Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Антивирустар патшалығына саяхат

11 қараша 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Саяхат сабақ
Тақырыбы: Антивирустар патшалығына саяхат (презентациясымен)
Армысыздар оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Антивирустар патшалығына саяхат“ деп аталады. Өмірдегі сияқты “компьютер әлемінде” де көп кедергілер кездеседі. Саяхат барысында алдымызда көптеген кедергілер бар. Ол - компьютерлік вирустар. Ал антивирустар патшалығы компьютер әлемін вирустардың жауынгершілік шапқыншылығынан қорғайды, яғни компьютер әлемінің тағына вирустардың отырмауын қамтамасыз етеді. Сіздерге сәттілік тілей отырып саяхатымызды бастайық. Іске сәт!
Проблемалық ситуация
• Балалар, адамдар ауырған сияқты компьютерлер де ауырады, олар көбінесе жұқпалы аурулар сияқты. Бұл ауруларды компьютерлік вирустар деп атайды.
• Қазіргі заманда ел аузынан «Компьютеріме вирус түсті», «компьютерім вирустан ұшып кетті» т.с.с сөздерді естуге болады. Бұл не деген сөз? Компьютерге вирус қайдан түседі? Вирус түссе не істейміз?
Саяхатымызды бастамас бұрын компьютерлік вирустардың анықтамасына тоқталайық.
• Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай - ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады.
Саяхатымызды "Вирустар саябағынан" бастайық
"Вирустар саябағына" қош келдіңіздер!
● Мекендеу ортасына қарай
♦ Файлдық
Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі.
♦ Жүктейтін
Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.
♦ Макровирустар
Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат
файлын ашқанда орындалады.

● Жұмыс логикасы және мақсатына қарай
♦ Ұстауыш - вирустар
♦ Логикалық бомбалар
♦ Құрттар
♦ Троян аттары
● Мақсатына қарай
♦ Бейсауат
♦ Насихатшы
♦ Шантаж жасаушы
♦ Мағынасыз

Вирустың пайда болуынан компьютерде мынандай өзгерістер болады:
• Біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс - әрекеттер істеуі мүмкін:
• кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
• экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар;
• компьютердің баяу жұмыс істеуі.
• жұмыстың тоқталуы
• файлдар мен қапшықтардың жоғалуы.
• файлдардың өлшемдерінің өзгеруі.
• дискіде файлдардың санының кенеттен өзгеруі.
• ОЖ бос орынының өлшемінің кішіреюі
• компьютер жұмысының жаңылысуы.

Вирусты кім жасайды, олар қайдан пайда болады?
• 1 жолы. Оларды білікті бағдарламашылар қызғаныш, кектену, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін.
• 2 жолы Антивирустық бағдарламаларды сатудан ақша табу мақсатынан жазады.

Ал енді осынша вирустың ішінен қалай шығамыз?
Тест тапсырмаларын шешу арқылы вирустар саябағынан шығайық.
1. Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар?
• Компьютерлік вирустар
• Компьютерлік бомбалар
• Программалық вирустар
2. Ішінде вирус табылған программа?
• Емделетін
• Көрінбейтін
• Бүлінген
3. Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?
• 5
• 3
• 2
4. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан жұғатын вирус?
• Файлдық
• Жүктейтін
• Макровирустар
5. Макровирустар....
• Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады
• Операциялық жүйені жүктегенде жұғады
• Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі
6. Жұмыс логикасына және мақсатына қарай?
• Логикалық бомбалар, құрттар, троян аттары, ұстауыш вирустар
• Бейсауат, насихатшы, мағынасыз, шантаж жасаушы
• Жүктейтін, макровирустар
7. Қазіргі кезде шамамен неше вирус түрлері бар?
15 000
10 000
25 000
8. Мақсатына қарай вирустар:
• Логикалық бомбалар, құрттар, троян аттары, ұстауыш вирустар
• Бейсауат, насихатшы, мағынасыз, шантаж жасаушы
• Жүктейтін, макровирустар
9. Қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайды.
• Троян аттары
• Құрттар
• Логикалық бомбалар
10. Программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланатын вирустар?
• Троян аттары
• Ұстауыш - вирустар
• Логикалық бомбалар
Ал жарайсыңдар
балалар, вирустардың шабуылына төтеп бердіңдер. Енді “антивирустардың патшалығына”
саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.

Антивирустар патшалығы
♦ Детектор - программалар – тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.
♦ Доктор - Программалар - немесе “фагтар” вирус жұққан программалармен дискілерді “вирус” әсерін алып тастау, яғни “жұлып алу” арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.
♦ Доктор - Ревизорлар - доктор - программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде “емдеп” бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.
♦ Ревизор - Программалар - да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
♦ Ревизорлар – Олардың міндеті программалардың. Каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін - әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру. Д. Мостов дайындаған прогамма - ревизор ADif жақсы танымал.
♦ Полифагтар. Олардың қызметі - вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы (ауру жұққан) программадан жою. Өте қутты полиграф - сканер И. Данилов құрған Dr. Web (Doctor Web) болып табылады. Ол вирустарды жақса айырып таниды, бірақ оның базасында вирусқа қарсы күресетін құралдар басқа вирусқа қарсы программаларға қарағанда анағұрлым аз. Жалпыға әйгілі полифаг Е. Касперский зертханасы құрған Kaspersky Anti - Virus программасы вирусқа қарсы бірден - бір сенімді программа ретінде бүкіл әлемге әйгілі.
♦ Сүзгі - Программалар - компьютердің оперативтік(жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянда әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.
Вакцина - Программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “жұққан” сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Компьютер әлемін вирустардың жаулап алмауы үшін мынандай тапсырмаларды орындау керек.
Сіздердің мақсаттарыңыз осы бүлінген хатты қалпына келтіру.
1хат.
Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.
2 - хат.
Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текістік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен сала аламын. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады.
Осымен “Антивирустар патшалығына” саяхатымыз аяқталды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 978
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Вирусқа қарсы қауіпсіздік
Вирусқа қарсы қауіпсіздік
антивирустық бағдарлама түрлерін атай алады және оларға сипаттама бере отырып сонымен бірге олардың таралу жолдарын сипаттай алады, антивирустық бағдарлама құралдарымен тексеру туралы есептің нәтижелерін талдай алады.
Антивирустар
Антивирустар
Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрену.
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы №105 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айдана Жансейтова
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Компьютерлік вирустар.
Компьютерлік вирустар.
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×