Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Microsoft Word мәтіндік редакторын қорытындылау сабағы

28 қазан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторын қорытындылау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Microsoft Word программасы бойынша меңгерген теориялық білімдерін, практика жүзінде қолдана білуге үйрету
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: компьютер құрылғылары, интерактивті тақта, электрондық оқулық, әр түрлі тапсырмалар жазылған слайдтар
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, венн диаграммасы, ассоциация, ББҮ, ролде ойнау
Пән аралық байланыс: Халықтық педагогика элементтерімен ұштастыру, логика, қазақ тілі, сурет

Сабақтың өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
3. Қауіпсіздік ережені ескерту
2. Сабақтың мақсатын түсіндіру: баспалдақпен жоғары шығу арқылы, гүлді алып, өзіне жақын адамға сыйлау. Ол үшін баспалдақтардағы тапсырмаларды орындау керек

(Гүл)
6. Құттықтау
------- 5. Кинофильм
------------- 4. Сергіту сәті
----------------------- 3. Жұмбақ
--------------------------- 2. Мақал - мәтел
------------------------------------- 1. Сұрақ - жауап

1 - ші баспалдақ: Оқушыларға сұрақтар қою арқылы, теориялық білімдерін тексеру

Сұрақтар
1. Word мәтіндік процессорында қандай жұмыстар жүргізуге болады?
2. Мәтін, құжат дегеніміз не|?
3. Мәтінді енгізу үшін қандай құрылғыны пайдаланамыз?
4. Word – ты іске қосу жолы қандай?
5. Word мәтіндік редакторы терезесінің негізгі элементтері қандай?
6. Пішімдеу панелі мен стандартты панелдің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
7. Мәтінді бір жерден екінші жерге көшіру үшін не істейміз?
8. Мәтінді қиып алып, екінші жерге орналастыру үшін не істейміз?
9. Кестені қалай сызамыз?
10. Мәтінге дайын суреттерді қалай кірістіреміз?
11. Фигуралық мәтінді қосуға бола ма?
12. Парақтың жиегін қалай жиектейміз?
13. Құжатты қалай сақтаймыз?

2 – баспалдақ: Мақал – мәтелдің жалғасын тап.
Шарты: парақтың жиегін жиектеңдер, мақалды 20 қаріппен,
қызыл түспен, ортадан туралап жазыңдар.

1. Қыздың............... сақта, ( ақылсыздығынан )
Ұлдың.................. сақта. ( жалқаулығынан)

2. Ананың.............. бал. (сүті )
Баланың............ бал. ( тілі )

3 – баспалдақ: Жұмбақ
Шарты: Жұмбақтың шешуін Paint терезесінде бейнелеп, көшірмесін Word терезесіне түсіру керек.
Күндіз бар
Түнде жоқ. ( күн )

4 – баспалдақ: Сергіту сәті
Шарты: 9 гүлді 2 төртбұрышты пайдалана отырып, 9 бөлікке бөлу керек
Шешуі:

5 – баспалдақ: Кейіпкер ролінде
Шарты: Сұрақтың жауабын, компьютерде теріп жазыңдар.

Қоңырау соғылды, сабақ басталды. Түгелдеп болғаннан кейін, Майқанова сумкасын ашып, қол орамалын суырып алды. Сол кезде кішкентай қара сұр бақа қол орамалмен қоса секіріп шығып, секемшіл мұғалімнің қолының дәл үстіне қонбасы бар ма. Майқанованың шаңқ еткен даусы бір – ақ шығып үлгерді.
Өңі құп – қу болып, сыныптан шыға жөнелді.
Сұрақ: Майқанова апайдың орнында болсаң не істейсің?

6 – баспалдақ: Құттықтау
Шарты: «Құттықтау» сөзін фигуралық мәтінді пайдаланып, астына тілек жазыңдар.

3. Сабақты қорытындылау
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім

4. Оқушыларды бағалау
5. Үйге тапсырма: Тарауды қайталау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 513
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторын терең ұғындырып, берілген тапсырмаларды жазуды үйрету.
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×