
Презентацияны жасау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×