Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы (интеллектуалды сайыс)

31 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Математика - информатика апталығында 9 - сыныптар оқушыларымен өткізілген «ХХІ ғасыр ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынының жүрісі

Мақсаты: оқушыларды білімді, жан - жақты болуға үйрету, математика, информатика пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, логикалық ойларын дамыту.

Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар!
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика, информатика жайында
Ойын сайысты бастаймыз!
Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика - информатика құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз, компьютерсіз түсіну.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздермен бірге «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.
Сайысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.(сайысқа қатысатын 9 - сынып оқушылары ортаға келеді, барлығы 6 оқушы)
Әділ - қазылар алқасын сайлап алу.
Сайыстың кезеңдері:
І. «Бәйге»
ІІ. «Полиглот»
ІІІ. «Ғажайып жетілік»
ІҮ. «Шешендік сөздер»
Ү. «Жорға»
І. «Бәйге»
Бұл бөлімде оқушылар әр түрлі сұрақтарға жауап береді. Әр жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
1. Алгоритм деген не?
2. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі (сәуле)
3. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады? (3)
4. Паскаль тіліндегі арифметикалық амалдарды ата (+,-,/,*, div, mod)
5. Бұрыш өлшейтін құрал (транспортир)
6. Бүкіл әлемдік компьютерлер арасындағы байланыс (интернет)
7. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы (периметр)
8. Тік бұрышты ұшбұрыш туралы теорема (Пифагор)
9. Таңбалары әр түрлі сандар (қарама - қарсы сандар)
10. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас қалай аталады? (интерфейс)
11. Паскаль тілінде қандай қарапайым операторлар бар? (меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу - шығару операторлары, бос оператор және продцедураларды орындау операторлары жатады)
12. Жиым деген не? (бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны)

ІІ. «Полиглот»
Бұл кезеңде оқушыларға сұрақтар беріледі. Сұрақтың жауабын тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару қажет.
1. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап - книга - book)
2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында
(сызғыш - линейка - ruler)
3. Жиырма төрт батыр,
Бірін - бірі жеп жатыр.
(дойбы - шашки - драгс)
4. Білекті... жығады,
Білімді мыңды жығады.
(бір - один - one)
5. Бізді қоршаған ортадағы мәліметтер тобы
(ақпарат - информация - information)
6. Компьютердің басқару құрылғысы
(тышқан - мышка - mouse)
7.... жылда ел жаңа.
(елу - пятдесять - fifty)

ІІІ. «Ғажайып жетілік»
Математика және информатика пәндері бойынша ұяшықтардың деңгейіне қарай сұрақтар жасырылған. Әр ұяшыққа сәйкес ұпайлары беріледі.
Математика:
10 – Тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр)
20 – Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілдері қандай бұрыш жасайды? (тікбұрыш)
30 – у=х2 функциясының графигі (парабола)
40 – Егер үш пар ат 60км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді? (60км)
Информатика
10 – Паскаль тіліндегі программа қандай түйінді сөзбен басталады?(program)
20 – Арифметикалық өрнек деген не? (арифметикалы және логикалық амал таңбаларымен біріктірілген тұрақтылардың, айнымалылардың, функциялардың жиынтығы)
30 – Арифметикалық цикл деген не? (қайталану саны алдын ала белгілі цикл)
40 – Жиымның қандай параметрлері бар? (типі, өлшемі, көлемі)

ІҮ. «Шешендік өнер»
Оқушыларға екі тақырып беріледі. Әр оқушы сол бойынша өз тұжырымдамасын айтып қорғайды.
1. Компьютердің зияны
2. Компьютердің пайдасы

Ү. «Жорға»
Соңғы қалған екі қатысушыға 10 сұрақтан қойылады. Оқушылар жылдам әрі дұрыс жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
1 - оқушының сұрақтары:
1. Div қандай амал? (бүтін бөлу)
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш (шаршы)
3. Вирустарды жоятын программа (антивирус)
4. Қиылыспайтын түзулер (параллель)
5. шартты соңынан тексеретін цикл операторы (REPEAT)
6. Программа орындалғанда мәндері өзгеріссіз қалатын шамалар (тұрақты)
7. Паскальда түбір астындағы х - тің жазылуы (sqrt(x))
8. Таңдау операторы (case)
9. сипаттау бөлімі қандай түйінді сөзбен басталады?(var)
10. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 400 болса, екіншісі нешеге тең? (1400)

2 - оқушының сұрақтары:
1. Mod қандай амал? (бүтін қалдықты табу)
2. Алгоритмнің қайталанып орындалуы (циклдік алгоритм)
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
4. Компьютердің «миы» (процессор)
5. Алгоритмнің тізбектеле орындалуы (сызықтық алгоритм)
6. Операторлар бөлімі қандай түйінді сөздердің арасына орналасады? (begin, end)
7. 2 санының алты дәрежесі (64)
8. Принтер қандай құрылғы (ақпаратта қағазға басып шығаратын құрылғы)
9. Қазіргі компьютерлер нешінші буынға жатады? (4 - буынға)
10. «Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жер өлшеу)
Қорытындылау, оқушыларды марапаттау
6 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Ғажайып информатика
Ғажайып информатика
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×