Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Озық ойлы дарындылар

30 қазан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
«Озық ойлы дарындылар»
(Сыныптан тыс шара, 7 - сынып)

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, алған білімдерін қорытындылауды, ой өрісін және танымдық қабілеттерін, ынталарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу

Сайыстың кезеңдері:
І. «Ой ашар»
ІІ. «Ғажайып алаң»
ІІІ. «Жүз бір жұмбақ»
ІҮ. «Адасқан әріптер»
Ү. «Біреуі артық»
ҮІ. «Мың бір мақал»


І. «Ой ашар»
Бұл кезеңде сайысқа қатысушы оқушыларға 10 сұрақ қойылады. Қойылған сұраққа тез арада дұрыс жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1. Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
2. Бөлменің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық отыр? (4 мысық)
3. Компьютердің «миы» (процессор)
4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (біреуі дорбасымен алды)
5. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас (интерфейс)
6. Компьютер жадының қандай түрлері бар?(ішкі жад, сыртқы жад)
7. Компьютердің негізгі құрылғыларына нелер жатады?(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)
8. Тышқан құрылғысының неше түрі бар?(3 түрі бар, сымсыз, лазерлік, механикалық)
9. «Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жер өлшеу)
10. Қандай екі санның қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең? (5 пен3)

ІІ. «Ғажайып алаң»
Математика және информатика пәндері бойынша ұяшықтардың деңгейіне қарай сұрақтар жасырылған. Әр ұяшыққа сәйкес ұпайлары беріледі.

Математика 20 30 40
Информатика 20 30 40

Математика
20 – у=х2 функциясының графигі қалай аталады? (парабола)
30 – Сыбайлас бұрыштардың біреуі 400 болса, екіншісі нешеге тең? (1400)
40 – Вертикаль бұрыштардың біреуі 300, қалған бұрыштарды тап. (1500; 300; 1500)

Информатика
20 – Қазіргі компьютерлер нешінші буынға жатады? (ІV буынға)
30 – Ең алғашқы электронды машина қалай аталды және ол қай жылы жасалды? (ENIAC, 1946 жылы)
40 – Аналық тақшада қандай құрылғылар орналасқан? (процессор, шиналар, жедел жад, тұрақты жад, микропроцессорлық кешен)

ІІІ. «Жүз бір жұмбақ»
Сайыстың бұл кезеңінде оқушылар жұмбақтар шешеді. Әрбір дұрыс шешілген жұмбақ жауабына 5 ұпайдан беріледі.
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)

2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады оның аты. (тышқан)
3. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)

4. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус)

5. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік
Ақпаратты өлшер (бит)

6. Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді (сканер)

7. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)

8. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

9. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан)

10. Пернетақта ауылында тұратын
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды баласы
Немерелері алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана Ғ(эф) әрпімен басталады (функционал пернелер)

ІҮ. «Адасқан әріптер»
Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге 3 ұпайдан беріледі.
сөздер ----------жауаптары
Ретьюмопк ---- Компьютер
Демом ---------- Модем
Лайф ----------- Файл
Ротином -------- Монитор
Нирперт -------- Принтер
Красен --------- Сканер
Шытқан -------- Тышқан
Тиврсутиан ---- Антивирус

Ү. «Біреуі артық»
Берілген сөздердің ішінен артық сөзді, артық әріпті, берілген суреттен артық суретті алып тастау керек.
1. Ақпарат, код, кодтау кестесі, әріп, байт
2. Принтер, сканер, модем, пернетақта, жүйе, шиналар
3. Бинот, комляандяма, авиоркус

ҮІ. «Мың бір мақал»
Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс нұсқасын тапқан оқушыға 5 ұпайдан беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні - жау алмайды)
6 281
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХІХ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойын
ХІХ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойын
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі Ержанова Жазира Төлегенқызы
Озық ойлы дарындылар
Озық ойлы дарындылар
Атырау қаласы, №6 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Динара Тастемірова Ерболқызы
Тек ғана математика
Тек ғана математика
Қарағанды қаласы Математика - информатика мұғалімі Кулшархан Темиреева
Логикалық есептер (бастауыш сыныптарына)
Логикалық есептер (бастауыш сыныптарына)
Логикалық есептер. (бастауыш сыныптарына) *Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир.
Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир.
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Хайрушева Махаббат Омаровна
Логикалық есептер
Логикалық есептер
Көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту. Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×