Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Excel-де формуланы енгізу және көшіру

22 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Класы: 8
Сабақтың тақырыбы: "Excel-де формуланы енгізу және көшіру"
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың Microsoft Excel-дегі формулалар енгізу және көшіру бойынша алған білімдерін тереңдету, қайталау, толықтыру, өмірмен байланыстыру.
2. Өз жұмысында компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану, өз әрекеттерін бағалау және талдау, оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру, өзіндік дамуды жүзеге асыру.
3. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін арттыру, өз ойын ашық айта білуге, ойын жүйелеп жеткізуге тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, слайдтар топтамасы, интербелсенді тақта.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. «Ой қозғау» өткен сабақты еске түсіру. (Оқушылар ортаға шығып емтихандағы сияқты бір-бірден сұрақтарды суырып, ауызша жауап береді)
1. Электронды кесте үшін формула дегеніміз не? Кесте ұяшығына формула енгізу неден басталады?
2. Microsoft Excel-де мәндерді жазу режимінен формулаларды жазу режиміне қалай көшуге болады?
3. Ерекшеленген ұяшық диапазонын қалай көшіруге болады?
4. Кестелік процессорда мәтіндік процессорға қарағанда қандай есептерді шығарған ыңғайлы?
5. Ұяшықтардың абсолют немесе салыстырмалы сілтемелері не үшін қолданылады?
6. Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру қалай орындалады?
7. Автоқосынды қандай қызмет атқарады? Іске қосу үшін не істеу керек?
8. Ұяшыққа функцияларды енгізу қалай жүзеге асады?
9. Формулаларды көшіруді қалай орындауға болады?

ІІІ. «Хронологиялық кесте».(кестені толтыру)
…………………
IV. Практикалық жұмысы.
№1 тапсырма. Төмендегі тапсырманы формула құру арқылы шығарыңыздар.
…………………
№2 тапсырма. Кестедегі амалдарды формула құру арқылы орындаңыздар.
…………………
№3 тапсырма.
…………………
№4 тапсырма. Автоқосынды арқылы есептеңіз.
…………………
№5 тапсырма. Бухгалтерлік есептеу жүргізіңіздер.
…………………
1. Реттік саны
2. Қызметкердің аты-жөні
3. Тариф. ставка
4. Сағат саны
5. 3-ші граф. 18 бөліп, 4 граф. көбейту керек
6. 5-ші граф. 10-ға көбейтіп, 100-ге бөлу керек
7. 5-ші граф. 5-ке көбейтіп, 100-ге бөлу керек
8. 5-ші граф. 1-ге көбейтіп, 100-ге бөлу керек
9. 6-шы, 7-ші, 8-ші граф-ды қосу керек
10. 5-ші графадан 9-шы графаны алып тастау керек.
V. Сабақты бекіту. Тест тапсырмасын орындау.
VІ. Сергіту сәті. Оқушылар баяу музыканың ырғағымен көз жаттығуларын жасайды.
VІІ. Үй тапсырмасы. §28. «Формуланы енгізу және көшіру»
VІІІ. Оқушыларды бағалау.
ІХ. Сабақты аяқтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Формуланы енгізу және көшіру
Формуланы енгізу және көшіру
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында №1 жалпы орта мектеп-интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу
Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу
Қарағанды қаласы,Қазыбек би ауданы, №21 негізгі мектеп мұғалімі Нурмаганбетов Талгат Сабитович
Формуланы енгізу және көшіру
Формуланы енгізу және көшіру
Тараз қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы №45 гимназияның информатика пәні мұғалімі: Шардарбекова М.Б.
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы СЫНЫБЫ: 8 Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кесте элементтері:
Кесте элементтері Жол. Баған. Ұяшық
Кесте элементтері Жол. Баған. Ұяшық
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×